Сабақ жоспары:
Сыныбы: 10 «В»
Күні: 17.02.2016.
Сабақтың тақырыбы: 8.11. Конденсаторлардың құрылысы және түрлері.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік- Оқушыларға сабақ барысында конденсаторлар, оның түрлері,
қолданылуы және оның электрсыйымдылығы қандай физикалық
факторларға тәуелді болатыны туралы түсінік бере отырып,
білім дағдысын қалыптастыру;
2) Дамытушылық-Оқушылардың өзбетінше ізденуін, өз ойын дұрыс
тұжырымдай білуге үйрету;
3) Тәрбиелік - Оқушыларға ақыл- ой тәрбиесін беру, ғылыми көзқарастарын
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, слайд, электронды оқулық
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өтілген материалдарға шолу:
1)Өткізгіштің электрсыйымдылығының физикалық мағынасы қандай?
2)Өткізгіштің электрсыйымдылығы дегеніміз не?
3) Өткізгіштің электрсыйымдылығы неге тәуелді?
4)Электрсыйымдылықтың өлшем бірлігі қандай?
5) 1Фарад электрсыйымдылық деп нені түсінеміз?
6) Шардың электрсыйымдылығы неге тең?
ІІІ. Жаңа сабақ (Конденсаторлардың құрылысы және түрлері түсіндіріледі)
ІV. Деңгейлік есептер:
1-деңгей
1. Жердің электрсыйымдылығы неге тең? Жердің радиусы 6400 км.
2. Слюдалы конденсатордың пластинкасының ауданы 36 см2, диэлектрик қабатының қалыңдығы 0,14 см. Егер астарлардағы потенциалдар айырымы 3*102 В, ал слюданың диэлектрлік өтімділігі 6-ға тең болса, онда конденсатордың электрсыйымдылығы мен заряды неге тең?
2-деңгей
1. Егер конденсаторға 3,8 кВ кернеу берілген болса, қалыңдығы 4 мм шыны қабатпен бөлінген жазық конденсатор пластиналарындағы зарядтың беттік тығыздығы неге тең?
2. Конденсатордың пластиналарының жұмыстық ауданын 2 есе азайтса, ал олардың ара қашықтықтарын 3 есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы
неше есе өзгереді?
3-деңгей
1. Жазық конденсатор әрқайсысының ауданы 50 см2 екі пластинадан тұрады. Пластиналар арасында шыны қабаты бар. Өріс кернеулігі 10 МВ/м- ге жеткенде конденсатордың тесілуі шыныда байқалатын болса, осы конденсаторда ең көп дегенде қанша заряд болады?
IV. Эксперименттік тапсырма:
Полиэтилен қапшық, алюминий фольга,изолента, қайшы және жалғағыш сымның екі бөлігі арқылы жазық конденсатор жасап, оның электрсыйымдылығын анықтау
V. Тест сұрақтары:
(Оқушылар 2 нұсқа арқылы тест тапсырмаларын орындайды)
Тест сұрақтары: 1 - нұсқа
1.Потенциалдар айырымы 4 кВ екі нүктенің арасында заряд орын ауыстыру кезінде электр өрісі 100 мкДж жұмыс істеді. Заряд неге тең?
А) 25 нКл; В) 15 нКл; С) 35 нКл; Д) 45 нКл ; Е) 5 нКл
2. Жазық конденсатордың пластиналарының ауданын 2 есе арттырған кезде оның сыйымдылығы неге тең?
А ) 4 есе кемиді; В ) өзгермейді; С) 2 есе артады ; Д) 2 есе кемиді ; Е) 4 есе артады
3. Ішінде диэлектригі бар жазық конденсатордың электрсыйымдылығы:
А ) С=С1+С2; В ) С=4πɛ0r; С ) C=ɛ0S/d; Д ) С1=С1/С2; Е) C=ɛɛ 0S/d
4. Конденсатор сыйымдылығы 64 мкФ, катушка индуктивтілігі 0,16 Гн болатын контурдың циклдік жиілігі неге тең?
А) ≈ 68 рад/с; В)≈ 313 рад/с; С) ≈ 107 рад/с; Д) ≈ 192 рад/с; Е) ≈ 53 рад/с
5. Жазық конденсатордың ауданы 520 см2. Конденсатордың электр сыйымдылығы 46 пФ болу үшін пластина қашықтығы неге тең? ( ɛ=1)
А) 2 см; В) 1 см; С) 100 м; Д) 4,1 м; Е) 5,1 м
Тест сұрақтары: 2- нұсқа
1. Өткізгіштердің әрқайсысында 10 мкКл заряд бар. Олардың арасындағы потенциалдар айырымы 5 В. Жүйенің сыйымдылығы неге тең?
А) 2 Ф; В) 2 мФ; С) 2 мкФ; Д) 2 нФ; Е) 2 пФ
2. Бір пластинканың ауданы 200см2, пластиналар арасында қалыңдығы 1 мм шыны бар конденсатор сыйымдылығы(ɛ=7)
А )6,2 нФ; В )1,24 нФ; С ) 4,2 нФ; Д ) 8,85 нФ; Е) 3,5 нФ
3.20 нКл зарядты потенциалы 100 В нүктеден 600 В нүктеге орын ауыстыру кезінде қандай өріс жұмыс жасайды?
А ) – 40 нДж; В ) 10 мкДж; С) 40 нДж; Д) 6 мкДж; Е) -10 мкДж
4. Өткізгішке екінші өткізгішті жақындатқанда, оның сыйымдылығы қалай өзгереді?
А) кемиді; В) артады; С) бастапқыда артады, содан кейін кемиді; Д) бастапқыда кемиді, содан кейін кемиді; Е) өзгермейді
5. Жазық конденсатордың пластиналар арасына қалыңдығы 0,1 мм слюда қабаты орналастырылады. Элект рсыйымдылығы 1 мкФ болғанда, оның пластиналарының ауданы: ( ɛ=6)
А) 2 м2; В) 2 см2 ; С) 19 см2; Д) 1,9 м2; Е) 0,19 м2
VІ. Үйге тапсырма: 8.11. № 3.128; № 3.132.
VІІ. Оқушыларды бағалау
.
.
Достарыңызбен бөлісу: |