Сабақтың кезені/ уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу
Шаттық шеңбері: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ қою:
1.3D редакторының мүмкіндіктерін қалай сипаттауға болады?
2.Күнделікті пайдаланатын заттардың, көліктер мен ғимараттардың кескінін алдын ала жобалауда компьютер қаншалықты қажет?
|
Оқушылар сәлемдеседі
Оқушылар сұраққа жауап береді
|
Ауызша мадақтау, ынталанды
ру.
|
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыппен танысу
3D – модельдеудің ең алғашқы кезеңі және ең негізгісі, бұл барлық фигураларды нақтылау (детализация). Бұл кезеңде барлық фигуралар мұқият тексеріледі. Осы кезеңде дайындалған фигуралар 3D модель деп аталады.
Талдау
SketchUp программасының терезесіндегі құралдарды қалай топтастырған болар едіңдер? Талқылаңдар. Программаның негізгі құралдарының қызметін түсіндіріңдер.
Жинақтау
2D графикада берілген суреттерді қағазға 3D графикаға өзгертіп салыңдар (Оқулықта 10-шы, 11-суреттер).
Тапсырма
Суреттегі 3D модельдердің жалпы көлемін есептеп шығар (Оқулықтағы 12-ші, 13-суреттер).
|
SketchUp программасында пайдаланылатын негізгі құралдармен танысады
Өзара талқылап карточкаға жауаптарын жазады
«Баспалдақ» моделін құрастырады
|
Қалыптастырушы бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспайды, бұл ретте 1-3 балл төменгі деңгей критерийлеріне сәйкес келеді, 4-7 балл – орта деңгей, 8-10 балл – жоғары деңгей.
|
Интербелсенді тақта /компьютер
Карточка
Оқулық
|
Сабақтың соңы
|
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «+; - ; қызықты» әдісі.
/стикер/ Оқушылар бір жағында(+)белгісі бар, осы тақырып бойынша түсінгенін жазады, келесі бетінде (-) белгісі, осы тақырып бойынша не түсініксіз болғанын жазады, және осы сабақта ұнаған тапсырма, әдістерді жазады
|
Өзін-өзі бағалау.
|
|
Стикерлер
|
Үйге тапсырма
|
Төменде берілген жоба тақырыптарының біреуін таңдап, орында:
1 3D графикаға арналған программалар Зерттеу жобасы
2 3D форматтағы кинофильмдер мен мультфильмдер
Ақпараттық жоба
3 2D және 3D технологияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары Зерттеу жобасы
|
|
|
|