Мұғалімнің әрекеті
І.Ұйымдастыру.
а) Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері: доп арқылы бір-біріне жақсы лебіздерін білдіру.
ә)Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге тапсырма бойынша тест алу:
1.Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген кім?
А. Ахмет Байтұрсынұлы В. А. Құнанбаев С. Ы. Алтынсарин.
2. Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме қалай аталады?
А.Жұмбақ В. Жаңылтпаш С. Аңыз
Тұсаукесер сәті: «Сөзжұмбақты шеш»
1.Орман 2.Отағасы 3. Халық 4. Гимн
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау:
1.Ж. Аймауытов туралы мағлұмат алу. 2. Туған ел туралы ой өрісін дамыту
Негізгі бөлім:Мәтінді оқып беру.
Мәтіннен кешкі ауыл туралы айтылған жолдарды тауып оқы.
2. Қартқожаға нелер қатты әсер етті?
А)Дәптермен жұмыс: Мәтіндегі соңғы азат жолды көшіріп жазады.
Ә)Топпен жұмыс:
1-топ.9-тапсырма.Берілген мәтінді бөліктерге бөлу
2-топ.10-тапсырма.Мәтіннен жазушының туған жерге деген сезімін білдіріп тұрған жолдарын тап
3-топ.11-тапсырма.Мәтін бойынша суретке қарап, ойыңды айт.
Қорытынды бөлім:
1.Ж. Аймауытов туралы не білеміз?
2.Мәтіндегі кейіпкердің аты кім?
3.Қартқожа туралы пікіріңді айт?
Бағалау( қалыптастырушы бағалау, бағалау бетшесін беру, өзін және жұбын бағалайды)
Үйге тапсырма беру: Мәтінді оқып келу
Рефлексия: Сабақ туралы өз ойыңды жаз
Сабақта не ұнады?
Сабақта не ұнамады?
Сеніңше сабақ қалай өту керек?
|
Оқушының әрекеті
а)Шаттық шеңберінде бір-біріне доп лақтыру арқылы жақсы лебіздерін білдіреді: сабақтан алда бол!.....
ә)Үй тапсырмасы:
Тест сұрақтарына жауап береді.
1.Ы. Алтынсарин
2.Аңыз
Сөзжұмбақтың аты Отан.
Тақырыптың атын,мақсатын мұғаліммен бірге анықтайды.
Мәтінді тыңдау. Диалог кезеңіне қатысу
Дәптермен жұмыс жасайды.
Топтық жұмыс жасайды.
Топтық презентация жасайды.
Бағалау бетшесі арқылы бағалау
Үйге тапсырмаға Қартқожаның туған жері мәтінін оқып келуді алады.
Рефлексия жасайды.
|