Газеттің 1889 жылғы 1 декабрьдегі 48-санындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мақаласы жармяланады.«Гәзитләрнің ішінде бір тақпақ өлең Құнанбай баласінікі деген халыққа жайылды. Ол өлеңнен байлығы жақсы білініп тұр, бірақ халыққа пайдалы іске жаһат қылғаны білінбейді.
Газеттің 1889 жылғы 1 декабрьдегі 48-санындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мақаласы жармяланады.«Гәзитләрнің ішінде бір тақпақ өлең Құнанбай баласінікі деген халыққа жайылды. Ол өлеңнен байлығы жақсы білініп тұр, бірақ халыққа пайдалы іске жаһат қылғаны білінбейді.
…Біз Ыбырай мырзаның өнерін Құнанбайдан артық деп естіген едік… Артында байлығы һәм келісті болып өлеңге қосылып тұрған соң, өлеңіне муафиқ қылып сөйлесе керек қой деп айтып жатырмын».
Мәшһүр-Жүсіп бұл сөзді, тегінде, Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» деген өлеңі туралы айтқан.
Абай өз әкесі Құнанбайдың байлығы емес, жалпы қазақ байларының тұрмысын суреттегенін Мәшһүр-Жүсіп түсінбеген.
Одан кейін “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады
"Қазақ" газеті (قازاق) — 1918 – 1913 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.