Сабақтың ортасы
ІІІ. Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс
6-25 минут
|
(Т) «Суретті құрастыр» ойыны.
Балалар пазлдан «Түлкі», «Ешкі» картиналарын құрастырады.
(Т,Ө) Ойын түріндегі жаттығу: «Миға шабуыл».
1.Мына сурет қай ертегіден алынған? («Түлкі мен ешкі»)
2.Ертегіні кім жазған? Авторы кім? (Қазақтың халық ертегісі)
3.Ертегінің негізгі кейіпкерлері кімдер? Ертегі не жайлы?
4. Ертегіде кейіпкер қандай кейіпте бейнеленген?
5.Түлкі неге ешкіні алдап соқты деп ойлайсыңдар?
6.Қалай ойлайсыңдар,ешкі шұңқырдан өз күшімен шыға ала ма?
7.Оған кім көмектеседі?Сендер ешкіге көмектесер ме едіңдер?
8.Бір-біріңді алдауға немесе ренжіруге бола ма?
(Т,Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Әліппе-альбомдағы үлгіні қарап шығу.
(Ұ,Т,Ө) Жануарлардың өзіне тән ерекшеліктерімен танысу (денесі,басы,сирағы,құйрылы)
Мүсінші Ермек: Өздерің сомдайтын ертегі кейіпкерін таңдап алыңдар. Есіңе түсіріп көрші, ертегідегі кейіпкердің қандай қасиеттері бар еді?
(Ұ) Үлгілерді көрсету.
(Ұ) «Болады-болмайды» ойыны. Ермексазбен және кескішпен жұмыс істеу тәртібін ортаға салу,балалар ережелерді талқылайды және түсіндіреді.
1.Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді, киімді бүлдірмеу,арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу, ермексазды ауызға салмау.
2.Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай болу; құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері сермеуге болмайды – бұл басқа біреуді жарақаттауы мүмкін.
3.Ермексазбен (сазбалшықпен) жқмыс істегеннен кейін жқмыс орнын реттеу; тақтайшаны ермексаздан (сазбалшықтан) тазартып, үстелді дымқыл шүберекпен сүрту.
4.Жұмысты аяқталғаннан кейін қолды қағаз майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе майлықпен құрғатып сүртеміз.
(Ұ,Ө) «Мұсіндеу алгоритмін түсіндіру және көрсету»
Мүсіндеуге дайындық жасаңдар.
1.Сарғылт түсті ермексаздан бір шар домалатыңдар. Одан мүсінніңбасын жасайсыңдар. Содан соң денесі мен құйрығына екі қысқа сопақша жасаңдар. Алдыңғы сирақтарына арнап екі ұзын және жіңішке сопақша, артқы аяқтарына арнап екі ұзын әрі жуандау сопақша дайындаңдар.
2.Түлкінің дене мүшелерін жасаңдар. Алдымен басынан бастаған жөн. Шаршы алып, тұмсығының тұсын бас бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен алға қарай созыңдар. Дәл осындай әдіспен құлақтарын жасаңдар. Аяқтарының төменгі жағы жіңішкелеу болғаны жөн.Денесіне арналған сопақшаның бір шетін созып, түлкінің мойнын жасаңдар. Артқы жағын домалатып, құйрығын бекітіңдер.
(Ұ,Ө) Ой қорыту.
Жануардың дене мүшелері көлемі жағынан бір-бірімен үйлесімді болғаны жөн.
-Бөлшектерді қандай тәсілмен бекітеміз? (Жағу арқылы)
(Ұ)Саусақтарға арналған жаттығу:
«Саусақтарға қонаққа барғанда»
(Ө)Өзіндік жұмыс.
Балаларға жеке-жеке көмек көрсетіп отыру.
(Ұ,Ө) «Шығармашылық минуты».
«Түлкі және ешкі» ертегісін сахналау.
|
Құрастыруға арналған суретті пазлдар (түлкі,ешкі)
Әліппе-альбом
Әліппе-альбом
Әліппе-альбом
Түрлі түсті ермексаз,кескіш, тақтайша,қағаз майлық.
Сахналауға арналған қондырғылар
|
Сабақтың соңы Рефлексия
26-30 минут
|
(Ұ,Т)Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап,бұйымдарды баға беруге шақырады.
Ермек балаларға сабақта өзі жасаған жұмысқа баға беруді ұсынады:
1.Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен бояйды;
2.Қиналғандар қызыл түспен бояйды;
|
Балалардың жұмысына арналған стенд
Әліппе-альбом, қарандаштар
|
Әлсіздеу балаларға жеке-жеке көмектесу қажет ( әдістерді көрсетіп беру және жұмыстың жекелеген кезеңдеріне тоқталу);
Барынша қабілетті балаларға шығармашылық жұмыс кезінде өзін көрсетуге мүмкіндік беру арқылы;
Жұмысты өз бетінше толықтырып,жақсартуға мүмкіндік беру.
|
Топтағы балалардың жұмысына, олардың өзіңдік жұмыстарын бақылау арқылы.
|
«Өзін-өзі тану»пәнімен «Қатынас» білім беру саласы бойыншақоршаған ортамен таныстыру.
Құндылықтар: аңыз-әңгімелермен ертегілер арқылырухани адамгершілік қасиеттерін дамыту.
|