Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі48,77 Kb.
#31665
түріСабақ
Жұбанышева Гүлнар

Алматы қаласы

Ғ.Мүсірепов атындағы

№86 мектеп-гимназиясы

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ондықтап аттап 4 санын қосу,азайтуды тереңірек

түсіндіру,білім-білік дағдысын кеңейту,тереңдету.



Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын,пәнге қызығушылығын,таным

қабілетін,зейіндерін,белсенділіктерін,логикалық ойлау қабілетін дамыту.



Тәрбиелік мәні: Оқытудың өмірмен байланысын нығайту.өз бетімен жұмыс жасауға төселдіру.татулыққа, тапқырдыққа,белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: проблемалық іздену,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: АКТ

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы назарын сабаққа аудару. Қажет құралдарын алдыру.



ІІ. Психологиялық дайындық

Күздің күні терезеден,

Бізге,міне, тұр қарап .

Сондай жақсы көңіл-күймен

Басталады бұл сабақ .

Мұғалім :

Дұрыс айтасыңдар

Математика ғылымы-бұл ермек емес

Математика ғылымы-көрегендік пен даналық дей отырып,математика сабағымызды бастаймыз.

Бір сәт терезеге назар салайық.Не байқадыңдар ?

Күздің ерекшеліктерін атаңдар.

Күзде қандай еңбек істелінеді ?

Бізде өз үлесімізді қосып,еңбек етеміз.

Біздің еңбегіміз не ?

Оқу,есеп шығару .

Дұрыс.


ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру

Күзгі табиғатты тамашалау

Сұрақтарға жауап беру .

1. 3санының қосу кестссін айт

2. 90мин.= сағ мин, 1сағ = мин

3. Уақыт бірліктерін ата .

4. 42 санының разрядтық бірлігін ата.

5. 56 санын разрядтық қосылғышқа жікте .

6. 8ондық пен 1 ондықтың қосындысы қанша ?

Балалар, міне, бәріміз күз кереметін тамашаладық .



ІV. Жаңа сабақ

4санын қосу және азайту

Дәптерге күн ретін,көркем жазуды жазу.

4 санының қосу,азайту кестесін жатқа сұрау.

4+4=8 8-4=4

5+4=9 9-5=4

6+4=10 10-4=6
Мұғалім

Балалар 4 санына байланысты қандай ұғымдар бар.

4 түлік, 4 тұс ,4 мезгіл

Мұғалім:

4санын қосу, азайтуды шаршы арқылы түсіндіру .






























(7+3)+1=11
































(11-1)-3=4



1-тапсырма.Күзгі бақты тамашалау:

4 санын қосу, азайтудан оқушылар тақтаға жазып, шығарып түсіндіреді.

8+4= 12-4= 9+4= 12-4=
ІІ-тапсырма«Кім алғыр?» ойыны. 4, 7, 11 сандарынан теңдік құру.

4+7=11 11-4=7

7+4=11 11-7=4

2-тапсырма. Егіс алқабын тамашалау:

Өздік жұмыс

Оқушылар өз бетімен тапсырманы орындайды,тек шыққан мәнін айтады.

1.8бен 2сандарының қосындысына 2-ні қосу

2.12 мен 2 сандарының айырмасынан 2-ні азайту

3.9бен 1сандарының қосындысына 3-ті қосу

4.3пен 3сандарының айырмасынан 1-ді азайту

V.Сергіту сәті

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан,алуан жапырақ

Көз тартады күлімдеп .

Ой, алақай, тамаша.

Шашу шашып жапырақ.



3-тапсырма. Аңдардың қысқа дайындығы

Есепті оқу,мағынасын шешу,өмірмен байланыстыру,шартын,шешуін жазу.

Автобуста 26 жолаушы болды.1-ші аялдамадан 6 жолаушы, 2-ші аялдамадан 4 жолаушы мінді.Автобуста енді неше жолаушы болды.

Бар еді- 26 жолаушы

Түсті-6 жолаушы

Мінді-4 жолаушы

Болды- ? жолаушы

Шешуі: 26-6+4=24

Жауабы:автобуста 24 жолаушы болды.

4-тапсырма. Ауламызды жапырақтан тазарту

Қосындының мәнін табу ауызша

9+3 12-3

19+3 22+3

29+3 32-3

39+3 42-3

49+3 52-3

59+3 62-3

69+3 72-3

79+3 82-3

89+3 92-3

VІ.Қорыту :

Балалар, бүгінгі сабақта не білдік?Не үйрендік?



4санының қосу,азайту кестесін жатқа сұрау.

VІІ.Үйге тапсырма 5есеп шығару

VІІІ. Бағалау

Жинаған жапырақтарды санау .Қай қатардың көп еңбектенгенін айту, жеке оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет