Қазақ әдебиеті сынының тарихы



бет9/9
Дата20.11.2022
өлшемі14,64 Mb.
#159015
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
әдебиет сыны

СӘКЕНДІ АТҚЫЗҒАН СЫНШЫ Сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы репрессия кезінде қаншама арыстарымыздан айрылсақ, арақтан да сонша таланттарымыздан айрылдық.Екеуінде де өзіміз кінәліміз. Мысалы, Сәкен Сейфуллинді сонау Мәскеуден бұйрық болып, ұстаған жоқ, халық жауы деп жала жауып, көрсеткен өз жазушымыз екен. 1989 жылы-ау деймін, Қазақ тілі қоғамының алғашқы құрылтайы Алматыда М.Әуезов атындағы драма театрында өткізілді. Арқалықтан мен барғанмын. Негізгі баяндамалар аяқталып, жарыс сөз басталды. Бірінші болып Бауыржан Момышұлы сияқты бетке айтатын әйгілі режиссер Асқар Тоқпанов сөз алды. Бірден тура кетті: «Сәкен Сейфуллинді кім атқанын, кім атқызғанын мына президиумда отырған Әбділда Тәжібаев біледі, бірақ бұл айтпайды.Ол айтпаса, мен айтамын. Сәкенді атқан Иванов, ал атқызған мына отырған Мұханбетжан Қаратаев!» деп, төбеден ұрғандай қойып қалды. Бейне залда бомба жарылғандай болды.Ішімізден тына қалдық. М.Қаратаев қазақтың Белинскийі атанған атақты сыншы, жас сыншылар бәріміз ұстаз тұтатынбыз. Мен де алдынан өтіп, Жазушылар Одағына мүшелікке өтуге рекомендациясын алғанмын. Сөйтіп төбемізге көтеріп жүрген ұлы сыншымыз сондай дегенге сенуіміз қиын болды.Сөйтсе М.Қаратаев Сәкен алашордашыларды «Тар жол, тайғақ кешу» романында жағымды етіп жазған, советке қарсы пиғылмен шығарған басқа да өлеңдері бар деген мағынадағы мақаласын алдымен «Социалистік Қазақстан» газетінде жариялайды. Ол аз болғандай, келесі күні «Казахстанская правда» газетіне бастырып шығартады. Сосын жалаң қылыштар жалаңдап келіп ұстап әкетпей қайтеді. Одан әрі не болды дейсіздер ғой, М.Қаратаевтың жүрегі қысылып, қасында отырған жас сыншы Сағат Әшімбаев оны сүйемелдеп машинасына отырғызып, үйіне апарып салды. Жұма-Назар СОМЖҮРЕК Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет