Сабақтың тақырыбы : Антонимдер



Дата24.04.2017
өлшемі51,28 Kb.
#15178
түріСабақ
№1 Алға мектеп - бақша

Ашық сабақ

Тақырыбы: Антонимдер

Өткізген Кдыралиева И

Алға қаласы, 2016-2017 ж

Сабақтың тақырыбы : Антонимдер

Сабақтың білімділік мақсаты: өтілген материалдарды еске түсіріп,қайта жаңғырту,жаңа тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре отырып,жаңа тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне қорыттыру,тақырыпты саналы түрде меңгерту

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алу қабілетін,ойлауы мен зейінін дамыту,білім-білік дағдылар қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік эстетикалық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:Абай өлеңі жазылған плакат.тест сұрақтары, «Антонимдердің жасалу туралы» атты сызба,мақал-мәтелдер,жұмбақтар,перфокарта,бағалау парағы.

Сабақтың өтілу алгоритмі:

1-кезең:Ұйымдастыру кезеңі.

а)психологиялық дайындық

2-кезең: үй тапсырмасын сұрау

а)Ой ашу.Тест сұрақтары.

3-кезең: Жаңа сабақ

а) Ойын: «Сыңарын тап».

4-кезең:Тірек кестемен жұмыс.

5-кезең: Оқулықпен жұмыс

6-кезең: Сергіту сәті.

7-кезең:Сабақты бекіту

8-кезең.Үйге тапсырма

9-кезең. Бағалау парағы арқылы бағалау

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)(психологиялық дайындық)

2. Үй тапсырмасын сұрау

(өткен сабақтар бойынша сұрақтар)

3 топқа 3 түрлі сұрақтарын ұсынамын.

1.Етістіктерден болған синонимді көрсет.

А) амандасу,есендесу,сәлемдесу

Ә) ажар,көрік,кескін

Б) пішін,жылдам,есендесу

2.Берілген тіркестер құрамындағы «терең» сөзінің тура мағынада тұрғанын көрсет

А) терең білім

Ә) терең сезім

Б) терең құдық

3. «Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады» деген мақалда ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіздер.

А) тауып


Б) қауып

Б) білген

4. «Күннің көзі» дегендегі көз қандай мағынада қолданылып тұр?

А) тұспал мағынада

Ә)а уыспалы мағынада

Б) тура мағынада

4. Жаңа сабақ:

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алыс –жақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз –жарым болмаса анда-санда

Жазып болған соң,өлеңді дауыстап бір оқушы оқиды.



  • Балалар бұл кімнің өлеңі?

  • Абай туралы не білеміз?

  • Оқушылар сыныбымыз Абай-Шәкәрім оқуына дайындықты бастады

  • Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?1оқушы Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа оқиды.Осы сұрақтарға жауап алған соң,өлеңнен мағынасы бір-біріне қарама –қарсы болып тұрған сөздерді тапқызамын.

  • (Дос-дұшпан,алыс –жақын)

  • Тағы қандай мағыналары бір-біріне қарама –қарсы сөздерді білесіңдер?

Ойын: «Сыңарын тап» доппен ойналады. (оқушылар мұғалім айтқан сөздердің сыңарларын табады) ыстық-суық,шашу-жинау,алыс –жақын,күн –түн,биік -аласа.

Олай болса,бүгінгі сабағымызды «Антонимдер» берілген сөздерді оқытып,ережені оқушыларға қорытамын.

5.Дәптермен жұмыс.

5 антоним сөз жаздырту.



  • Балалар қазақ тілінде неше сөз табы бар? Олай болса,антоним 9сөз табының ішінде сын есім,зат есім,үстеу,етістік,есімдіктерден жасалады.

5.Тірек сызба

Зат есім
Ауыр-

Кең-


Ыстық-

Жас-


Артық-


Сын есім
Озу-

Қону-


Шашу-

Ашу-


кіру

Етістік
Өтірік-

Обал-


Алғыс-

Рахат-


Бақ-

Есімдік
Анау-

Әне-


Осы-

Үстеу
Ерте-

Ақырын-


Жоғары-

Алыс-



6.Оқулықпен жұмыс

7.Үндемес сын жұмысы.

Оқушылар орыстың тарихшы-ғалым Радловтың қазақ балалары туралы,жазған ой-пікірінен үзіндіні оқып,өз беттерінше ішінен антонимдерді табады.

87-жаттығу

Әсем-сүйкімізсіз (ұсқынсыз), тез-баяу(жай),шебер- олақ,зор-әлсіз.

8.Шығармашылық жұмыс.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,антонимдерді тап.

1.Өлі арыстаннан ..... тышқан артық

2.Еріншек егіншіден ..... масақшы озады.

3.Ит үрер жақсыға да,..... да.

9. Сергіту сәті.

Жұмбақтар.

Шешуін тауып,антонимдерді сызу.

Күндіз ізетті, түнде күзетте.

(Есіктің ілгегі)

Асты тігілген ,үсті сөгілген

(қап)


Үйге тапсырма: 88-жаттығу.

Оқушыларды бағалау




Каталог: uploads -> doc -> 1143
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1143 -> Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу
1143 -> Сабақ жабдығы : нота, пульт, домбыра аспабы Сабақ барысы : Ұйымдастыру кезеңі 2 Үй тапсырмасын тексеру
1143 -> Сабақтың тақырыбы: §14. Гольджи жиынтығы және лизосома


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет