КАЛИЕВ Қ.А.
Тарих пәні оқытушысы, санаты-екінші
КМҚК «Құрылыс колледжі», Семей қаласы
1.Ашық сабақтар:
1.1.Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі
1.2.Қытай Халық Республикасы
1.3.Солтүстік және Оңтүстік Еуропа елдері
2.Әдістемелік баяндамалар:
2.1.«Қазақстан тарихын оқытуда дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, білім берудің негізін қалыптастырудың жолдары»
Сабақтың тақырыбы: «Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі»
Сабақ мақсаты: Өткендерді пысықтай отырып, жаңа сабақ тақырыбын тарихи оқиға желісін жан-жақтылы түсіндіру.
Білімділік мақсаты: 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкеірісінің себептері мен барысы және Қазақстан тарихындағы ықпалы туралы баяндау.
Дамытушылық мақсаты: Тарихи оқиғаларды талдау дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік мақсаты: Елді қорғау әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру және өз елінің патриоты болуға бағыттау.
Сабақ түрі: баяндау сабағы
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, қосымша материалдармен жұмыс
Пән аралық байланыс: Құқық негіздері, Дүние жүзі тарихы, Әдебиет
Көрнекіліктер: Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасы,
қазақ зиялыларының суреттері
Техникалық құрал: Дыбысты видео, слайдтар
САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:
1.Ұйымдастыру: -2 минут
а). Оқушыларды түгендеу б). Назарын сабаққа аудару
2.Өткенді пысықтау- 15 минут
«Жалғасын тап...» ойыны бойынша сөйлемдер жалғасын толықтырамыз
-1916 жылы болған оқиға ... (Ұлт –азаттық көтеріліс)
-Көтеріліс орталықтары ...(Жетісу, Торғай)
-Көтеріліс басшылары (А.Иманов, Б.Әшекеев, Т.Бокин)
-Көтеріліс сылтауы... (1916 ж. 25 маусымдағы Патша Жарлығы)
-Революцияшыл топ өкілдері ... (Ә. Жангелдин, Т.Бокин, Б.Әшекеев, А.Иманов т.б.)
-Либералдық-демократиялық топ зиялылары... (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы)
-Көтерілістің қозғаушы күштері... (қазақ шаруалары )
-Қазақ даласындағы патша жарлығын жеткізген ... (генерал губернатор Куропаткин)
-Патша үкіметінің басты тактикасы ...(Бөліп алда билей бер)
-Бекболат Әшекеев кесілген жаза... (дарға асу)
-Жетісу көтерілісінң талқандалу себептері... (қарапайым қару, бытыраңқылық)
-Дала комиссары ... (Әліби Жангелдин)
-Көтерілістің тарихи маңызы... (қазақ халқының азаттық күреске санасының оянуы)
-Сипаты... (империализмге және отаршылдыққа қарсы )
-Көтеріліс туралы шығармалар... («Қартқожа», «Қилы заман», «Бөтакөз»...)
3.Жаңа сабақ: «Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі»
Жоспар:
1.Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісінің барысы мен нәтижесі
2.Ақпан төңкерісінің Қазақстанға саяси ықпалы
Термин сөздер:
Монархия –мұрагерлік шексіз билік
Самодержавие – патшаның жеке саясаты
Геноцид- бір халықты түпкілікті жою
Буржуазия- ірі таптар
Демократия – халық билігі
1-сұрақ: Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі 1917 жылы Ресейде болды. Оның басты себебі Монархияны құлату еді. Яғни ІІ Николайды биліктен тайдыру. Нәтижесінде Қос өкімет орнады. Оған Уақытша және Кеңестер үкіметі кірді. Уақытша үкіметтің мақсаты- капитализмді дамыту. Ал Кеңестер үкіметінің мақсаты – социализмді орнату. Бұл Ресейдегі саяси жағдай Қазақстанның саяси өміріне де өзіндік ықпалын тигізді.
Саяси жағдайды қолдағандар қазақ зиялылары болды. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев, М.Шоқай М.Дулатұлы, Жалел және Халел Досмухамедовтар. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі патша өкіметінің геноцид (халықты түпкілікті жою) саясатын тежеп, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы адамзаттық мұраттарды- бостандық, халықтар теңдігі мәселелерін қолдады.
Осындай мақсаттармен Қазақ өлкесінде жергілікті органдар құрылды. Торғай облысында басшысы -Ә.Бөкейханов,
Жетісу облысында- М.Тынышпаев,
Түркістанның - Уақытша комиссары болып Мустафа Шоқай болды.
Қазақ ұлттық зиялыларының жетекшісі болып Ә. Бөкейхановтың «Жаңарған Ресейдің азат азаматтары-қазақтарға» атты үндеуі жарияланды. Үндеуде «бұратана» халықты тыл жұмысына алуды тоқтату, көтеріліске қатысқандарға кешірім беру, ұлттық құқықтық шектеулерді жою т.б. өзекті мәселелер қамтылды. Уақытша үкіметке қарсы тыл жұмысшылары барлық жерде күрескерлердің алдыңғы қатарында болып, азат етуші күштердің ұлттық отрядына айналды. Тыл жұмысшыларының аштық пен қорлық көрген ашынған бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның негізгі күшіне айналды.
1917 жылғы наурыз-сәуірде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестер Омбы, Ташкент, Семей, Верный, Петропавл, Перовск, Қазалы , Қостанай Ақтөбе т.б.)
1917 жылғы мамыр-маусымда Шаруалар Кеңесі құрылып, көздеген мақсаттары- шаруаларға жер, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс , халыққа бейбітшілік болды.
2-сұрақ: Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісінің саяси ықпалы Қазақстанға тарады. Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт-азаттық идеясын таратушы, ұлттық санасын оятушы, қазақ халқының отаршылдыққа қарсы дем беруші күші болды. Оларға басшылық жасаған қазақ зиялылары Ә.Бокейханов бастаған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Досмұқамедовтар болды.
Бұл қозғалыстың негізгі өзегі- қазақ халқын орталық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру. Осы мақсатпен Қазақстанда алаш қозғалысы жанданды. Көтерген саяси мәселелері : халықты азықпен жабдықтау, жергілікті өһзін-өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім беру, ағарту, жер және босқандарды қайтару мәселелері болды.
1917 жылы көктемде Семейлік алашордашылар Орынбордағы Жалпы қазақ сьезіне болашақ автономия құруды ұсынды. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда Жалпы қазақ сьезі болды. Семей, Орал, Торғай, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Сьезд мемлкеттік басқару формасын Қазақ облыстар Автономиясын, жер мәселесін, халықтық милицияны ұйымдастыру, білім беру, сот, рухани діни мәселелерді қарастырды. Сьезд Қазақстың Алаш партиясын құру туралы және қазақ облыстарының ұлттық-аумақтық автономиялық басқару формасы туралы шешім қабылдады.
Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жанданды. Осыдан кейін 1917 жылы Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының сьездері болып өтті. 1917 ж. мамырда мұсылмандардың Бүкілресейлік сьезі болды. Сондай – ақ Еуропа, Азия, Африка халықтарының да саяси өмірінде осындай қозғалыстар пайда болды. Яғни Ресейдегі ақпан төңкерісінің ықпалы тек Қазақстанға ғана емес дүние жүзі елдерінде шарпып өтті. Мұсылмандардың саяси қозғалыстар әрекеті әйел теңдігі, тегін білім беру, 8 сағаттық жұмыс мәселелерін көтерген саяси ұйымдар, соның ішінде партиялар дүниеге келді. Соның бірі - Түркістан Федералистер партиясы. Мақсаты- жалпы ұлттық мүдделер мәселесін көтерді.
Партия ықпалымен жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыстар атқарды. Атап айтсақ Әулиеата және Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада «Жас қазақ», Петропавлда «Талап» жастар ұйымы құрылды.
Семейде шығарылған «Свободная речь» газеті беттерінде құрылған саяси партиялар мен ұйымдардың қатысқан мәселелеріне орын берілді.
1917 жылдың ақпан төңкерісінен кейін Кадеттер партиясы құрылды. Көздеген мақсаты- Ресейді бөлінбес конституциялық монархияны қалыптастыру.
1917 жылдың көктемінде эсерлер партиясы құрылды. Мақсаты- «Жер бүкіл халық меншігі» деген ұранмен қызмет етті.
Осылайша Қазақ өлкесінде көп партиялы жүйе қалыптасты. Қазақстанда ұлттық, діни , таптық сословиелік негізде пайда болған партиялар мен топтар өзара келісімге келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен айтыс жүргізді. Кемшіліктері: ұлттық аймақтық өзін-өзі билеу құқығы берілмеді, отыршылдық басқару органдары жойылмады.
Сонымен бірге билік жолында күрескен саяси партиялар мен ағымдар елді дағдарыстан шығарудың алуан бағдарламасын жасады. Аса маңызды бағдарлама жасаған партияның бірі – Алаш партиясы болды.
4. Бекіту сұрақтары: -6 минут (сызбаны толтыру)
- Ақпан төңкерісінің нәтижесінде қандай қос өкімет құрылды?
(Уақытша, Кеңестер)
- Қос өкіметтің көздеген мақсаттары не болды?
(әр үкімет өз билігін орнату)
- Қос өкіметтің ұстанған бағыттары қандай еді?
(Уақытша үкімет -капитализмді , Кеңестер -социализмді орнату)
- Айырмашылықтары неде?
(Уақытша үкімет -өз мүдделерін қорғау, Кеңестер -ұлттық мүдделерді)
- Ұлттық демократияшыл зиялыларды ата
(Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқай т.б.)
- 1917 жылғы наурыз,- сәуір айларында Кеңестер қай қалаларда құрылды?
(Семей, Омбы, Ташкент, Верный т.б.)
- Шаруа Кеңесі көтерген мәселелер ді атаңдар
(жер, жұмыс, бейбітшілік)
-1917 жылғы саяси партиялар мен ұйымдарды ата
(Түркістан Федералистер партиясы, Кадеттер, Эсерлер, Алаш партиялары)
5. Қорытынды және Бағалау
Сонымен ақпан төңкерісінің нәтижесінде Қазақ өлкесінде ұлт-азаттық мәселелерді шешітін қозғалыстар мен саяси партиялар құрылды. Ол - Алаш партиясы. Ұлттық сана оянды.
6.Үйге тапсырма: М.Қойгелдиев Қазақстан тарихы, 11 сынып,
& 9, 62- 68 беттер.
Сабақтың тақырыбы: «Қытай Халық Республикасы»
Сабақ мақсаты: Өткендерді пысықтай отырып, жаңа сабақ тақырыбындағы тарихи оқиға желісін жан-жақтылы түсіндіру, баяндау.
Білімділік мақсаты: Қытайдағы халық революциясының жеңісі мен ҚХР құрылуы туралы мәлімет беру. ҚХР «Үлкен секіріс» және «мәдени революция саясаты». ҚХР – ның жоспарлы нарықтық экономикаға көшуін баяндау.
Дамытушылық мақсаты: Тарихи оқиғаларды талдау дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік мақсаты: Ұлтаралық ынтымақтастықты насихаттау, өз елінің патриоты болуға бағыттау.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, қосымша материалдармен жұмыс
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, адам және қоғам, география
Көрнекіліктер: Дүниежүзілік саяси карта,
ҚХР-ның саяси тұлғалар суреттері
Техникалық құрал: Мультимедия,слайдтар
САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:
1.Ұйымдастыру: -2 минут
а). Оқушыларды түгендеу б). Назарын сабаққа аудару
2.Өткен тақырыпты пысықтау- 15 минут
Карточкамен жұмыс: Үш оқушы жазбаша жауап береді.
Пысықтау сұрақтары
1.КСРО үшін ІІ дүниежүзілік соғыс қандай нәтижемен аяқталды?
(Жауабы: КСРО соғыстан жеңімпаз болып шықты.)
2. Суретке сипаттама... (И.В. Сталин портреті)
3. КСРО экономикасын қалпына келтіру жолында қандай реформалар жүргізілді?
(Жауабы: 8 сағаттық жұмыс уақыты мен демалыс бекітілді, карточкалық жүйе жойылып, ақша реформасы жүргізілді. Соғыста қаза тапқан жауынгерлер отбасыларына әлеуметтік қолдау мен қарт адамдарға жәрдемақы беру т.б.)
4. Суретке сипаттама... (Н.С.Хрущев портреті)
5 Тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы туралы не білесің?
(Жауабы: Н.С.Хрущевтің кезінде 1954ж тың және тыңайған жерлерді игеруге шешім қабылдады.Сібір, Қазақстан, Урал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы қамтылуға тиіс болды?)
6. Суретке сипаттама... (Л.И.Брежнев портреті)
7. КСРО-да 1960-70жж экономикада қандай жағдай болды?
(Жауабы.Экономикалық тоқырау, әскери салаға көп көңіл бөлінген соң, азаматтық салалар артта қалды. Дүниежүзілік нарықтағы бәсекеге қабілетсіз болуы, тұрғын үй мен азық-түлік мәселесі нашарлады.)
8. Суретке сипаттама... (Ю.В.Андропов пен К.У. Черненко портреттері)
9. Суретке сипаттама... (М.С.Горбачев портреті)
10. «Қайта құру» деген не?
(Жауабы: М.С.Горбачев кезіндегі жариялылық, экономиканы дамытудағы жеделдету, әлеуметтік апатиямен күрес. )
3.Жаңа сабақ: «Қытай Халық Республикасы»
Жоспар:
1.ҚХР құрылуы
2.1949-1976жж ҚХР-ғы саяси өмір
3. Жоспарлы нарықтық экономика
Термин сөздер:
Азамат соғысы- ел ішіндегі халықтың билікке таласы
Хунвейбин – оқушы жастардын әскериленген ұйымы
Мәдени ревалюция- саяси қарсыластарымен күрес
Конституция- заң, құрылғы, жарлық
Коммуна – қоғамдық меншікке бірігу
1-сұрақ: Қытай Халық Республикасының құрылуы.
ІІ дүниежүзілік соғыстың аяғында Қытай аумағы екі ірі саяси топтың бақылауында болды.Слотүстік –Шығыс Қытай аумағында коммунистік партияның ықпалы орнатылса, қалған Қытай аумақтарында Гоминьданның
үстемдігі сақталды.
Солтүстік-Шығыс Қытайда КСРО әскерлерінің көмегімен Жапон империалистерінің қожалығы жойылып, азат етілген аудандар көлемі кеңейді. КАРО үкіметі Квантун және Маньчжу-Го армияларының барлық қару-жарақ қорын, коммунистердің ықпалындағы Қытайдың Қызыл Армиясына берді. Солтүстік – Шығыс Қытай аудандары ревалюциясының негізгі тірегіне айналды.
Гоминьдан бастаған буржуазиялық үкімет өз билігін АҚШ және басқа капиталистік мемлекеттердің көмегімен орнатпақшы болды. Екі жақтың Қытайды бейбітшілік негізде біріктіру келіссөздері нәтиже бермеді. Елдегі қайшылықтар 1946-1949жылдары Азамат соғысы өртін жалындатты.
Қытай коммунистік үкіметі өз ықпалындағы аудандарда аграрлық реформаны іске асырып, миллиондаған шаруалар отбасына жер берді. Халық бұқарасының көптеген саяси ұйымдары Чан Кайши үкіметінің ықпалына шығып, коммунистерге бет бұрды. Қытай ұлт-азаттық армиясы шабуылға шығып, 1949 жылы Пекинді азат етті. Осы жылы ұлт-азаттық армия Янцзы өзенінен өтіп Гоминьдан күштерін талқандады. Чан Кайши қолында болған жақсы қаруланған әскер мен АҚШ-тың қаржы көмегі көп бұқараның зор жауынгерлік рухымен әскери тактикаға төтеп бере алмады. Азамат соғысы коммунистер жеңісімен аяқталды. Чан Кайши өзінің біраз жақтастарымен Тайвань арлына қашып кетті. Сонда «Қытай республикасын жариялады». Бірақ құрлықтық Қытай ол аралды өзінің провинциясы деп санайды, оның тәуелсіздігін күні бүгінге дейін мойындамай отыр. 1949ж 1қазанда Пекиндегі Тяньаньмынь алаңында Мао Цзэдун мен оның серігі Чжау Эньлаймен бірге салатанатты түрде Қытай Халық Республикасын жариялады.
2-сұрақ: Қытай коммунистік партияның басшылығымен зор мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл жаңалықтар қатарында халықтық-демократиялық құрылысты нығайту, аграрлық реформаны іске асыру, индустрияландыру саясатын орнықтыру міндеттері тұрды. 1950-52жж агралық реформа ойдағыдай іске асырылды. Помещиктік жер иелену жойылды. Ірі буржуазиялық шетел кәсіпорындарын ұлттандыру нәтижесінде мемлекеттік меншік іргетасы қаланды. Ауылды жерлерде ауылшаруашылық кооперативтері құрылды.
1950-51жж Қытай Тибетті басып алып жаңа жүйені енгізуге қарсылық танытқандарды қуғын –сүргінге ұшыратты. Мыңдаған тибеттіктер өздерінің рухани көсемдері Далай – Лама артынан еріп қуылды. 1953ж И.В Сталин өлген соң, Мао өзін әлемдік революция көсемі болатын кез деп түсінді.
МАО ЦЗЕДУН
1954 жылы Қытай Ұлы Халық жиналысы жаңа Конституция қабылдап, біртұтас республикалық негіздегі мемлекеттік құрылысы жарияланды. Саяси билік Мао Цзедун басқарған ҚКП – ң ықпалына бағынды. Қытайдағы басқа ұсақ ұлттарға жартылай автономиялық еріктік жарияланды. Мао жаңа Қытай қоғамын құруға бет алды, оған келіспегендер мен күресті күшейтті.
1958 жылы ҚКП басшылары бірінші бесжылдық табыстарына сүйеніп, «Үлкен секіріс» бағдарламасын қабылдады. Елдің экономикалық мүмкіншіліктерімен санаспай , тез арада коммунизмге өту жоспарланды. Ол үшін ауылдарда «халық коммуналарын» құруды қолға алды. Әрбір коммуна 20-30 мың шаруалар отбасын біріктірді. Комуннада : жер, үй-жай, ыдыс-аяқ, мал, құрал-сайман, қоғамдық меншікке айналдырылып,өндірілген өнім шаруалар арасында тең бөлінді. Коммунадағы шаруалардың өмірі қатаң тәртіпке көшірілді. Коммуналар өздерін барлық азық-түлік пен қамту керек және артылып қалғанын мемлекеттке өткзіу арқылы индустрияны көтереді деп сенді. Жергілікті шенеуніктер екі есес көп егін жинадық деген жалған аұпараттарынан кейін, билік ауылда жеке меншік жерлерді жойды, ауыл базарларын жапты, еңбек ұжымдарынан кетуге тыйым салды, металл ыдыстарды темір балқытуға өткізу басталды. Коммуналар ауылда орныққан соң бүкіл қала халқын қамтуға тиіс болды. Мао ұраны: «Үш жыл қажымас еңбектену, он мың жыл жемісін көру» Бірақ бұл шаралар сәтсіздікке ұшырады. Жерді терең игеру кезінде көптеген жерлер эрозияға ұшырап, құнарсыз болып қалды. Халықта азық-түлік алатын қаражаты болмады, күріш бағасы 15-30 % өсті. Сол уақыттың саясаты бойынша коммуналар өзін-өзі қамту керек және басқа аудандарға астық шығаруға тыйым салды. Елде аштық қауіпі туды. Наразы халықты түремелерге қамап, онда олар аштан өлді. Балаларды өлтіріп, мәйіттерін тыңайтқыш есебінде пайдалануға дейін жетті. Хэнанда 63 канибализм фактілері тіркелді. 1959-1961жж аралығында 20-43 млн адам аштықтан қырылды. Жерлеу рәсімдері наразылық шеруге айналап кетеді деп қауіптенген басшылық, жерлеуге тыйым салды. Астықтың дұрыс шықпауына торғайларды кінәләп, әр адам күніне 1-2 торғай өлтіріп тапсыруға бұйрық алды, нәтижесінде саранча қаптап астықты қырып кетті. Яғни табиғи тепе-теңдік бұзылды. Тығырықтан шығу үшін қайтадан жеке үй маңынан жерлерге әр кім өз бетінше жеміс салуға, шаруалар базарларында сауда жасауға, жеке қолөнер шеберханаларын ашуға рұқсат берілді. Аштық қауіпін жойды. Ешкім бұл сәтсіздікке Мао кінәлі деп айталмады. Сондықтан аштықты адамдар өздері әдейі жасады деп тұжырымдалды.
1966-1969жж Қытайда жаңа бағыт «мәдени революция» басталды. Мао ҚКП-ның мүшелері буржуазиялық еңістікке (уклон) жолықты деп кінә тақты. Осыған сәйкес партия кадрлары, жұмысшылардың, шаруалардың, зиялы қауым топтарының таңдаулы өкілдері сынға алынып, жазалауға тартылды. «Мәдени ревалюцияны» іске асыруда «ХУНВЕЙБИНДЕР» (қызыл сақшылар) оқушы жастардың әскерилендірілген ұйымдары және «цзаофондар» (бүлікшілер) ұйымдары трек болды. Бұл ұйымдар «Мао –біздің тірегіміз, біз ОК-ті қорғау үшін, Маоны қорғау үшін, еш бір ойланбастан қасық қанымызды беруге даярмыз, мәдени революцияны соңына дейін жеткіземіз» - деп ұрандады. Мысалы «хунвейбиндер» тек Пекинде 1722 адамды өлтірген, 33695 отбасны тәркілеген, 85 000 адамды қаладан қуылды. «Мәдени ревалюция» Мао қарсыластарын саяси сахнадан тайдырды. Бұл Маоның жеке басының үстемдігін орнату үшін алдын ала ойластырылған саяси шара еді. «Мәдени ревалюция» он жыл бойы Қытай 17 млн азаматтарының тағдырына әсер етті.
3-сұрақ:1976ж 9 қарашада Мао Цзедун қайтыс болып, саяси билік үшін күрес шиеленісті. Күрестің барысында Дэн Сяопин бастаған топ жеңді. Дэн 1966 және 1976 жылдары қуғын –сүргінге ұшыраған болатын. Дэн Сяопин тобы «Прагматиктер» (тәжірибешілер) жақтастары ретінде бейнеленді. 1978 жылы желтоқсан айында ҚКП ОК-нің үшінші пленумы Қытайды реформалық бағытқа аударды. Реформалық әрекеттер бағыты ҚКП –ның ХІІ съезінде (1982ж) бекітілді. Съезде Қытай қоғамының дамуы «таптық қайшылықтарға» емес, халықтың дамылсыз өсіп келе жатқан материалдық – мәдени мұқтажы мен артта қалған қоғамдық өндірістің арасындағы қайшылықтарда деп мазмұндалды.
Жаңа реформалық өндірістердің ішкі мазмұны аралас экономика жүйесін тұрақтандыру, ауылшаруашылық жеке меншікті жандандыру, шетел капиталын жұмылдыруға тірелді. Реформаның нақтылы әрекеттері коммуналарды таратуға, кооперативтік шаруашылықты жоюға, мемлекеттік жоспар қысымын жұмсартуға, отбасы көтермесін барынша қолдауға бағытталды. Өндірісте мемлекеттің үстемдігін мүлдем жоймай, ұсақ және орта кәсіпорындардың дамуына жол ашып, теңіз жағалауындағы Қытай провинцияларына шетел капиталын еркін енгізу үшін «ашық аймақтар» ашуға бет бұрды. Шаруалар артық өнімдерін жергілікті базарларда еркін сатуға мүмкіндік алды.
1980 жылдары еледе әлеуметтік шиеленістер жиіледі. Реформа зиялы қауым мен студенттер жағдайы жақсармады. Парақорлық пен жемқорлық бұқара халыққа жақпады. 1988-1989 жж Пекинде және басқа қалаларда едәуір халық қозғалыстар байқалды. Әсіресе Пекиндегі Тяньаньмин алаңында студенттердің жиындары, митингілері, шерулері басталды. Үкіметтің бұйрығы бойынша 3 маусымда әскери бөлімшелер шабуылға шығып, шерушілерге оқ атып, қозғалысты қатаң басты. Партия мен үкіметтің бақылауы жұмсарған жоқ.
Бірақ бұған қарамастан реформа әрекеттері жалғаса берді. Реформалық әрекеттері тереңдеп, Қытай экономикасы ұсақ және орта бизнес өкілдері арқасында дами түсті. 80 жж соңында көмір өндіру, телевизор шығару, мақта-мата, цемент өндіру жөнінен әлемдегі көрсеткіштер бойынша І-ші орынға шықты. Қытай ауыл шаруашылығы реформа нәтижесінгде айтарлықтай табыстарға жетіп, жылдам өсіп жатқан халқын жеткілікті азық-түлік қорларымен қамтамасыз етуде.
1993жылы Цзянь Цзэминь президент болып экономикалық реформаны одан әрі дамытты. Соның салдарынан Қытай 2001жылы дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтіп әлемдік нарыққа белсенді араласты.
2003жылы Цзянь Цземинь өз орынын Ху Цзинтаоға берді. Ол Қытай басшыларының ішіндегі ең жас басшы болды. Қазіргі кездегі ҚХР экономикасы қарқынды дамыған ел болып отыр.
4. Бекіту сұрақтары:
1.Қытайдығы азамат соғысы қандай партиялар арасында болды?
(Гоминьдан және коммунистік партиялар)
2.ҚХР қашан құрылды? (1949ж 1 қазанда)
3.ҚКП ОК бірінші хатшысы кім болды? (Мао Цзэдун)
4.1958ж Қытайда қандай бағдарлама қабылданды? («Үлкен секіріс»)
5. 1966ж қабылданған саяси бағдарлама... («Мәдени ревалюция»)
6. «Хунвейбиндер» деген кімдер? (Оқушы жасақтар)
7. «Мәдени ревалюция» - мақсаты қандай болды?
(Жеке басының үстемдігін орнату үшін ойластырған шара)
8. Қытайдың ұлы реформаторы кім? (Дэн Сяопин)
9. 1988-89жж Пекинде қандай оқиға болды? (Студенттік көтеріліс)
10. 2001 жылы ҚХР қандай дүниежүзілік ұйымға мүше болды?
(дүниежүзілік сауда ұйымына)
5. Қорытынды және Бағалау
Сонымен 1949 ж ревалюция нәтижесінде құрылған ҚХР осы күнге дейін сан өзгерістерге ұшырап, әлеуметтік – экономикалық реформалар нәтижесінде әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елге айналды.
6.Үйге тапсырма: Ә. Шүпеков «Дүниежүзі тарихы». А-2006ж.
11 сынып, & 22, 165-168 беттер.
Дүние жүзінің әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні бойынша
Сабақтың тақырыбы: «Солтүстік және Оңтүстік Европа елдері»
Сабақтың мақсаты: Солтүстік және Оңтүстік Европа елдерінің әлеуметтік-
экономикалық географиясы жайында жан-жақтылы мәлімет беру.
Білімділік мақсаты: Өткен тақырыптарды пысықтай отырып,
Солтүстік және Оңтүстік Европа елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы бойынша территориясы, мемлекеттік құрылымы, табиғаты, демографиялық жағдайы мен экономикалық дамуы жайында баяндау.
Дамытушылық мақсаты: Солтүстік және Оңтүстік Европа елдерінің географиясынан қосымша материалдар бойынша хабарламалар дайындау. «Европа» сөз жұмбағын құрастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Интеллектуалды және саяси тәрбие беру.
Сабақтың түрі (типі): Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын элементтерін қолдану.
Көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, тақырыптық слайдтар.
Техникалық құрал: интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы,
Адам және қоғам.
С а б а қ б а р ы с ы:
1.Ұйымдастыру: а). Сәлемдесу ә). оқушыларды түгендеу
ІІ.Өткен тақырыптарды пысықтау:
Сұрақтарға жауап алу (ауызша)
Өткен тақырып: «Европа елдеріне жалпы шолу» түсінгендерімізді тексерейік.
Сұрақ-жауап:
1.Европа аумағы қай континентте орналасқанын картадан көрсетіп, жер көлеміннің аумағын атаңдар....
(жауабы. Евразия континентінің Батыс бөлігінде, 5.4 млн. шаршы км. Солтүстіктен Оңтүстікке дейін 5000 км, Шығыстан – Батысқа дейін 3000км)
2. Европа аумағын қандай теңіздер қоршап жатыр?
(Греланд, Норвеж, Баренц, Солтүстік, Балтық, ЖОТ, Адриат Тирен, Егей теңіздері)
3.Европаның экономикалық-географиялық жағдайы қандай?
(жауабы: 1. Европа елдерінің көршілес орналасуы.
2. Теңізге шығу жолдарының болуы.)
4.Европадағы негізгі көмір- руда бассейндері....
(жауабы: Германияда- Рур, Польшада- Силез, Францияда –Лоторингия, Швецияда - Кируна)
5.Европаның негізгі таулары.....
(жауабы: Скандинав, Альпі, Переней таулары)
6.Европаның Нидерланды елі жер тапшылығы мәселесін қалай шешті?
(жауабы: теңізден жаулап алу.)
7.Европа аумағына неше егеменді ел бар? (40 мемлекеттен астам)
8.Европа мемелекеттерінің құрылыс түрлері қандай?
(Монархиялы, унитарлы және федерациялы)
9.Европаның халық саны қанша? (520 млн адамнан астам)
10 Европа халқының тығыздығы қандай? (1 км2 – 100 адам)
11. Европа елдерінің ұлттық құрамы қандай? (Бір ұлтты- Польша, Исландия, Швеция, Болгария. Екі ұлтты- Бельгия (фламандтар мен валлондар) және көпұлттық Ұлыбритания, Швейцария т.б )
12.Суретке сипаттама
(Эфель мұнарасы мен Колизей, Биг бен және Акрополь)
13.Урбандалу үрдісі қандай?
(Орташа есеппен 75% халық қалалы жерлерде тұрады, ал кей елдерде ол 80-90% жетеді)
ІІІ. Жаңа сабақ: «Солтүстік және Оңтістік Европа елдері»
Жоспар:
1.Солтүстік Европа: экономикалық – географиялық жағдайы және халқы.
2.Оңтүстік Европа: экономикалық – географиялық жағдайы және халқы.
3.Шаруашылығы.
1 сұрақ жауабы:
Жалпы жер көлемі 1,3 млн км2. Солтүстік Европа елдеріне Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания, Исландия жатады. Финляндия, Швеция, Норвегия Скандинавия түбегінде орналасса, Дания мен Исландия арал мемлекеттерге жатады. Осы елдерді Баренц, Гренланд, Норвеж, Солтүстік, Балтық теңіздерімен Атлант және Солтүстік Мұзды мұхит қоршап жатыр. Теңізге шығу жолының болуымен ЭГЖ-да осыған негізделген.
Солтүстік Европа халықтары Викингтер ұрпағы, олар 9-11 ғғ өте жауынгер, теңіз қарақшылары атанған және олар мықты теңіз жүзушілері болып шығыста Парсы еліне дейін, ал Батыста Гренландияға дейін жеткен. Викингтерді – нормандықтар, даттықтар немесе варягтар депте атаған. Солардың тікелей ұрпақтары қазіргі Солтүстік Европа халықтарын құрап отыр. Бұл елдердің мемлекетік құрылымы жағынан:
Норвегия – монархиялық, Швеция – монархиялық, Финляндия – республикалық, Исландия – республикалық, Дания – монархиялық болып бөлінеді
Жер бедері болса, таулар мен жазықтардың беті мұз басу әсерінен қатты тілімденген. Скандинавия түбегінің жағалауында мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар-фьордтар мен таулы аймақтар көп. Исландия аралы болса жанартауларға толы, ең ірі Гекла. Жер бедері таулы, лава жыныстары мен жабылған.
Климаттық ерекшеліктері ол Солтүстік Атлант жылы ағысының әсерінен Скандинавия түбегінің жағалауы қыстада қатбайды. Солтүстік бөлігінің қысы қатал, жазы жылы. Қалған бөлігінің климаты қолайлы теңсіздік климат.Орташа алғанда жаз айларында 25-28 С жоғары болса, қыс айларында 40 С төмендейді. Жазда климат ылғалды, жауын-шашынға толы болып, тұман басып тұрады. Жәнеде бұл аймақта 2 айдай күн батбай тұрады.(поляр түні)
Табиғат байлықтарына келсек, Швеция, Финляндия, Норвегия орман қорына бай. Мысалы: «Ормансыз –Финляндия, терісіз аю сияқты» - деген теңеуде бар. Яғни орман Финляндияның 70%, ал Швецияның 62% территориясын алып жатыр. Исландияда жергілікті ыстық суларға (гейзерлерге) бай, олар тіпті гейзерлерді тұрғын үйді жылытуғада пайдаланады. Сондай-ақ өзіне тән флора мен фаунасыда бар.
Қазба байлықтар қатарында: Темір рудалары, цинк, қалайы, мыс, титан алтын, күміс,уран элементтеріде бар. Солтүстік теңізде мұнай, газ қорлары да жеткілікті. Көмір қоры Шпицберген аралдарында орналасқан.
Халқы: Бүкіл Европа халқының 3,5 % құрайды. Халық саны 24 млн. 182 мың адам.
ДАНИЯ 5,3 млн. адам .
ИСЛАНДИЯ 278 мың. адам.
НОРВЕГИЯ 4,5 млн, адам.
ФИНЛЯНДИЯ 5,1 млн. адам.
ШВЕЦИЯ 8,8 млн. адам.
Орташа өмір ұзақтығы: Ерлер – 76 жас, әйелдер 81 жасты құрайды.
Қарт адамдар үлесі жоғары. Жыныстық құрамында әйелдер саны көп. Жылдық табиғи өсім 0,2 % құрайды. Діни құрамы жағынан протестантизм кең тараған. Урбандалу - 75-80% құрап отыр. Халық тығыздығы 1км2- 3 адамнан -121 адамға дейн. Бұл елдердегі демографиялық саясат халық санын көбейтуге бағытталған.
2 сұрақ жауабы:
Жалпы жер көлемі 1,4 млн км2 . Оңтүстік Европа елдеріне негізінен Португалия, Испания, Италия, Греция жатады. Оңтүстік Европа ежелден Бүкіл Европа өркениетінің түп тамыры саналады. Әсіресе ежелгі жоғары дамыған өркениеттің пайда болған жері Греция және Италия елдері. Шығыста Азия мен шектессе, Батыста Атлант мұхитымен түйісіп жатыр. Қалған жерлері ЖОТ-нің құрап тұрған Адриат, Тиррен, Ион және Эгей теңіздерімен қоршалып жатыр. Бұл теңіздер Оңтүстік Европаның табиғатының қалыптасуына зор ықпал жасады. Бұл аймақтың ЭГЖ-да өте қолайлы. Негізгі байланыс түрі теңіз жолы, ал Оңтүстік Европа елдері Азия және Африка, Орталық және Солтүстік Америкамен байланыс жолында орналасқан. Сондықтанда өзінің географиялық жағдайын тиімді пайдалануда.
Бұл елдердің мемлекетік құрылымы жағынан:
Испания – монархиялық
Португалия – республикалық
Италия – республикалық
Греция – республикалық болып бөлінеді.
Оңтүстік Европа қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 жылы) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің Оңтүстігіндегі Падон жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Топырағы құнарлы. Грецияның 15%, Португалияның 5 % орман алып жатыр. Ауа температурасы қыста +50 С, жазда +280 С жетеді. Ең ыстық жер ол Сицилия аралы, онда +450 С дейін барады. Мұнда әсіресе таулы аудандарда альюмени, полиметал, мыс, сынап( Әлемде Испания-1, Италия -2 орында) уран, темір рудалары, күкірт, газ, алтын, қалайы және қорғасын қорлары бар. Сондай-ақ құрылыс материалдарына бай айтарлық: мармор, гранит, цемент шикізаты, сары топырақ т.б. мұнай, көмір тапшы. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.
Халқы: Халық саны 118 млн адам.
Греция - 10,5 млн. адам
Италия – 57,6 млн адам
Португалия - 10,1 млн. адам
Испания - 39,2 млн. адам
Орташа өмір ұзақтығы: Ерлер – 75 жас, әйелдер 80 жасты құрайды.
Қарт адамдар үлесі жоғары. Жыныстық құрамында әйелдер саны көп. Жылдық табиғи өсім 0,16-19 % құрайды. Ұлттық құрамы: Бір ұлтты елдерге Италия, Португалия, Греция жатады. (90% астам өз ұлты), ал Испания көп ұлтты. Урбандалу – 59-91%, халық тығыздығы 1км2- 10 адамнан - 100 адамға дейін. Бұл елдердегі демографиялық саясат халық санын көбейтуге бағытталған. Бірақ соған қарамастан туу аз. Діни құрамы жағынан котолицизм кең тараған. Грецияда провославті діндіде ұстанады.
3 сұрақ жауабы:
Солтүстік және Оңтүстік Европаның шаруашылығы өз аймақтарының табиғи – климаттық ерекшеліктеріне қарай дамыған.
Мысалы: Норвегияда мұнай-газ өндірісі негізгі өнеркәсіп саласы, 80 000 адам жұмыс істейді. Мемлекетке кірістің көп бөлігіде осы саладан. Сондай-ақ мұнайдын арқасында машина жасау, химия өнеркәсібіде дамыған. Норвегия Европадағы синтетикалық бояуларды жасауға арналған шикізатты негізгі жеткізуші болып табылады. Оңтүстік Европада өнеркәсіп мұнай- газ өндеуге, қара және түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіпке бағытталған. Бірақ бұл аймақта мұнай мен газ жоқ. Бұл шикі затты Солтүстік Европа елдерінен импорттайды. Солтүстік Европа елдерінде орман шаруашылығы жақсы дамыған. Финляндия және Швецияда орман ағаштарынан тұрмыстық заттар мен құрылыс материалдары ғана емес, целюлоза - қағаз өндірісі ішкі және сыртқы нарықты қамтиды.
Электр энергия өндіруден Норвегия 1-ші орында, адам басына шаққанда 31 800 кВт өндіруде. Оның 99,5 % ГЭС құрайды. Оңтүстік Европа елдері - энергияны АЭС, ГЭС (Альпі және Переней тауларынан) . Қазіргі таңда екі аймақта альтернативті энергия көздерін қолдануда.
Автокөлік өнеркәсібінен Швецияда, «Вольво» маркілі жеңіл көлігі, автобустары, Италияда «Фиат» автокөлігі әлемге экспортталуда. Финляндияда қоғамдық көлік мүгедектердің талаптарын толық орындаған. Мұнай өндірісіне қажет техника мен кеме жасау жақсы деңгейде. Италияның тоңазытқыштары мен кір жуу машиналары, «Оливетти» компьютерлік фирмасының өнімдері әлемге әйгілі болды. Қазіргі кезде электроника және электротехника саласы, станоктар жасау ілгерілеуде.
Негізгі шаруашылықтын бірі – балық шаруашылығы. Алдынғы қатарда Исландия, онда 1 жылдық балық аулау 1,5 млн т құрайды. Шаруашылық 1000 кемеден тұрады. Халықтың 40% осы салада. Жан басына шақққанда 6т келеді. Оның ¾ экспортталады. Оңтүстіктеде халықтың негізгі тұтынатын тағам ы балық. ЖОТ жағалауында орналасқандықтан балық шаруашылығы жақсы дамыған.
Ауыл шаруашылықта бұғы өсіру негізгі болып табылады. Төрт түлік аз. Данияда сүтті сиырлар, шошқа және құс шаруашылығы біршама ілгері. Мал шаруашылығында сиыр, қой-ешкі, жылқы, шошқа және құс шаруашылықтары бар, бірақ баяу дамуда.
Ауыл шаруашылығында егіншілік климаттық жағдайға негізделген. Солтүстікте бидай, жылы жайларда қияр, қызанақ, дінке, қант қызылшасы т.б жемістер ішкі нарыққа арналған. Оңтүстікте негізгі өсірілетін агромәдениет түрлері: Бидай, күріш, жүгері, темекі, көкөніс, зәйтүн ағашы (Зәйтүн майы мен апельсин экспортынан Испания І-орында) картоп, күнбағыс, жүзім, жаңғақ, зығыр дәнді дақылдар мен субтропикалық жеміс-жидектер (Бидай, жүгері, күріш өнімдерінен Италия Европада І-ші орында) Азық – түлік саласында макарон, зәйтүн майы, жүзім шарапы, жеміс-жидек консервалары, шырын түрлері, құрылыс материалдары экспортталады. Сондықтан ЖОТ жағалауы «Европа бағы» деп аталады.
Оңтүстік Европаның экономикалық дамуындағы дәстүрлі рөлден басқа жеңіл өнеркәсібі алады. Бұл елдер мата, трикотаж, киім –кешек пен аяқ киім, жиһаз, әшекейлер жасалады. Португалия шарап тығындарын жасаудан әлемде алдынғы орында. Жәнеде Европаның «Тігін фабрикасы» атанған ел.
Солтүстікте туризм негізінен гейзерлерде емделу мен спорттық туризмге негізделген. Жыл сайын миллиондаған туристер келеді. Оңтүстік аймақтың да негізгі кірістердің бірі туризмнен түседі. Мұнда пляждік, спорттық, танымдық, емдік т.б. туризм түрлері кең тараған. Қызмет көрсетуде өте жоғары деңгейде. Жыл сайын бұл аймақты бүкіл әлемнен 100 млн. астам туристер келеді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
«Солтүстік және Оңтүстік Европа елдері» тақырыбы бойынша керекті мәліметтерді алдық. Енді бекіту сұрақтарына көшейік.
1.Солтүстік Европа елдері қандай? (Финляндия, Швеция, Норвегия, Исландия, Дания)
2. Оңтүстік Европа елдері қандай? (Италия, Испания, Португалия, Греция.)
3.Скандинавия елдерінде қандай шаруашылықтың түрлері дамыған? (Ауыр өнеркәсібі, орман мен балық шаруашылығы)
4.Оңтүстікте қандай туризм дамыған? (Пляждік, емделу, спорттық, танымдық )
5.Апельсин экспортынан І-ші орын алатын ел? (Испания)
6.ЖОТ-нің жағалауын қалай атайды? («Европа бағы»)
7.Исландия гейзерлерді қалай пайдалануда? (Жылу жүйесіне, шаруашылықта, туризмде)
Ү.Бағалау
ҮІ.Үйге тапсырма: $32 (133-148 беттер) оқу, сөзжұмбақ құрастыру.
«Қазақстан тарихын оқытуда дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, білім берудің негізін қалыптастырудың жолдары»
Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту процесінің ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Заман өзгере келе жеке-топтық оқыту әдісі енгізіліп, бүгінгі оқыту процесінде пайдаланылады. Егер күнделікті жаңа фактілермен, тенденциялармен педагогика ғылымы толықтырылып отырылатын болса, онда ол ғылым дамитыны сөзсіз. Ғылымның алға жылжуы оның әдіснамалық және әдістемелік бағытына да байланысты болмақ.
Ғалым В.В.Краевскийдің жаңа анықтамасына сүйенсек, педагогика әдіснамасы педагогикалық теорияның негізі мен құрылымы бойынша білім жиынтығын құрайды. Және де педагогикалық шындықты бейнелейтін білімді, сондай-ақ зерттеу жұмысына қатысты бағдарлама, әдіс, нәтижені бағалау бойынша білімді жинақтаудың әдіс-тәсілдерін анықтайды.
Сабақ барысында оқытушы мен білім алушылар оқыту процесінің тең құқылы субьектісі болып табылады. Сондықтан да оқыту процесінің қызықты ұйымдастырылуы пән мұғалімінің ізденгіш шеберлігіне байланысты. Сабақ – пән мұғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрлі болып шығады. Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сабақтың құрылымы мен мазмұны кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаңартулар оқу-тәрбие жұмыстарының бағыт-бағдарының заман талаптарына сай жасалуын міндеттейді. Соңғы жылдары дүние жүзі елдерінде білім беру жүйесін елеулі өзгерту қажеттігі жайында мәселелер үнемі көтеріледі. Онда білім берудің «стандартын» ұсыну басты нысанаға алынады. Білім стандарты - әрбір білім алушының зердесіне жететін білімнің ең төменгі міндетті деңгейін көрсететін бағдарламалар .
ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, білім беруші оқытушылар қауымының алдындағы бірден-бір мақсат - алған білімін пайдаға асыратын, өмірге қолдана білетін, өздігінен іс-әрекетті қабілеті бар, өмірлік жағдайда өзі қабылдағанын қолдана білетін, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген өзіндік көзқарасы бар, елін сүйетін азаматтарды оқыту мен тәрбиелеу болып табылады.
Осы тұрғыдан оқытудың қазіргі таңда кең тараған түрі –интерактивті оқыту әдісі. Бұл өте тиімді. Себебі бұл әдіс білім алушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды және құндылық жүйесін қалыптастырады.. Оқытушы мұндай жағдайда хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады.
Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Бұл әдіс тыңдаушы білім алушылардың өзіндік көзқарасын жан-жақтылы (белсенді) ашып айтуға мүмкіндіктер береді. Бұл модельге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Ақпараттандырылған жаңа ғасыр білімін арттыратын негізгі рөл атқарушы - пән оқытушысы. Әрине кез-келген мәселе оқушылардың өз білетіндерімен басталады. Ол үшін тек кітап тақырыбымен шектелмей әдеби кітаптар, баспасөз материалдарынан да хабардар болуы керек. Ол адамның жан-жақтылы дамуына тигізер пайдасы зор. Бұл әдіс «миға шабуыл» әдісі деп аталады. Оқытудың интерактивті әдістерінің бірі- «терминологиялық диктант». Терминологиялық диктантың орындалу әдіс-тәсілі мынадай болмақ. Алдымен тарихи тақырыптарға сай сөздіктер беріліп, оның соңына анықтамасы жазылады.
Тастағы жазу..................
Kолөнершiлер тұратын қала шетi ..............
Түрiктердiң дiнi................
Қала орталығы.................
Жазуы бар тас плита .....................
Ұсақ тиын ......................
Жауаптары:
Петроглив. 2.Рабат 3. Көк Тәңiрі 4. Шахристан 5.Kұлпытас 6.Фельс
Интерактивті оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесінде білім алушылардың талданып отырған мәселелеге қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа түрі болып табылады.
Бүгінгі күні оқыту процестерінде интерактивті оқытудың түрлерін қолданулар өте көп. Әр оқытушы немесе пән иесі тақырыпты меңгертуде білім алушылар үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді өзі таңдайды. Яғни пән мұғалімі өзінше жаңа формалар ойлап табады. Оларға тарих және қоғамдық пәндер бойынша : «жылдар хроникасы», «анаграммалар», « тарихи диктанттар», «шым-шытырман ойыны» т.б. Мысалы: Рим цифрлары бойынша жылдар хроникасы туралы еске сақтау тапсырмаларын қарастырсақ... Тапсырма: «Мына жылдар қай ғасырға жатады?»
1219 жыл _____ ғасыр _______ 1723-28 жыл ________ ғасыр ________
1380 жыл _______ғасыр _______ 1711-1781 жыл _______ғасыр ________
1465/66 ______ ғасыр ________1822-1824 жыл _______ғасыр ________
1511/23 жыл ___ ғасыр ________1916 жыл _______ ғасыр ________
Келесі білім алушылардың белсендігін арттырудағы ойын элементтерін қолданудағы ойын түрлерінің бірі «Жеті жұмбақ»
Оқытушы пән бойынша білім сапасын жоғарлатудың жолын одан сайын түрлендіріп, білім алушылардың нені меңгерді немесе нені меңгере алмады деген жайттарды түсініп, одан кейінгі сәттерде «ізденіс тенденциясы» әдісін қолдана алады. Мұнда білім алушылар топпен жұмыс жасап, өтілген тақырыптар бойынша тест тапсырмаларын орындату. Мұнда оқушы бірден өзін-өзі бағалауға мүмкіндік алады. Сәйкестендіру тест тапсырмаларын орындау. Оқушы білімін әділетті бағалау жүзеге асады. Бұл жеке тұлғаны -бағыттылық білім беру деп аталады. Бағыттылық білім беру дегеніміз- педагог пен білім алушының өзара ынтымақтастық, ізгілік қарым-қатынасы, білім алушының тұлға ретінде дамуы болып табылады.
Тұлға ұғымы шығармашылық іс-әрекеттің субьектісі ретінде адамның өз дамуының құндылық қатынастарын сипаттайды. Іс- әрекетті жүргізу- адам субьект ретінде нақты қызметтер атқаруы: талдау, мақсат қою, жоспарлау, жобалау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау, қарым-қатынас жасау. Жоғарғы курс студенттері үшін қоладантын әдістің бірі тірек сызбаларын қолдану тиімділігі. Мысалы. «Қазақстан-2030 стратегиясы» тақырыбында мынадай тірек сызбаларды пайдаланған дұрыс болады.
Интерактивті жаңа технологияның бірі пікір –сайыс әдісі, рөлдік ойын, казус шешу әдістерін пайдаланған дұрыс. Білім алушылар мұндайда ізденіп қана қоймайды, тіпті өз білімдерінің бағалануына да өзіндік көзқарастарын білдіреді. Мұндай интерактивті жаңа технологиялар жиі қолданылса, білім алушылардың алған білімінің негізін бекіту, біліктілігі мен дағдыны қалыптастыруна да зор тиімділігі бар. Келесі бір интерактивті әдіс-тәсілдердің бірі- брондық әдіс. Яғни берілген немесе таныс тақырып бойынша ақпарат жинайды. Осылайша білім беруде пән мәселелерін тыңдатумен бірге меңгертуде оқытушымен білім алушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны алдымен қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор.
Интерактивті оқыту –бұл, ең алдымен оқытушы мен білім алушы студенттердің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. Әсіресе бұл әдіс-тәсіл ауызша пәндер: тарих, қоғамтану, саясаттану мен әлеуметтану, философия негіздері курстарында пайдаланылады. Себебі интерактивті оқытудың негізгі сипаттамалары қандай деген сұраққа жауап алатын болсақ бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Мұндай оқытудың мәнісі – топтағы білім алушылардың таным процесімен қамтып, өздерінің ойларымен бөлісуге, не нәрселерді түсінуге, қарсы әрекет етуге мүмкіндік береді. Интерактивті әрекет - өз ара түсіністікке, өз ара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет мәселелерді бірлесіп шешуге әкелетін дамуды ұсынады.
Бұл орайда қазіргі заман талабына сай оқытушы өз білім дәрежесін үнемі көтеріп өзінің кәсіптік шеберлігін шыңдап, дамытып отыруы қажет. Оқытушы өз мамандығының әдіскері болуы керек.
Академик М.М.Поташник: «Әдіскер-эрудит, философ, дирижер, ұйымдастырушы, ғалым, психолог, аналитик, дамытушы, жанды мүсінді жасаушы »- деген. «Мұғалімге қызмет ету-тағдыр сыйлаған қарапайым іс». Табиғатынан аса дарынды, жан-жақты, сегіз қырлы, бір сырлы жандар болады. Олар ойы-терең, тілі-көркем, сөйлесе сөздің –шешені, басқарса-көптің көсемі болатын маман иелері. Міне қазіргі заман оқытушысы, тәрбиешісі осындай болуы тиіс. Сондай мінезі арқылы алғыр, батыл, қайсарлық пен тәуекелшілдікті ту еткен тұлға ғана жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Білім беруші оқытушының басты парызы- ұстаздық ауыр жүгін адал орындау. Алдымен өзі сүйіп қалаған пәнін оқушыға меңгерту. Озық тәжірибелерін іскерлікпен пайдалана білу. Интелектуалдық ресурстар сапасы, ең алдымен ғылым, техника, технология және қоғамдық тәжірибедегі маңызды мәселелерді шеше алатын білімді –білікті мамандарды даярлау сапасы барлық елдердегі басты ұлттық мәселелер санына қосылып отыр. Осылайша білім берудің ең алдымен білімнің сапасын жоғарлату басты міндет және өзекті мәселенің бірі.
Білім беру қызметінің сапасын жоғарлату, оны дамытудың стратегиялары олардың ресурстық қамтамасыз етілуіне маңызды талаптар қояды. Олар: мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру, оқу орындарын жаңа техникамен жабдықтау, оқу орнын өнеркәсіптік орындарымен байланыстыра оқыту, ғылымда жоғарғы жетістіктерге жету сияқты аспектілерге қатысты. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін сапа мәселелесін де естен шығармаған дұрыс. «Сапа» сөзі тұрмыста, іскерлік сұхбаттасуда, қолданбалы және теориялық ғылыми жұмыстарда кеңінен қолданылады. «Білім берудегі сапа» түсінігін талдай отырып, батыс ғалымдары 3 негізгі көзқарасты бөліп айтады. Олар: обьективтік, релятивистік және даму концепциясы. Обьективтік көзқарас-сапаның өлшеу мүмкіндігі, релятивистік көзқарас-мақсаттың сәйкес келуін, даму көзқарасында - іскерлікті қарастырады. Қорытындылай келсек, дидактикалық материалдарды тиімді пайдалану, білім берудің негізін қалыптастырады. Тапсырмалар түрлері:
Логикалық тапсырма №1.
«АЗАМАТТЫҚ» сөзінен бірнеше сөз құрастыр
Мысалы: аз, аза, азамат, мама, мат, ата, зат, таза, тат, мата, тық, қат, там, қама, қам, азат, мазақ, атта, ат, замат, мықты, аттық, зыт, тақ , атта, атам, там, қаз, қаза, таз, маза т.б.
2.«Екінші дүние жүзілік соғыс»тақырыбына байланысты білімді тексеру сұрақтары (кәсіптік лицей топтары үшін)
1.Осы әріптен басталатын мемлекет аты ...
2.Дүние жүзі елдеріндегі қала атауы ...
3.тарихи термин сөз ...
4.мемлекеттік басшы...
5.тарихи оқиғалар...
6.тарихи жер атауы...
7.мемлекеттің ақша бірліктері...
8.Батырлар атауы...
9.соғыс қару түрі...
10.Ең ірі державалар...
«Ұлы Отан соғысы» (1941-1945 жж)
Қашан?
|
Қайда?
|
Қандай оқиға болды?
|
1939ж. 1 қыркүйек
|
Польшада
|
|
|
КСРО-ға
|
Фашистік Германия соғыс ашты
|
1942-1943 жж.
|
|
200 күнге созылған шешуші шайқас болды
|
1914- жылы
|
Сербияда
|
|
1941-1942жж.
|
Дүние жүзінде
|
|
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Г.Мұсабекова. Интерактивті әдістер арқылы ізгілендіру (әдістемелік нұсқау) // Ізденіс 2002 28-29 беттер
2.К.Бұзаубақова. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың әдіснамалық бағыттары. // Ізденіс, 2003 16-20 беттер
3.Т.Тұрлығұлов «Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен методикасы» Алматы, 2000
Достарыңызбен бөлісу: |