ТАҢҒЫШТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дезо таңғышы
Крест
тәрізді таңғыш
Гиппократ қалпағы ж/е т.б
Тақиялық
таңғыш (чепец).
Крест тәрізді таңғыш - Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.
- Емделушіні қарап, жарақаттың барына көз жеткізіңіз.
- Жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
- Ені 10-12см болатын бинтті алыңыз.
- Бинтті бастың маңдай бөлігіне салыңыз да, бастың айналасына екі бекітуші айналым жасаңыз.
- Кейін мойынның алдыңғы жағына ауыса отырып, бинтті желкеге қарай түсіріңіз.
- Қарама-қарсы беттен бинтті құлақтың астына жіберіп, бекітуші айналымға ауыса отырып, тағы да желкеге қарай және бастың айналасына жүргізіңіз.
- Бастың айналасында бекітуші айналыммен таңғышты аяқтай отырып, бірнеше айналымдар жасаңыз.
-
Дезо таңғышы - 1 Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
- 2. Қолтық асты ойысына мәрлімен оралған, мақтадан жасалған белдікті салыңыз.
- 3. Науқастың зақымдалған оң қолын шынтақ буынынан түзу бұрышпен бүгіңіз. Білекті кеудеңізге қысыңыз.
- 4. Иықты кеудеге бекіте отырып (1 айналым), кеуде айналасына бекітуші айналым жасаңыз. Сау жағынан ауру жағына қарай дәкелеңіз.
- 5. Бинтті сау жақ қолтық асты аумағынан ауру қолының иығы үстіне дейін жүргізіңіз де, бинтті бірге ала (2 айналым) иықтың артқы жақ бетінен тіке төмен қарай шынтақ астына жіберіңіз.
- 6. Бинтті білек арқылы қиғаш, сау жақ қолтық асты ойысына қарай жүргізіңіз.
- 7. Бинтті бел арқылы қиғаш сау қолтық асты ойысына шынтақты алдынан артқа айнала, бел арқылы ауру иықтың үстінен және иықтың алдыңғы жағымен төмен жүргізіңіз.
- 8. Жақсы бекітілу үшін әрбір 2 және 3 айналымнан кейін 1 айналымды қайталаңыз.
- Ескерту: оң қол зақымдалған кезде – бинтті солдан – оңға, егер сол қол болса, онда оңнан – солға қарай орайды. Егер таңғыш емдік мақсатта салынған болса, ұштары ілмектеліп байланады.
Достарыңызбен бөлісу: |