Аурухана мен емханалардың емшара және таңу бөлмелерінің санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар тәртібі. Ерекше стерильді аймақтар туралы түсінік. Ерекше стерильді аймақтарда сақталынатын талаптар
Байлау- таңу бөлмесінің температурасы 18°С-дан төмен болмау керек. Бұл бөлмеде науқастарды таңу үшін стол, құрал-сайман және дәрілер үшін шкаф болады. Құрал-саймандар байлау-таңу бөлмесінің өзінде немесе жанындағы бөлмеде залалсыздандырылады. Бұл бөлме ыстық және суық сумен қамтамасыздандырылады. Бұл бөлме өте жақсы тазалықты керек етеді. Құрал-саймандар және таңу материалы үшін стол операциялық бөлмедегі сияқты етіп қойылады. Құрал-саймандар және таңу материалы корнцангпен алып беріледі. Таңу тек қана аспаптармен жүргізіледі..
Ең алдымен іріңсіз таза жарасы бар науқастарды ең соңында іріңді науқастар байлап таңылады. Жұмыс күнінің аяғында байлау-таңу бөлмесін шүберекпен сүртіп ауасын ультрокүлгін сәулемен тазартады. Үлкен хирургиялық бөлімшелерде таза және іріңді науқастарға арналған екі байлау-таңу бөлмелері болады. Бөлмелер хирургиялық бөлімде кең жақсы желдетілетін болуы тиіс. Бөлмелердегі температура 18°С-дан 20°С-қа дейін болу керек