Сабақтың тақырыбы : «Кітаппен кеңес-білімдімен теңес»



Дата29.01.2018
өлшемі78,88 Kb.
#35773
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: « Кітаппен кеңес-білімдімен теңес»

Мақсаты:Оқушылардың оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ,білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.

Ой өрістерін ,тіл байлықтарын дамыту.

Адамгершілікке ,ұқыптылыққа ,кітапты күтіп ұстай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Тақтаға ілінген нақыл сөздер:

Кітап-ғалым,тілсіз мұғалім.

Білімнің қайнар бұлағы-кітап.

Кітап-өмір ұстазы.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Әнұран


Мұғалімнің кіріспе сөзі.Құрметті ұстаздар! Ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кітаппенен кеңес-білімдімен теңес» атты тәрбие сағатымызды бастайық. Кітап-адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы,ғылым –білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап –адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын ,оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.

1-жүргізуші: Кітап-шебер ұстаз,тілсіз мұғалім.

Кітап-адал пейіл,асыл дос.

Кітап-мұхит,сол мұхиттан не терең?

Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!



2-жүргізуші: Тұмсықтының тамағы

Шоқуменен табылар

Өнер білім дегенің ,

Оқуменен табылар,-деп Ыбырай Алтынарин атамыз айтқандай оқу, білімнің бәрін біз кітаптан аламыз.Кітапсыз өмірімізді елестету мүмкін емес.Адамзат өркениетінің сан ғасырлық мұрасы бізге кітап арқылы жетіп отыр.



1-жүргізуші: Кітапты оқи отырып ,адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен,табиғатпен,адамның еңбегімен,құрбы-құрдастарыңмен танысып,жақсы болуға ,жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы-кітап.

Кітап –қарым қатынастың ,еңбектің ,күрестің құдіретті құралы »Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.



2-жүргізуші: Кітап адам баласы ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.

Енді біз қысқаша кітаптың шығу тарихына тоқталайық.



1жүргізуші: Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша»жазу»,»жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітаптың шығуы мен дамуы жазу өнерінің пайда болуымен және оған қажетті материалдардың табылуымен, сондай-ақ техниканың дамуымен тығыз байланысты болды.

Қуаныш: Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген.Дүние жүзінде тұңғыш кітаптар –еврей еліндегі»таурат» қытай тілінде «конфуция»,араб тіліндегі «құран»,парсы тіліндегі»авеста»,грек тіліндегі «інжу»болған.

Айша: Ежелгі заманда Мысыр мен Шығыс елдерінде, Греция мен Римде кітап қыш тақталарға жазылды: балшықтан арнайы тақтайшалар құйылып, оның жұмсақ бетіне үшкір қаламшалармен жазу жазылады. Онан соң олар кептіріліп ,арнайы пештерде күйдірілді де, белгілі бір ретпен текшеленіп жиналды.

Санжар: Қыш тақтайлардан кейін ежелгі Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап»папирус» деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып , жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды. Сөйтіп орама кітаптар келіп шықты.

Амин: Біздің заманымызға дейінгі ғасырда Кіші Азиядағы Пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазу жазатын жаңа материал әзірледі. Ол сол патшалықтың атымен «пергамент» деп аталды . Сөйтіп «пергаментке» ,яғни жарғақ теріге жазылған кітаптар дүниеге келді.

Арайлым: Біздің заманымыздың ғасырынан бастап қазіргіндей түптелген парақты кітаптар шыға бастады.

И Аружан: Біздің заманымыздың ғасырында тұңғыш рет Қытай елінде қағаз жасалды. Орта ғасырда қолжазба кітап өнері күрт өркендеді.

П Аружан: Кітап басу үрдісі тоқтаусыз жетіле берді .Кітап әрпі жай қолмен емес, автоматты машиналармен терілді. Оның суреттерін де машиналар әзірледі....

2-жүргізуші: Ал енді ғылым мен техника шарықтап дамыған қазіргі кезде кітап басу ісі одан әрі жетіле түсті. Баспалар мен полиграфия комбинатттары компьютерлендірілді.Кітап компьютерде теріліп ,оның сурет сызбалары мен баспа үлгілері бәрі компьютерде әзірленеді.

1-жүргізуші: Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз ,мақал-мәтел , өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.

Қамбар:

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние мүлік

Ақылшы жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой,қазынасы ,өмір көркі.

Аяулым:

Тұрады басын құрап әріп неден ,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз,түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

Қуаныш:

Кітапты оқымайды сыйламаған ,

Білімге жанын жайып қинамаған .

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап тек ақылшы күнде маған.

Ерзат:

Кітаптар бейне жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің

Оқисың кейде жаттап

Көтеріп күйін көңілдің.

Сапна:

Айдын шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көлдерсің

Ауадай қажет бейне бір

Таппасаң нәрін шөлдерсің

Динмухаммед:

Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ одан

Қызыға кеп оқимын

Кітапты көркем жаңадан .

Т Аружан:

Кетпейді ешбір жадымнан

Мектепке бардық күз айы

Тастамай сені жанымнан

Қолтықтап жүрдім ұдайы

Махпал:

Достарға толы маңайым

Татулық тәтті бәрінен

Ерекше сені санаймын

Құшақтап жүрмінмен әлі

Алибек:

Саған білім жемісін

Оқулығың береді

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

Амин:

О,кітап бас иемін мәртебеңе,

Игілік,қазынасың бар адамға

Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

Нұрсұлтан:

Кітап,сен адамзаттың жақын досы?

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы ,өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңде осы.

1-жүргізуші Біз өнерлі , мәдениетті болуымыз керек .Ол үшін кітапты көп оқуымыз керек. Ал кітап қағаз ағаштан жасалады.Ағаш табиғат байлығы .Кітап жасау үшін көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етуде . Оқулықтар бізге тегін беріледі. Оқулықты бүктеп жыртуға болмайды, себебі әрбір кітап ата апаларымыздың еңбегі.

2-жүргізуші:

Енді кітап туралы шағын көрініс.



Оқушы:

Асыл ойдың иесі,бар ғалымның жүйесі

Қуанышты

Көңілдің ,баспалдағы өмірдің

Жан азығым серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап:

Күнде өсіп көңілім,көріктеніп келемін,

Көптің тауып қорегін,кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды ,байқап жүрмін әркімді.



Оқушы:

Әсерлемей,асырмай,айтып берші жасырмай,

Жан азығым ,серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап:

Сені сүймес адам аз

Ақылды көп надан аз

Ондайлардан түңілме

Сені ойлар түбінде

1-жүргізуші: Енді кітап туралы мына ережелерді естен шығармайық.

8-оқушы тақта алдына шығып мына ережелерді айтады.

1.Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.

2.Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.

3.Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады

4.Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме оның бұрыштары жыртылады.

5. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.

6.Кітап беттерін жыртпа ,кітапқа сурет салма ,оған жазба ,кітапқа сиямен де, карындаштармен ешбір белгі салма.

7.Кітапты майыстырып бүктеме ,оның беттері жыртылады.

2-жүргізуші:Енді кітапты оқу ережесімен танысайық.

Кітапты оқу ережесі:

1.Кітапты күнделікті үзбей оқуға дағдылан.

2.Кітапты қалай болса солай оқымай,оларды белгілі бір мақсатпен ,жоспар бойынша оқы.

3.Кітапты оқығанда ойға сақтауға ,керекті сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттен;

4.Кітапты көп оқысаң ,сөз байлығың молайып ,ойлау қабілетің терең болады.

Ержан:

Кітап жинап түптеймін ,жыртылмасын

Мұқабасын бүктеймін қырқылмасын

Таза болсын беттері сызылмасын

Көрген кісі кітабы кір демесін

Тамерлан:

Оқулықты құрметте

Кітап ұста,кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

2-жүргізуші: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады,сондықтан кітапты күтіп ұстау міндетіміз.Енді біз мына көрініске назар аударайы.»Кітап ескірмейді»

Ел аузында мынадай әңгіме бар екен .Бір күні Қожанасыр танысының үйіне келсе ,есік алдында киімдер мен кітаптар үйіліп жатыр екен.

-Кітаптарды есік алдына тастағының не?-дейді Қожа.

-Олар әбден тозған кітаптар.Ескі киімдеріммен бірге өртейін деп жатырмын ,-дейді үй иесі.

Сонда Қожа: Ақымақ-ау киім ескіргенмен ,кітап ескірмейді. Кітаптың сырты тозғанмен ,ішіндегі асыл сөзі тозбайды, - деген екен.

1-жүргізуші: Кітап туралы қандай мақал-мәтелдер , жұмбақтар білеміз?

1.Кітап-білім бұлағы

Білім өмір шырағы

2.Ақыл азбайды

Білім тозбайды.

3.Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге .

4.Оқу білім қазығы

Білім өмір қазығы.

5.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ

Аян:

Ұсынған қойынан

Білімнің үлесін

Шықпайды ойыңнан

Досың ғой білесің

Бұл не? /кітап/

Қабат-қабат қаттама ,

Ақылың болса аттама./кітап/

Енді кішкене сергіп алайық қазақ биі «Сүгір»

Енді оқушылар өздері жасап келген сөзжұмбақ шешейік.



Қорытынды сөз:Ата бабаларымыз «Күш білімде,білім кітапта»,»Кітап- ғажап дос»деп бекер айтпаған.Кітап –шебер ұстаз,тілсіз мұғалім.Кітап –адал пейіл,асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз. Сондықтанда кітаппенен кеңесіп ,білімдімен теңесуіміз керек. Бүгінгі тәрбие сағатымызды кітапты шақырып өз сөзімен аяқтайық!

«Мені халық сүйеді ,құрметтейді.Мен де адамды жақсы көремін. Мен адамға бақытты өмір сүруді үйретемін. Балаларды білімді ,өнерлі болуға баулимын. Ойланыңдаршы ,балалар! Мен сонда кіммін? Мен адамның досымын.Менің атым –кітап. Мен сенің қолыіда тұрмын. Мені жыртпай,күтіп,таза ұста! Мен сенің сенімді досыңмын».

Ашық тәрбие сағаты:

«Кітаппенен кеңес-білімдімен теңес»

Сынып жетекші :

Кибаева Толқын Мухамедовна



2014-2015ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет