- блокадалар;
- пункциялық биопсия;
- операциядан кейінгі тығыз тігілген немесе тампоны, дренажды түтікшелері болатын таза жараларды таңу;
- іріңсіз қуыстар мен буындардың пункциясы;
- іріңді жерлерді ашу;
- плевра эмпимиясы кезінде плевральды қуысқа дренаждың енгізілуі;
- ішегінде немесе асқазанындағы құйымы бар науқастарды таңу.
Таңу бөлмесінің санитариялық-эпидемияға қарсы режим - Таңу бөлмелері таза және іріңді таңуға арналған деп бөлінеді. Олар бөлімнің қарама-қарсы жақтарында орналасуы керек және сәйкес бөлмелерге жалғасу керек.
Таңу бөлмесін ұйымдастыру - Бөлме ішінде каталка еркін қозғала алатындай кең болуы тиіс.
- Ауданы кіші бөлмелерінде столдың орнына қабырға жанында кушетка орналатыруға болады, ал жатқан науқастарды каталка үстінде таңуға болады.
- Бөлмелерде венттиляцияны, фрамуганы немесе торы бар терезелерді қарастыру қажет, кондиционерлік жүйенің болуы лазым.
- Қабырғаларда немесе төбенің астында УК лампалары орналастырылады.
Таңу бөлмесінің қызметкерлері - Таңу бөлмесінде мейірбике немесе санитарка жұмыс жасайды. Санитаркалар саны таңу мейірбикелерінің санымен реттеледі. Таңудың маңызды этаптарын емдеуші дәрігер жүргізеді.
- Жұмыс тазалаудан басталады.
- Инструменталды үстел, жұмыс үстелі, кушеткалар 15 минуттық үзіліспен 2 рет хлораминнің 3% ерітіндісімен немесе кальций гипохлоритінің 1 % ерітіндісімен өңделеді.
- Ағымдық тазалау жұмыс кезінде әр науқастан кейін жүргізіледі.
- Жұмыс аяқталғанда қорытынды тазалау жүргізіледі.
- Айына 1 рет ауаның, қызметкерлер қолдарының, таңу материалының, құралдардың бактериологиялық тексерулері өтеді.
- Таңу бөлмелеріне кіретіндердің барлығы стерильді маска киюі қажет.
- Қызметкерлер күн сайын халаттарын, бас киімдерін және маскаларын ауыстыруы шарт. Осы бөлмелерде жұмыс істемейтін қызметкерлер тек науқаспен немесе көмек керек кезде ғана кіре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |