- Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
- Бинттің бастапқы алдыңғы жағын сол қолыңызға, ал бинттің өзін оң қолыңызға ұстаңыз.
- Маңдай және желке аумағы арқылы бастың айналасына – 1 айналым бекітуші циркулярлы айналым жасаңыз.
- Бинтті желке арқылы иек астына жіберіңіз, ары қарай самай және бас төбесі аумақтарына екі жағынан тіктеп ауысыңыз да, 2ші-айналым бастапқы жағдайға оралыңыз.
- 2ші -айналымды 3-4 рет қайталаңыз.
- Бинтті сол жақтан желкеге қарай түсіріңіз де, ары қарай бекітуші айналымға ауысыңыз.
- Дәкелеуді бастың айналасын бекіту айналымдарымен аяқтаңыз.
- Бастың маңдай бөлігіндегі жарақаттың үстінен бинттің ұшын бекітіңіз.
Тақиялық таңғыш (чепец). - 1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
- 2. Ұзындығы 80см - 1м бинттің кесіндісін дайындаңыз.
- 3. Бинт кесіндісінің ортасын бас төбесіне орналастырыңыз; бинттің ұштарын науқас немесе көмекші ұстайды.
- 4. Бинттің ұштарын төбе арқылы құлақ қалқандарының алдынан жіберіңіз.
- 5. Ені 10см болатын бинтті алып, бастың (1 айналым) – маңдайдың және желкенің айналасынан бекіткіш циркулярлы айналым жасаңыз.
- 6. Бинтті екі айналыммен байламға дейін жеткізіп, желкені және бас төбесін жаба отырып, оның айналасына қиғаш жүргізіп орау.
- 7. Байлам арқылы қарама-қарсы жаққа лақтырыңыз да маңдайды және бас төбесін (3айналым) жаба отырып қиғаш жүргіз.
- 8. Бас сүйегінің күмбезі жабылғанға дейін 2 және 3 айналымдарды қайталаңыз.
- 9. Циркулярлы айналыммен 1-2 рет бекітіңіз.
- 10. Таңғышты иектің астындағы тік ұштармен байланыстыра отырып ораңыз да бинттің ұштарын бір жиекке бекітіңіз.
-
Пайдалынған әдебиеттер: - http://cmc24.ucoz.ru/publ/1-1-0-18
- В.П. Селькова, Г.Ю. Тарасова. «Организация работы перевязочных кабинетов» – «Сестринское дело» журналы, №5, 1996
- http://medwuz.ru/index.php
- http://www.vitaminov.net/rus-nurse_guide-disinfection-antisepsis-10638.html
Достарыңызбен бөлісу: |