23.04.2020 Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты шифрлау Ақпаратты кодтау дегеніміз не? Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Декодтау-кодталған ақпарат мазмұнын қалпына келтіру. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды.
Ақпаратты кодтау түрлерінің бірі-Морзе алфавиті.
Ақпараттарды шифрлау дегеніміз не?Шифрлау-ақпаратты құпиялау, рұқсат етілген тұлғаларға қолжетімді және рұқсат етілмеген адамдардан құпия сақталатын ақпаратты түрлендірудің қайтымды түрі. Шифрдан шығару (дешифрлау)-шифрланған ақпаратты бастапқы қалпына келтіру.
Мәтіндік ақпаратты шифрлаудың түрлері: Цезарь шифры. Мысалы: Шиелі сөзін қадам санын 4 деп алып кестеге қарап шифрлайық. Әрбір әріп өзінен кейінгі 4-әріппен алмастырылады. ШИЕЛІ - І Л И О Я 1 2 3 4 1әріп Ш Қазіргі уақытта белгілі бір мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етудің көптеген тәсілдері бар. Осы тәсілдерді зерттейтін ғылым криптография деп аталады.
Кілт-хабарламаларды шифрлау, шифрдан шығару кезінде криптографиялық алгоритмде қолданылатын құпия ақпарат.
Қазіргі техниканың дамыған заманында барлық құжаттарды рәсімдеу электронды түрде жүргізіліп жатыр. Құжаттарды арнайы мекемелерге бармай-ақ, үйде отырып рәсімдеуге болады. Ол үшін барлық азаматта өзінің жеке электрондық қолтаңбасы болуы шарт. Электронды қолтаңба-электронды шифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электронды құжаттың дұрыстығын әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электронды символдар жиынтығы. Құжатты шифрлау-шифрлаудың арнайы кілттері арқылы құжат мәтінін өзгерту.
2-тапсырма. Төмендегі кестені пайдаланып, өз атыңды шифрла. 3-тапсырма. Берілген сөзді шифрдан шығар. Қандай сөз шықты, сол сөзге сөйлем құрастыр. 25 34 51 36 42 33 11 54 25 67