Бағдарламасы «Жас қаламгер»



бет1/3
Дата09.02.2022
өлшемі25,26 Kb.
#131127
түріБағдарламасы
  1   2   3

БҚО Зеленоа ауданы
Новенький ЖОББМ-ң
Бастуыш класс мұғалімі
Жайлиева Д.Е.
Жас қаламгер үйірмесінің бағдарламасы
«Жас қаламгер» үйірмесі 2-3 сынып оқушыларына арналған . Үйірме аптасына
1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабақтарына (шығарма, өлең жазу, мәнерлеп оқу, өлең шумақтарын құрастыру) қызығушылықтарын арттырады. 
Үйірменің оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі, өтірік өлең) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін жан-жақты толығып дамуына ықпал етеді. 
Үйірме сағатында жеке тұлғаны дамытып, өлең шығаруға, шығарма жазуға, мақа-мәтел, жұмбақ құрастыруға қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, шығармашылықтарының еркін дамуына жол ашу көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет