Кірберісте ерітіндіге малынған кілемше төселеді. Таза таңу бөлмелерінде ол 3 күнде 1 рет, ал іріңді таңу бөлмелерінде ол күнде ауыстырылады. Ауыстырылатын кілемше 30 минутқа ерітіндіге салынады, кір жуатын бөлімге қайнатылуға апарылады. - Кірберісте ерітіндіге малынған кілемше төселеді. Таза таңу бөлмелерінде ол 3 күнде 1 рет, ал іріңді таңу бөлмелерінде ол күнде ауыстырылады. Ауыстырылатын кілемше 30 минутқа ерітіндіге салынады, кір жуатын бөлімге қайнатылуға апарылады.
Таңу бөлмесіндегі ауаны тазалау - Ауаны тазалаудың негізгі әдісі – УК лампаларын қолдану.
- УК сәулеленуді жұмыс алдында 1 сағат бұрын және жұмыс аяқталғаннан кейін 2-3 сағат бойы жүргізеді. Жұмыс уақытында әр 2-3 сағат сайын сыртқа шығып, 10 минутқа лампаларды қосу жөн.
Инструменталды үстелді жаю - Стерильді инструменталды үстелді күнде тазалаудан кейін жаяды.
- Тазалау алдында қолданылмаған құралдарды қолданғандарымен қосып стерилизацияға жібереді.
- Кушеткадағы ақжаймаларды алып, бикске салады және стерилизацияға жібереді.
- Жайылу алдында үстел 2 рет дезинфекцияланады.
- Таңу мейірбикесі қолын жуып, киініп, 4 қабатты етіп үстел жаяды.
- Жеке орамалда пинцеттер, зажимдер, дренажды түтіктерді топтастырып орналастырады. Кюветке көп реттік шприц, инелерді салып, осы орамалдың қалған жартысымен жабады.
- Орамалды артқы жағынан төменгі ақжаймалармен қысқышпен бекітеді. Ал алдыңғы жағынан зажимдер бекітіледі. Алдыңғы бұрыштарын Микулич зажимдері арқылы бекітеді.
ТАҢУ ТӘРТІБІ - «ашық» бинтпен солдан оңға қарай орау керек;
- Дәке орағышын жарақаттанбаған жерден бастап, жараға қарай салу керек;
- Таңу кезінде дәке орағышын бірқалыпты, қыртықсыз тарту керек және таңғыштың келесі қатары алдыңғысының жартысын немесе 2/3 бөлігін жабу керек;
- Таңғыштың бірінші және соңғы қатары бекітуші болғандықтан, дененің немесе аяқ-қолдың жіңішке жерінен оралуы керек;
- Аяқ, қолдың конус тәрізді бөліктеріне таңғышты салу барысында, дәке орағышын бүгіп, салып отыру керек;
- Дәке орағышының ұштарын жараның үстіне немесе дененің бүгілетін бөліктеріне байлап салуға болмайды;
- Таңғышты басқа байлағанда, оның соңғы қатарын маңдай мен шүйде тұсынан өткізеді, қолды таңғанда білектің төменгі 1/3, иық буынын – иықтың жоғарғы 1/3, табанды – балтырдың төменгі1/3 бөлігін айналдыра байлайды.
- Дайын таңғыш өзіне тиесілі міндетін атқару керек (бекіту, иммобилизация, қансырауды тоқтату және т.б)
Достарыңызбен бөлісу: |