Қазақ әдебиеті сынының тарихы

бет7/9
Дата20.11.2022
өлшемі14,64 Mb.
#159015
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
әдебиет сыны

Әдебиет сынының аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Әдебиет сыны партияның идеоллгиялыққаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Әдеби күштерді ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отыруға тиіс ҚазАПП (1925 — 1932) ұйымына он шақты ғана жазушы мүше болып, қалғандары идеялық тұрғыдан сыналып, саяси қуғынға ұшырады. Соңы 1929 ж. қазақ қаламгерлері көпшілігінің жазықсыз жазалануларына ұласты. 

Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды.

“Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғасырдағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. қуғындалды. 

Тоқырауға ұшыраған қазақ әдебиет сыны 1955 ж. республика басшылығы ауысып, идеологиялық солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ әдеби сынын жаңа биіктерге көтерді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет