Сабақтың тақырыбы : Тұрақты ток заңдарын қайталау. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата19.05.2022
өлшемі28,12 Kb.
#143969
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
0004a74b-4738aa81
Analiticheskoe Myshlenie rus, Бақша шаруашылығы реферат, Кешенді емтихан?а арнал?ан с?РА?тар топыра?тану топыра? профилі,, doc, 0001d1f7-a6348e71, 0010d8c3-e7d593fb, 0001e43b-4ed53e04, 0017a4ca-8a96b4af, 000f4063-7189f0c4 (1), 10 ГЕОМЕТРИЯ %U049AМЖ, 00015dc7-6376e5a7

8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты ток заңдарын қайталау. 
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Тұрақты ток тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету, электр тізбегін құрып, электрлік құралдармен жұмыс жасау қабілеттерін анықтау. Алған білімдерін тиянақтау. 
2) Дамытушылығы: Тұрақты ток заңдылықтарын , формулаларды дұрыс қорытып, сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге пайдалану. 
Тәрбиелілігі: Құралдар мен жұмысын жасау кезінде ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: амперметр, вольтметр, кілт, ток көзі, сымдар, электршамы, кедергілер. 
Дидактикалық материалдар: үлестірмелі материалдар, есептер жинағы. 
Сабақтың түрі: Жинақтау қорытындылау. 
Сабақ барысы: 
I. Ұйымдастыру
. Амандасу, топқа бөлу, сабақ өтуге оқушыларды дайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Бағалау парағын түсіндіру. 
Шартты белгілерді көрсетіп, қай тақырыпқа сай екенін анықтау арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын ашқызып, мақсатын анықтау.
- мына шартты белгілер нені білдіреді?
-Бұл шартты белгілермен қай тақырыпта танысып едік?
Дұрыс айтасыңдар, тұрақты ток тарауы. Біз бұл тарауды толығымен өттік, енді осы тарау бойынша алған білімдерінді қорытындылайық. Балалар, енді бүгінгі сабағымызға мақсат қояйықшы.
Біздің сабағымыздың мақсаты – «Тұрақты ток» тарауы бойынша негізгі түсініктерді қайталап, жалпылау: формулаларды еске түсіру, электр құралдарына сипаттама беру, электр тізбектерінің сұлбаларын ажырату, есептер шығару.
Алдыларыңда білімді бағалау парақтары жатыр. Сабақ барысында топ басшылары әр кезең бойынша дұрыс жауаптар үшін балл қойып отырасыңдар. Сабақтың соңында бағаларды қорытындылаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру. 
Есептерді өзара жұппен тексереді.
ІІІ. Практикалық жұмыс
1. Негізгі физикалық терминдерді және заңдарды қайталау.
Сөйлемді аяқта. (барлық оқушылар орныдарынан орындайды.)
Сіздерге берілген тапсырмаларда сөйлемді аяқтау керек. Бұл тапсырмаға сендерге 5-6 минут беріледі. Уақыт аяқталған соң жауптарын тақтаға шығарамын. Өзара дәптер ауысып тексересіңдер.
Сөйлемді аяқта:

  1. Электр кедергісінің өлшембірлігі… (1 Ом)

  2. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы… (I=U/R)

  3. Қуат жұмыстың ..... қатынасына тең (уақытқа)

  4. Токтың жылулық әсері туралы заңды тұжырымдаған ғалымдар… (Джоуль-Ленц)

  5. Параллель жалғанған өткізгіштердің жалпы кедергісін қалай анықтаймыз? (1/R=1R1+1/R2)

  6. Электр кедергісі өткізгіштің ұзындығына, көлденең қимасының ауданына және .......... тәуелді. (материалдың тегіне)

  7. Электр тогы жұмысының формуласы (A = IUt)

  8. Параллель жалғау кезінде тізбектегі ток күші мәні.....(тармақтардағы ток күштерінің қосындысынаI= I1 + I2)

  9. Ток күшін қлшейтін құрал… (амперметр)

  10. Амперметр тізбекке ....... жалғанады. (тізбектей)

  11. Ток күшінің өлшем бірлігі (ампер)

  12. Өткізгіштің кедергісінің формуласы… (R=ρl/S)

  13. Аттас зарядтар ..… (тебіледі)

  14. Электр тогының қуатының өлшем бірлігі...… (ватт)

  15. Джоуль-Ленц заңының формуласы… (Q = I2Rt)

Оқушылар жұмыстарымен аусып, тексереді. (жұппен жұмыс).


Бағалау: «5» – 12-15 дұрыс жауап,
«4» – 9-11 дұрыс жауап,
«3» – 5-8 дұрыс жауап,
«2» – 4-тен төмендұрыс жауап.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет