Сабақтың тақырыбы: Алфавит. Сабақтың мақ с аты : Әліппеден өткен дыбыстар мен әріптерді



Дата24.04.2017
өлшемі48,84 Kb.
#14775
түріСабақ
4) Әліппе. Ойын сабақ.

1сынып.


Сабақтың тақырыбы: Алфавит.

Сабақтың мақсаты: 1. Әліппеден өткен дыбыстар мен әріптерді

қайталай отырып,оқушыларға алфавит туралы

түсінік беру.

2. Әріптердің айтылуына,оқылуына, жазылуына

назар аударту арқылы тіл байлығын, ой өрісін

байқау, бетінше жұмыс істеуге баулу,

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3 .Ойлау қабілетін, еске сақтау дағдыларын

қалыптастыра отырып, жылдамдыққа,

ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Білімді тиянақтау, жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Қалталы полотно, кеспе буындар, фишкалар,

әртүрлі ойындарға арналған суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру: Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық: Балалар бір-біріне мадақ сөз бен тілектерін

білдіреді.

а/ Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Телефон»ойынын ойнаймыз:

1. Біз әліппеден нені үйрендік?

2. Әріптер қалай жазылады?

3. Бас әріппен қандай сөздер жазылады?

4. Буыннан не құралады?

Қазір қалталы полотнодан «Жоғалған буын» ойынын ойнаймыз. Оқушылар керекті буындарды ауызша өздері іздеп табады.

Қа-..., та-..., ба-..., ар-...,

2. Мұғалімнің үй тапсырмасын бекітуі:

Балалар, біз әліппеден дыбыстарды, әріптерді үйрендік. Дыбыстардан

буын, буыннан сөз құрауды білеміз. Алдағы уақытта қазақ тілін оқимыз.

Сонда сөз, сөйлем туралы ұғымдар аламыз. Сол кезде сөздерден сөйлем

құрауды да үйренеміз.

Балалар біздің бүгінгі сабағымызға «Дымбілмес» қонаққа келіп отыр.

Тақтаға Дымбілместің суретін іліп қоямын.

«Дымбілмес қонақта» ойыны арқылы жаңа сабағымызды бастаймыз.

Балалар «Дымбілмес» қонаққа босқа келмепті, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбында хабарлай келіпті.

Сабақтың тақырыбы «Алфавит» деп аталады. «Дымбілмес» бізден алфавит дегеніміз не, алфавиттегі әріптер қалай орналасады, оларды қалай
айтамыз сол жайында білгісі келеді.. Біз «Дымбілмеске «үйрете отырып

өзімізде оқып үйренеміз.

Алфавит туралы кім қандай өлең, тақпақтар біледі?

Оқушылардың алфавит туралы жаттаған тақпақтарын айтқызу.

Мұғалімнің сөзі: Ия, балалар алфавиттің өзіндік сыры мен мәні бар екен.

Олар өздері біліп орналаса бермейді, тек белгіленген тәртіп бойынша ғана орналасады.Олар өздері біліп орналаспайды., алфавиттік заңға бағынады

1. Қалталы полотноға әріптерді орналастыру.

2. Алфавитпен таныстыру.

3. Алфавитті айтылуы бойынша жатқа айтып беру.

4. Оқушыларға хормен айтқызу.

4. «Үндемес» ойыны арқылы сөздік диктант жаздырту.

Қала, балапан,, апта, сынып , дос, ауыл, бала.

Жазылған сөздік диктантты тексеру, қорытынды жасау.
Балалар дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дыбыстар дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді.


«Мен қай үйде тұрамын?» ойынын ойнау арқылы сөздерді өз үйлеріне орналастыру керек.

Бақа, аспан, қоян, айна.

1-қатар: дауыссыз дыбыстарды өз үйлеріне орналастыруы қажет.

2-қатар: сөзде қанша дауысты дыбыс бар екенін анықтап,

оларды өз үйлеріне орналастыру..
5. Магнитофоннан »Қошақаным» әнін тыңдата отырып, тақтада жазылған

сөйлемдерді көшіртіп жаздырту.

Қыс келді. Күн суыта бастады. Аяз күшейді. Өзенге мұз қатты.

Жазылған сөйлемдерін тексеріп, ауызша бағалау.

6. «Ұйқасын тап» ойыны арқылы өлеңдегі керекті сөздерді ауызша табу.


        1. Өзінше ноян,

Қорқақ кім? ... /қоян/

        1. Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді... /шымшық/

        1. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен ... /кірпі/

«Кім жылдам» ойыны арқылы тақтада жазылып тұрған тақпақты жаттату.

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат нәр береді!

Қысқаша сұрақтар арқылы білімдерін тексереміз:


  1. Біз қай республикада тұрамыз?

  2. Біздің Елбасымыз кім?

  3. Біз қандай елміз?

  4. Қандай белгілеріміз бар?

а/Тақтадағы өлеңді өзім бір рет оқып беремін.

б/Өздеріне іштей оқытамын.

в/ Қатарлар бойынша оқытамын.

г/ Жатқа сұраймын.

6..Жаңа сабақты бекіту: Балалар «Дымбілмес» тағы бір хат ұсынып тұр.

/Ол хатты өзім аламын/

Дымбілмес сендерден бүгінгі сабақта нені үйрендік, нені білдік деп сұрайды.Сабақта сендерге не ұнады соны білгім келеді дейді?

Балалар сабақ үстінде өздеріне ұнаған кезеңдерді атап айтады.

Оқушыларға ойын сабақ ұнаған екен.



7. Үйге тапсырма: Алфавитті жаттап келу.

8. Оқушы білімін фишкалармен бағалау
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет