Астана қаласы
№44 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Фольга туралы түсінік. Фольгадан жылан бейнесін жасау
Орындаған: Бидахметова А.С.
2014 – 2015 оқу жылы
Тақырыбы: Фольга туралы түсінік. Фольгадан жылан бейнесін жасау.
Мақсаты: заттарды көз алдарына елестете отырып, жұқа фольгамен жұмыс
жасай білуді үйрету.
Білімділік: фольга материалының қасиеттерімен таныстыру,бұйым жасау
тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық: химияық жолмен алынған материалдарды пайдалану
дағдыларын арттыру, тұрмыстық бұйымдардың маңызы мен
қасиеті туралы ой пікірін кеңейту, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: тұрмыстық бұйымдарды ұқыппен пайдалану, табиғат
байлықтарын қорғай білу, қоршаған ортаны танып білуге
тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақ
Түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Болжамдап отырған нәтиже: фольга материалымен жұмыс түрлерін меңгере
алатын тұлға
Көрнекілігі мен қажетті құрал жабдықтар: жұқа фольга материалы,қайшы, жез
сым, ермексаз, қағаз, біз,сабақ мазмұнын ашатын слайд, ТҚЕ.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ. Сарамандық жұмыс
ІV. Қорытынды
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Бүгінге айтар тілегің.
б) Сабаққа әзірліктерін бақылау.
Өткен сабақта алған білімдерін сұрақ- жауап әдісі арқылы қайталау.
ІІ. Жаңа сабақ. (слайд)
Фольга – аллюминий мен қорғасын металдарының қоспасынан дайындалған материал. Оны зауытта шығарады. Фольганың жұқа және қалыңдау түрлері бар. Фольга қағаз сияқты жеке беттер түрінде де, орама түрінде де шығарылады. Фольга жұмсақ материал және ол тез умаждалады. Умаждалған фольганы тегістеп алуға болады. Ол суға ерімейді, топырақ астында шірімейді және жылуды жақсы өткізеді.
Фольганы радиоэлектроникада, электр жүйесінде, тамақ, дәрі өндірісінде, қорап түрлерін жасауға, құрылыста жылу жүйесіне кеңінен пайдаланылады.
Қалыңдау фольга қағаз, мата материалы сияқты жыртылмайды, оны қолданғанда керекті бөлігін қайшымен қиып алып пайдалану керек.
Фольга қайшымен жақсы қиылады. Оған әртүрлі бедерлі өрнектер жеңіл, жақсы түседі. Фольгадан әртүрлі зергерлік бұйымдар жасауға болады.
Ізі бар, адымы жоқ. (слайд)
(Жылан)
Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорыққан.
(Жылан)
ІІІ. Сарамандық жұмыс.
Жылан бейнесін жасаудағы жұмыс реттілігі түсіндіріледі.
Жылан бейнесін жасау үшін жұқа фольганы пайдаланамыз.Жұқа фольга тез жыртылады және умаждалады. Фольганың бір бөлігін алып, оны қолыңмен қысып, домалақ пішінге келтіреміз. Алақанға салып айналдыра берсеңдер, ол тығыздала түседі. Домалақтардың көлемі әртүрлі болуы тиіс, өйткені жыланның басы үлкендеу болады да, денесі біртіндеп жіңішкере түседі.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру (слайд)
Фольганы аузыңа салма.
Жез сымның ұшын қасыңдағы балаға қаратпа.
Қолданылатын құрал саймандарды ұқыпты ұста.
Бізді пайдаланғанда қолыңа абай бол. Көзіңе жақындатпа.
Жұмыстың орындалу реті: (слайд)
Жез сымды қалаған ұзындықта қиып алып тегісте.
Фольгадан жасалған домалақтарды алдын ала бізбен тесіп ал.
Жез сымның ұшын түйіндеп, оған алдымен кішкентай домалақтарды, содан соң үлкендеу домалақтарды тіз.
Ермексаздан көз, қатырма қағаздан тіл жасап, жыланның басына бекіт.
Дайын болған жыланды әртүрлі қозғалысқа келтіруге болады.
ІV. Сабақты қорытындылау.
V. Оқушылардың жұмысын бағалау.
Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
Оқушылардың фольганың қасиеттеріне байланысты алған білімдері сұрақ жауап
арқылы қорытындылау.
Жұмыс орындарын жинақтау.
VІ. Үйге тапсырма: келесі сабақтағы сарамандық жұмысқа қажетті
материалдарды жинақтап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |