Модульдер және тақырыптар атаулары Сағат саны



Дата19.12.2016
өлшемі277,13 Kb.
#4096
2 сынып

МОДУЛЬДІК – КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР



Модульдер және тақырыптар атаулары

Сағат саны




І тоқсан




1

І модуль. Өткенді қайталау

12 сағат

2

ІІ модуль. Мектепте

9 сағат

3

ІІІ модуль. Күз

6 сағат

4

IV модуль. Менің отбасым

9 сағат







Барлығы: 36 с




ІІ тоқсан




5

V модуль. Адамның дене мүшелері

11 сағат

6

VІ модуль. Менің заттарым

10 сағат

7

VІІ модуль. Қыс

7 сағат







Барлығы: 28 с




ІІІ тоқсан




8

VІІІ модуль. Менің үйім

10 сағат

9

ІX модуль. Азық – түлік

11 сағат

10

X модуль. Уақыт

8 сағат

11

X модуль. Көктем

7 сағат







Барлығы: 36 с




ІV тоқсан







XІІ модуль. Жануарлар әлемінде

11 сағат




XІІІ модуль. Жаз

5 сағат




XІV модуль. Жылдық қайталау сабақтары

16 сағат







Барлығы: 32 с




Қорытынды сабақтар: 4

4+132=136

МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ЖОСПАР

І м о д у л ь

ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Сағат саны

Кіріспе


1-сабақ

Танысу

1сағат

Қайталау сабақтары



2-сабақ

3-сабақ


4-сабақ

5-сабақ


6-сабақ

7-сабақ


8-сабақ

9-сабақ


10-сабақ

11-сабақ


12-сабақ

Ә дыбысы үлкен

Ү дыбысы кішкентай

Ұ дыбысы түсініктері

І дыбысы Есептік

Ө дыбысы сан есімдер

Ы дыбысы Түстер

Ғ дыбысы

Қ дыбысы Ал, бер

Ң дыбысы түсініктері

Һ дыбысы


Ойын сабақ

1сағат

1сағат


1сағат

1сағат


1сағат

1сағат


1сағат

1сағат


1сағат

1сағат


1сағат

Оқушын нені білуі тиіс:

1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білу, сауатты жаза білу.

2. Үндестік заңын меңгеру.

Оқушы нені игеру қажет:

1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды сауатты оқуға және жазуға үйрену.

2. Үндестік заңын, яғни жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрену.

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Танысу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ тіліне тән дыбыстарды терең меңгерту. Айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым әрекеттерін іске асыру.

Тәрбиелік: Қазақ тіліне, пәнге, ұлтқа деген сүйіспеншілік, сыйластық, достық сезімдерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: 1-сыныпта алған білімдерін бекіту. Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.

IV. Жаңа сабақ.

1. «Танысу» тақырыбында әңгіме жүргізу. Осы мақсатта 1-тапсырманы орындау. Сұрақ-жауапты тыңдап, оқыған соң өз мектептері жайлы оқушыларға әңгімелету.

2. 2-тапсырма «оқылым» әрекетін іске асыру мақсатында берілгендіктен, оқушыларды үлгі бойынша сөйлету.

3. «Айтлылым» әрекетін оқушының меңгеруі үшін «Кел, танысайық!» тапсырмасымен жұмыс. Сыныпта жүйелі түрде сөйлеуге баулу.

4. «Жазылым» әрекетініске асыру үшін 4-тапсырманы жазбаша орындату. Танысу тақырыбын жазбаша жұмыспен бекіту. Оқушылардың сауатты жазуын бақылау.

5. Оқушылардың тілдесім әрекетін тыңдау мақсатында 5-тапсырманы оқушыларға ауызша кезек-кезек орындату.

V. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту:

а) сұрақ-жауап жасау;

ә) үлгі бойынша сөйлем үйрету;

б) әдептілікке баулу.

VІ. Үйге тапсырма.



2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ә дыбысының айтылу, жазылу ерекшеліктерін қайталау. Қазақ тіліне тән ә дыбысын жете меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қазақ тіліне ғана тән ә дыбысының оқылу, айтылу, жазылу заңдылықтарын жете түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.



Ә дыбысы туралы мәлімет беру.

Оқушының ана тілінде ә дыбысы туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.

Сөздікпен жұмыс:

- мұғалім бірнеше рет оқиды, түсіндіреді;

- оқушылар мұғалімнен кейін жаңа сөздерді қайталап айтып отырады;

- жаңа сөздерден сөз тіркестері құралады;

- сурет бойынша жұмыс;

- оқылым;

- жазылым.

1. Ә дыбысына байланысты қайталау жұмысын жүргізу.

2. Ә дыбысына берілген сөздермен тақта алдында жұмыс жүргізу. Оқушыларды сауатты, көркем жазуға баулу мақсатын көздеп жұмыс жасау.

3. Оқылым. Мәнерлеп оқуға төселдіру.

4. Тапсырма бойынша әр балаға жеке-жеке тапсырма беру. Олардың әрқайсысына жеке-жеке көмек көрсету. Сұрақ –жауап жасату.

5. Жазылым. 5-тапсырма бойынша жеке жұмыс жасату. Тақта алдында жұмыс жасап, тапсырманы тексеру.

6. Сөйлесім әрекетін жандандыру мақсатында сөйлемдерді оқытып, мағынасын түсіндіру.

7. «Есіңде сақта!» атты тапсырмамен практикалық жұмыс жүргізу. Әр оқушыны қимылын жалғастыра сөйлету тілдесім әрекетіне жетелеу.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

а) ә дыбысна мысалдар айтқызу;

ә) ә дыбысына үш сөзден дәптерлеріне жазғызу;

б) 3-4 оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту;

в) сұрақ-жауап жасау.

V. Үйге тапсырма.



3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ү әрпіне қайталау жасау мақсатында жаттығулар жүргізу арқылы дұрыс оқу және сауатты жазу жолдарын үйрету. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын түсіндіру. Өз беттерімен мысал келтіру жолдарын көрсету. Білімін сараптау мақсатында бақылау жұмысын алу.

Тәрбиелік: Тәрбиелік мақсатта әңгімелесу.

Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөздікпен жұмыс жасау.

1. Сурет бойынша сөздерді оқып, ү дыбысын табу. Осы сөздерді оқушыларға кезекпен тақтаға жаздыру.

2. Жазылым. 2-тапсырма.

3. Жұптық жұмыс. 3-тапсырма. Оқушыларға өз көршілерімен сөйлесуді оқыту. Практикалық жұмыс жасау. Оқушыларды тілдесімге тарту.

4. «Үлкен», «кішкентай» ұғымдармен жұмыс. Сурет бойынша және қосымша кеспе қағаздар арқылы оқушыларға ұғымдарды қайталатып, саналарына бекіту. Практикалық жұмыс жасау.

5. «Есіңде сақта!» атты тапсырмамен оқушыларға практикалық түрде түсіндіру. Оқушыларды сөйлеуге жетелеу. Жолдастарына тапсырма беріп орындату.

6. Сергіту сәті.

7. Сөз диктантын жүргізу.

Жаңа сөздер бойынша диктант.

8. Айтылым. Жұптық жұмыс. 4-тапсырма. Үлгі бойынша әр оқушыға бір суреттен таратып, тілдесім әрекетіне мысалдар айтқызу.

Тақта алдында жұмыс.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

а) сурет бойынша жұмыс, оқу;

ә) ү дыбысына әр оқушыға үш сөзден дәптерлеріне жазғызу;

б) «үлкен», «кішкентай» ұғымдарына мысалдар айтқызу;

в) мәнерлеп оқу сайысын өткізу.

3 сынып

І МОДУЛЬ

Өткенді қайталау

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Сағат саны

Қайталау


1-сабақ

2-сабақ


3-сабақ

4-сабақ


5-сабақ

6-сабақ


7-сабақ

8-сабақ


9-сабақ

10-сабақ


Біздің мектеп

Менің отбасым

Менің киімдерім

Менің заттарым

Қалада. Ауылда

Азық-түлік

Уақыт

Жануарлар әлемінде



Жыл мезгілдері

Ойын сабақ



1 сағат

1 сағат


1 сағат

1 сағат


1 сағат

1 сағат


1 сағат

1 сағат


1 сағат

1 сағат


Оқушын нені білуі тиіс:



дұрыс қолдана білу.

  • Қайда? деген сұраққа саналы түрде жауап бере білу.

Оқушы нені игеруі тиіс:

  • Қайда? деген сұрақты саналы меңгеріп, сөйлесуде орынды қолдану.

  • «Иә,жоқ» сөздерін тілдесімде қолдануды меңгеру.

  • Тақырып бойынша өз ойын басқа біреуге жеткізу.

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Біздің мектеп.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша өз ойын жеткіще білуге жаттықтыру және сұрақты дұрыс түсініп, жауап беруге баулу.

Дамытушылық: Көмекші есімдерді орынды қолдана білуге жаттықтыру, а және ә дыбыстарының айтылуы, жазылуы нормаларын пысықтау.

Тәрбиелік: Мектептің, білімнің өмірдегі, қоршаған ортадағы басты рөлін оқушының санасына берік орнату мақсатында тәрбиелік жұмсытар жүргізу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма.

1. Аталған тақырып бойынша 1-тапсырмадағы сұрақтар арқылы өз сыныбы, мектебі туралы әңгіме.

2. Өткен жылығы Ж.Қалжанованың өлеңін қосымша берілген тапсырма бойынша оқушының қисынды ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында 2-тапсырманы орындау.

3. Күн атауларын, уақыт өлшемдерін еске түсіруарқылы 3-тапсырманы айтылым әрекетінде орындату.

4. Көмекші етістіктерді еске түсіріп, 4-тапсырманы жазбаша орындау.

5. Дауысты а-ә дыбыстарын айтылуда және жазылуда айырту мақсатында екі дыбысқа берілген сөздермен өз бетінше 5-тапсырма бойынша жұмыс жасату, үлгі эталонын ұсыну.



Ү л г і э т а л о н ы

дәптер, әдемі, сәлем, кітап, әже, иә



6. «Иә, жоқ» сөздерін меңгерту мақсатында сұрақ-жауап жасау арқылы 6-тапсырманы орындату.

V. Сабақты бекіту.

VІ. Үйге тапсырма беру.

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өзі, өз отасы туралы айта білуге машықтандыру. 2-сыныпта алған білімдерін жаңғыртып, сөйлесу әрекетіне жетелейтін тіл бірліктерін қолдану арқылы тілдесім әрекетіне баулу.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту.

Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма.

1. Сөздік жұмысын қайталап алып, 1-тапсырмадағы диалог арқылы айтылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы жазбаша да жалғастыруға болады.

2. Оқушылардың тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында 2-тапсырмадағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы жұмыс жасату.

3. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін І және ІІ жақтарда аудармалық жұмыс жасату арқылы айтылым әрекетін шыңдау.

4. 4-тапсырмадағы сұрақ-жауап арқылы оқушыларды сұрақ қоя білу әрекетіне баулу. Әр оқушының өз атасы туралы айтып беруін талап ету.

5. Әдептілік сауаттылығын бекіту мақсатында 5-тапсырманы ауызша орындату. Тапсырманы жеке-жеке әр оқушыға қайталату.

6. Грамматикалық тапсырманы қайталау үшін 6-тапсырманы ауызша және жазбаша орындату. Ережені оқушылардың есіне салып, өздеріне айтқызу.

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 2-сыныпта оқушылардың алған білімдерін бекіту. Ойын арқылы оқушылардың дене мүшелерінің атауларын қайталатып, меңгерту. Ұ және ү әріптерін орынды қолдануды үйрету.

Тәрбиелік: Дене мүшелерін әрқашан таза ұстауларына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу. Тазалық тақырыбына тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. Не істеді? деген сұраққа дұрыс жауап беруге баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма.

1. 1-тапсырмадағы мәтін бойынша айтылым әрекетіне жұмыс жасату. Тапсырманы барлық оқушыларға орындату.

2. ІІ жақта сөйлеп үйрету үшін өзінің досы туралы айтқызу. 2-тапсырманы жұптық түрде орындату.

3. 3-тапсырмадағы аударма мақсатында берілген сөйлемдер арқылы сұраққа жауап бере білу әрекетін жетілдіру үшін жұмыс жасату.

4. Оқушылардың оқылым әрекетін және қисынды ойлау қабілеттерін жандандыру үшін 4-тапсырманы орындату.

5. Жазылым әрекетін 5-тапсырма арқылы жалғастыру. Оқушылардың сөз тіркестерін дұрыс құрау қабілетін ұштау.

6. Оқушылардың тілдесім әрекетін жетілдіру мақсатында 6-тапсырмада берілген сөйлемдерді толықтыру. Үндестік заңын пысықтау.

7. 7-тапсырмадағы сөздерді ұ және ү әріптерін орынды қолдану арқылы сауаттылықты бекіту мақсатында орындату. Тапсырманы бірінші ауызша орындату, кейін жазбаша жұмыс арқылы бекіту. Үлгі эталонын ұсыну.



Ү л г і э т а л о н ы

тұр, мұрын, жүр, құлақ, құлақшын, үлкен, күн



4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің заттарым.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 2-сыныпта оқушылардың алған білімдерін бекіту. Өз заттары туралы саналы айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Заттарын таза және ұқыпты ұстау тақырыбында тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Дамытушылық: Әр заттың не үшін керектігін білу әрі тілдесімде дұрыс пайдалана білуге баулу. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту арқылы ы және і дыбыстарын қолдана білуге машықтандыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма.

1. «Менің заттарым», «Менің оқу құралдарым», «Киімдерім» тақырыптары бойынша айтылым әрекетін жандандыру мақсатында 1-тапсырманы орындату.

2. «Не үшін керек?» сұрағы арқылы ауызша және жазбаша жұмыс жасату. Оқушылардың қисынды айлау қабілетін дамыту.

3. І жіне ІІ жақта сөйлеп жаттығу үшін 3-тапсырмада берілген сөздер бойынша жұптық тапсырма орындату.

4. жазылым әрекетін айтылым және тыңдалым әрекеттерімен ұштастыру. «Кімде не бар?» сұрағына аударма жұмысы арқылы жауаптар талап ету.

5. Үлгі бойынша бір сөзді күрделендіре отырып, сөйлем құратып үйрету мақсатында 5-тапсырманы орындату.

6. Оқылым, айтылым және жазылым әрекеттері барысында ы және і дыбыстарын дұрыс қолдана білу үшін 6-тапсырманы орындату. Үлгі эталонын ұсыну.

Ү л г і э т а л о н ы

киім, ұзын, кітап, сызғыш, кішкентай, өшіргіш



5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қалада. Ауылда.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың 2-сыныпта алған білімдерін бекіту. Саналы түрде аталған тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету.

Тәрбиелік:Оқушыларға тақырып бойынша тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Дамытушылық: Көмекші есімдерді орынды қолдану дағдысын дамыту. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін сөзжұмбақ шешу арқылы жалғастыру.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма.

1. «Сен қайда тұрасың?» сұрағы бойынша тілдесім әрекетін жетілдіру мақсатында 1-тапсырманы жұптық түрде орындату. Әр жалғауға көңіл бөліп, оқушылардың есте сақтау қабілетін жандандыру.

2. Сурет бойынша көмекші есімдермен (үстінде, астында, қасында) ауызша жұмысты практикалық жолмен жалғастыру арқылы айтылым әрекетін дамыту.

3. Үлгі бойынша берілген тапсырманы ауызша, кейін жазбаша орындату. Әр оқушыға жеке-жеке көңіл бөлу.

4. Сұраулық шылаулардың қолдану ережелерінпысықтау мақсатында 4-тапсырманы орындату.

5. ІІ жақта сөйлей білу дағдысын ұштастыру мақсатында 5-тапсырмадағы сөйлемдерді дұрыс аудартылып, айтылым әрекетін жалғастыру.

6. «Бағдаршам» атты сөзжұмбақты сөздерді қазақша аударту арқылы шешкізу. арқылы шешкізу. Өз күшімен сөзжұмбақ жасауға көмек беру.

6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Азық-түлік» тақырыбы бойынша оқушылардың 2-сыныпта алған білімдерін саралау және бекіту. О және ө дыбыстарының айтылуы мен жазылуын пысықтау.

Тәрбиелік: Оқушыларға азық-түлік жайлы тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Дамытушылық: Саналы түрде аталған тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету.

Сұраулық шылауларды орынды қолдана білу дағдысын дамыту.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

1. Аударма жұмыс бойынша азық-түліктің атауларын еске түсіріу арқылы оқылым, айтылым, тыңдалым әрекеттері бойынша жұмыс.

2. «Иә, жоқ» сөздерін орынды, саналы қолдану барысын жалғастыру. Осы мақсатта 2-тапсырманы орындату.

3. Керекті сөздерді пайдаланып, 3-тапсырмадағы сөздерді қосып, сөз тіркестерін дұрыс жасауға баулу мақсатында тапсырманы ауызша және жазбаша орындату.

4. Сурет бойынша оқушылардың есте сақтау қабілетін жандандыру үшін жемістердің атаулары арқылы сөз тіркестерін жасату.

5. Сұрақ-жауап арқылы І және ІІ жақта сөйлеу дағдысын дамыту үшін 5-тапсырманы жұптық түрде орындату.

6. Аз, көп сөздерінің мағынасын аударма арқылы қайталатып, сызба бойынша берілген 6-тапсырманы жазбаша орындату.

7. О және ө дыбыстарының айтылу мен жазылуын пысықтау үшін 7-тапсырмадағы сөздерді ауызша және жазбаша орындату. Үлгі эталонын ұсыну.



Ү л г і э т а л о н ы

Көп, өрік, картоп, төрт, отыз



7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Уақыт.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Уақыт» тақырыбы бойынша оқушылардың 2-сыныпта алған білімдерін саралау және бекіту. Г және ғ дыбыстарының айтылуы мен жазылуын пысықтау.

Тәрбиелік: Оқушыларға уақытты дұрыс пайдалана білу туралы тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Дамытушылық:Саналы түрде аталған тақырып бойынша сұраққа дұрыс жауап бере алуға және сөйлей білу дағдысын дамыту.

Сұраулық шылауларды орынды қолдана білу дағдысын дамыту.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

1. Сызба бойынша айтылым әрекетін іске асыру мақсатында жұмыс жүргізу. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру.

2. Тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында 21-тапсырманы қысқаша әңгіме ретінде ауызша орындату.

3. «Кім қашан қайда барады?» атты сұраққа үлгі бойынша жауап беруге үйрету, зат есімнің жалғауларын дұрыс игеруге ықпал жасау.

4. Оқылым, тыңдалым әрекеттерін Б.С.Қошым-Ноғайдың өлеңімен жүргізу. сан есімдерді дұрыс оқуға, сауатты жаза білуге баулу.

5. 5-тапсырма арқылы тілдесім әрекетін мақсатты түрде жалғастыру үшін орындату. Уақыт өлшемін дұрыс айтуға дағдыландыру,

6. Г және ғ дыбыстарын сауатты, дұрыс, орынды қолдана білуге берілген сөздермен жазбаша жұмыс жасау, үлгі эталонын ұсыну.

Ү л г і э т а л о н ы

Дүкенге, сағат, стадтонға, гүл, үйге, тоғыз.



4 сынып

І модуль

Лексикалық тақырып: Менің Отаным.

Грамматикалық тақырыбы: Үндестік заңы. Буын.

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Сағат саны

Кіріспе

1-сабақ

1. Модуль құрамын түсіндіру

2. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру

3. Сөздік жұмысы

4. Лексикалық тақырып

5. Бекіту


5 мин
10 мин
8 мин

12 мин


10 мин

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

1. Аударма диктант

2. Қазақстанның қалалары

Үш деңгейлік тапсырмалармен жұмыс


10 мин

35 мин


3-сабақ

1. Сөздік жұмысы

2. Қазақстанның қалалары

Үш деңгейлік тапсырмалармен жұмыс


8 мин

37 мин


4-сабақ

Менің туған жерім

Топтық жұмыс



45 мин

Қорытынды

5-сабақ

Нәтиже сабақ

1. Бақылау жұмысы

2. Тест


35 мин

10 мин


Оқушы нені білуі тиіс:

1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білу, сауатты жаза білу.

2. Буын түрлерін ажырата білу, сұрақтарды дұрыс қоя білу.

3. Үндестік заңын білу.



Оқушы нені игеру қажет:

1. Қазақ тілінде сауатты жазуға үйрену.

2. Буын, оның түрлерін ажырата білуге үйрену.

3. Үндестік заңының түрлерін ажырата білуге үйрету.



1-сабақ

Менің Қазақстаным

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІV. Грамматикалық тақырып.

Тақтада тіректі сызба ілулі тұрады.

Мұғалім осы сызба арқылы грамматикалық тақырыпты түсіндіреді.


Үндестік заңы

(закон сингармонизма)





Буын үндестігі (слоговой сингармонизм)

Дыбыс үндестігі

(звуковой сингармонизм)





Жуан

+жуан+жуан оқу+шы+лар



Жіңішке+жіңішке+жіңішке етік-ші+лер

Қатаң б,в,г,д,+қатаң бас+тық...

...к г

...п+деу б

...қ ғ

шелек+і-шелегім кітап+ы-кітабым



тарақ+ы-тарағым



Ұяң (б,в,г,д+ әріптерінен басқа)

+ұяң, үнді ауыл+ға





Буын

(слог)






Ашық

(открытый)

А+ВА

а-та


те-ре-зе

Тұйық

(полузакрытый)

АВ

аң

ән



Бітеу

(закрытый)

ВАВ

жер


бұлт

Ереже: Сөздің айтылуына бөлшектенетін бір толқынды буын деп атайды. Буынның үш түрі бар: ашық, тұйық, бітеу.

V. Сөздік жұмысы.

Отан – Родина елтаңба – греб

Мемлекет – государство әнұран – гимн

Ту – знамя астана – столица

1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару.

2. Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру:

а) мұғалім мәнерлеп оқиды;

ә) оқушылар дауыстап қайталайды;

б) оқушылар тізбектеп оқиды.

Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырма беру. Сөз тіркесін, сөйлемдер құру.

І топ ІІ топ ІІІ топ

Отан ту әнұран

Мемлекет елтаңба астана (елорда)

VІ. Лексикалық тақырып.

Тақтада лексикалық тақырып бойынша тірек сызба берілген. Осы сызба арқылы мұғалім оқушыларға «Менің Отаным» тақырыбы жайында мәлімет береді.


Менің Отаным



Қазақстан



Рәміздері

Елбасы (президент)

Елордасы

(астанасы)





Туы

Әнұраны


елтаңбасы

Нұрсыұтан Әбішұлы Назарбюаев

Астана қаласы

VІІ. Тапсырмалармен жұмыс.



1-тапсырма.Қазақстанның рәміздерін біліп ал.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы, аудар.

Үлгі эталоны

Казахстан

Наша Родина – Казахстан. У Казахстан есть свое знамя, герб, гимн. Президент Республики Казахстан – Нурсултан Назарбаев. Новая столица Казахстана – город Астана.

Астана – молодой город. Казахстан – большое государство.

3-тапсырма.Сөздерді буынға бөліп оқу.

4-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.

Үлгі эталоны

1. Қазақстан – үлкен мемлекет.

2. Қазақстанның елбасы (президенті) – Нұрсұлтан Назарбаев.

3. Қазақстанның елордасы – Астана қаласы.



4. Қазақстанның бұрынғы астанасы – Алиаты қаласы.

5. Астана – жас қала.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет