Күні: 30.01.16
|
Пәні: қазақ әдебиеті
|
Сыныбы: 10 «А»
|
Сабақтың тақырыбы
|
Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
|
Сабақтың мақсаты
|
Ақынның жан-жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар, жағдайлар жөнінде айтып, бүгінгімен тоғыстыру.
|
Міндеттері
|
• ақын қара сөздерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу.
• оқушыларды өз беттерінше әрекет етуге үйрету, өз ойларын бөлісіп, пікірлерін қорғай білу дағдыларын дамыту;
• оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін, дербестігін, көңілін, еңбексүйгіштігін дамыту;
|
Сабақ түрі
|
Шығармашылық ізденіс сабағы
|
Модульдер
|
Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, бағалау, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту
|
Оқыту әдістері
|
Сұрақ-жауап, топтық, шығармашылық жұмыс, талдау, жұптық жұмыстар.
|
Күтілетін нәтижелер
|
- Оқушылар өзінше ой қорытатын болады
- Шығармашылық жұмыс арқылы таным-түсініктері дамиды.
- Оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады
|
Стратегиялар
|
«FILA» кестесі, «ПОПС» формуласы, «Венн» диаграммасы
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, өзін – өзі тану
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
|
Тәлім сәті:
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір ісің?
Әрбір сөзің?
Сыныпты Абайдың қарасөздерінің тақырыптары жағынан топтастырамын.
|
Туысым, досым, жұрағат
Үйрену, ұғу, ұлағат
Тірлік, тірек, адамдық
Шындық, бірлік, адалдық
І топ. Ыстық қайрат.
ІІ топ.Нұрлы ақыл.
|
Қызығушылықты
ояту 3 минут
|
Аудио кітаптан қара сөзді тыңдатамын
|
Оқушылар нешінші сөз екенін табады
|
Білу
5 минут
|
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын басшылыққа ала отырып Абайдың қарасөздерінен білетіндіктерін сұраймын.
|
Оқушылар білетін қарасөздерін үш тілде жеткізеді.
|
Түсіну
10 минут
|
Тапсырмаларды орындау
«FILA» кестесін қолдану.
Топтарға қара сөздердегі көрікті ойлар, түйін, мәңгілік ел болуға байланысты тұжырым жасауды тапсыру.
|
Кітаппен жұмыс
Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларды оқиды.
І топ.
Берілген 33-сөзінің түйінін тауып оқыңдар.
Дәптермен жұмыс.
ІІ топ.
Абайдың тек афоризмнен тұратын 37 - сөзін дәптерге түсіру, мағынасын ауызша түсіндіру.
Өмірмен байланыс.
1. Берілген нақыл сөзді қандай мақал - мәтелмен байланыстыра айта аласың?
2. Осы нақылға деген өмірлік көзқарасың қандай?
«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».
«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».
«Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл».
|
Қолдану
10минут
|
Дескриптор құру арқылы оқушыларға қорғаған постерлерін бағалауды тапсырады.
|
Түсінгендерін постерге салып , ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар талап бойынша бағалайды.
|
Талдау
5 минут
|
«ПОПС формуласы» арқылы ақын қарасөздеріне тұжырым жасайды
«Менің ойымша..»
«Мен оны былай түсіндіремін..»
«Мына фактілермен түсіндіре аламын..»
«Мен мынадай шешімге келдім..»
|
Әр топ қара сөздерді мысалдармен дәлелдейді
|
|