Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Атамекен орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Санкибаева Мадина
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова. Жылу
Сабақтың мақсаты: Фариза Оңғарсынова туралы мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын талдау
Сабақтың міндеті: Ана мейірімі жөнінде түсініктерін, ой-ұғымдарын жинақтау. Қазыбек бидің сөздерін еске түсіру, мағынасын ашу
Күтілетін нәтиже: Өлеңді мәнерлеп оқиды. Фариза Оңғарсынова жөнінде мәлімет жинақтайды. Топпен, жұппен, жеке жұмыс жасайды.
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, миға шабуыл, ой қозғау әдістері
Қамтылатын модульдер: 1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. (Диалог әдісі) 2-модуль. Сыни тұрғыдан ойлау (топтық тапсырма кезінде) 3-модуль. Қалыптастырушы бағалау (өзін-өзі бағалау) 5-модуль. Дарынды оқушылармен жұмыс (шағын әңгіме, өлең жазу)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Көңіл күй ахуалы. Бір-біріне мақтау сөздерін айту. Сен мейірімдісің... Сен жақсысың....
Өткен тақырыпты еске түсіру:
Ата-анаға байланысты мақал-мәтел жаттап келуіне көңіл бөлемін. Ізденгендеріне сәйкес марапаттаймын.
-Балалар, одан әрі сабағымыз кезеңдерден өту арқылы жалғастырамыз.
1. «Білу» кезеңі миға шабуыл әдісінен пайдалану. Фариза Оңғарсынова апамыз туралы не білесіңдер?
2. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
3. Біз өткен сабақтарда қайсы шығармасымен таныстық?
Экранға назар аударыңдар, ондағы нақыл сөздерді оқимыз және жұппен жұмыс жасаймыз. Бұл кімнің сөзі? Мағынасын түсінгенімізше айтуға тырысып көрейік.
Құт-берекең- атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың- әкең қымбат
2. «Түсіну» кезеңі
-Балалар, бүгінгі сабақта Фариза Оңғарсынованың «Жылу» өлеңімен танысамыз.Мәнерлеп оқып беру.
Дәптермен жұмыс. Өң- бет, ажар, түс.
Жалғанда- дүниеде
Ғұмыр- өмір
Өлеңнің ұйқасына назар аударайық. Экранда үш түрлі түстегі ұйқас белгілері бар. Осылардың ішінен дұрысын таңдап алайық. Өлеңмен салыстырайық
Сергіту сәті:
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
3. «Қолдану» кезеңі.
-Балалар, алдарыңда әр түрлі стикерлер тұр. Стикері бірдей оқушылар топ құрамыз.
Ал, енді балалар, бұл кезеңде тапсырмалар орындауымыз қажет. Алдымен топ жұмысындағы ережеге бағынамыз. Олар мыналар: 1. Пікір қосу. 2. Мұқият тыңдау. 3. Бір-біріне қолдау көрсету. 4. Спикер ойын жақсы жеткізуіне көмектесу.
1-топ: Өлеңге сүйеніп, сұрақтарға жауап беру
Сұрақтар
|
Берілген сөз
|
Қандай?
|
анам
|
Кімнің?
|
құшағы
|
Қандай?
|
жанары
|
Кімнің?
|
сүті
|
Ненің?
|
нұры
|
2-топ: Сурет бойынша әңгіме құрастыру
3-топ: Анаға қамқоршы болу жөнінде пікірлерін білдіру
4-топ: «Нәрлі» сөзіне мағынасы жуық сөздерді табу
Топтық презентация жасау
4. «Талдау» кезеңі
Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
Ананың сүті туралы не айта аласыңдар?
Ананың сүтін немен салыстыруға болады?
Ананың алақаны қандай?
5. «Жинақтау» кезеңі. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. «Менің анам» тақырыбында эссе жазу. Өлең құрастыру
Сендерге қайсы досыңыздың жазғаны ерекше ұнады? Қандай әсер алдың?
6. «Бағалау» кезеңі
Анасын тыңдамайтын балаға не айтар едіңдер?
«Қазір анасын сыйламайтын балалар көп» деген пікірге қалай қарайсыңдар?
«Өзіңді өзің бағала» Өзіне қоятын бағасын мына критерийге сәйкес айтады:
Өлеңді қаншалықты түсінді?
Ақын жөнінде қаншалықты мәлімет алды?
Сабаққа қалай қатысты?
Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттап келу. Оқулықтан тыс өлеңдерінен бірін таңдауыңа сәйкес жатта.
Рефлексия: Менің көңіл күйім. Әр бір оқушы өзінің көңіл күйін білдіретін белгі қою
Достарыңызбен бөлісу: |