Бөлім тақырыбы: ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т2) 6-сынып 4-бөлім: Астана – мәдениет пен өнер ордасы Сабақтың тақырыбы: Астананың кереметі. Неологизмдер
Оқу мақсат(тар)ы Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;
ӘТН3. Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Сабақ мақсаттары Ресми сөздер мен дайын тіркестерді қолданып, диалогқа қатысыңыз;
Неологизм сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз.
Ой шақыру.
Әр торға «Астана» сөзінің беретін мағынасын жаз.
Астана
Өзіңді тексер!
Әр торға «Астана» сөзінің беретін мағынасын жаз.
Астана
«Хан Шатыр»
«Бәйтерек»
«Астана-Арена»
«Конгресс Холл»
«Бейбітшілік және келісім сарайы»
Тапсырма №1. Мәтінді оқып, стилін (ауызекі сөйлеу, көркем сөйлеу) ажыратыңдар. «Елорда», «Ару Астана» — мадақ етіп, жырға қосарлық шынайы тақырып. Сар даланың төрінде әсем қала бой түзеді. Ия, астанасын жаңғыртқан мемлекеттер баршылық. Алайда бас-аяғы бес жылда жаңа астанаға қоныс аудару тарихта болмаған жаңалық екен. Біздің ел жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа осындай ерлікпен енді.
Тәуекел-ердің қадамы. Астананы көшіру туралы сөз қозғалғанда бірі сеніп, бірі сенбеген. Алайда алғашқы керуен Ақмолаға бет түзеді. Ақмола атауының өзгеруімен өңірге жаңа леп келді. Астанада зәулім ғимараттар салынды.Сарыарқаға сән кірді.
Астана-болашақтың қаласы. Ол-саяси, әлеуметтік, қоғамдық диолог, іскерлік пен озат жетістіктер алаңы.
Сәулетті кешендердің келбеті сан алуан. Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман өрнектерін астастырған — Ақорда, өмір ағашы-«Бәйтерек», «Астана-Арена» спорт кешені мен «Хан Шатыр», Тәуелсіздік сарайы мен «Конгресс Холл»-барлығы да бірін-бірі қайталамайтын туындылар.
Елбасы: «Бұл-ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, көпұлтты және көпдінді халқы бар әсем де мейірлі Астанамыз», — деген еді. Елін бақытты болашаққа бастаған, өз ұлтын шын сүйетін перзент — Президенттен артық кім тауып айтар?!.
Бағалау критерийі: Мәтінді оқып, тілдік құралдары арқылы стилін ажыратыңдар
Дескрипторы: Мәтін мазмұнын түсінеді;
Мәтіннің стилін анықтайды;
Өзіңді тексер!
Мәтін көркем сөйлеу стиліне жатады.
Астана – болашақтың қаласы. Бүгінгі заманның келбетін келтіріп, рухын асқақтатып тұрған Астана – арман мен қиял әлемі.
1.
сөздік қор мен сөздік құрамдағы түбір сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: ұш-ақ, зият-кер т.б.
2.
жалқы есімдерді жалпы есімге айналдыру арқылы: абайтанушылар, еуропалықтар т.б.
3.
екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, жолсерік, мұражай, шипажай, мүшелтой, төлқұжат т.б.
4.
кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: шаруа қожалығы, нарықтық қатынас, шағын кәсіпкерлік т.б.
Тілдік бағдар
Неологизмдер мынадай жолдармен жасалады: Тапсырма №2 Неологизм сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
Ғаламтор, мұражай, саябақ, кеден, ұшақ, зейнетақы.
Бағалау критерийі: Неологизм сөздерді ажырата алады.
Дескрипторы: -Неологизм сөздерді қолдана алады.
Өзіңді тексер! Қазіргі кезде індетке байланысты ұшақтардың ұшуы тоқтатылды.
Ғаламтордан қажетті ақпараттарды тез таба аласың.
Жыл сайын зейнеткерлердің зейнетақысы өсіп келеді.
Атамекен – Астанадағы аспан астындағы мұражай.
Тапсырма №3
Емле ережелеріне сүйеніп, пунктуациялық қателерді түзетіңдер. Елордамыз менің шығармашылығыма жаңа тыныс жаңа леп әкелді бас қала бол ғаннан кейін ақын ағаларымыз қоныс аударды әдеби ортаның жаңа әлемі қалыптаса бастады Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ашылды енді бас қаламыз экономиканың ғана орталығы емес әдебиет пен руханияттың да ордасына айнал ды көптеген жоғары оқу орындары бой көтерді жан-жақтан таланты тас жаратын жастардың басақын бы жиналды қайтадан қыран құстай түлеуіме олып танылуыма осының әсері тиді елордаға жас ақындар көптеп келген соң бір-бірімізбен шұрқы расып табыстық бір өлең жазсақ, соны оқуға асықтық...
(Қалқаман Сарин)
Бағалау критерийі: Қазақ тіліндегі тыныс белгілерді түсініп, дұрыс қолданады.
Дескрипторы: -Мәтін үзіндісіндегі пунктуациялық қателерді түзетіп, көшіріп жазады.
Өзіңді тексер! Емле ережелеріне сүйеніп, пунктуациялық қателерді түзетіңдер. Елордамыз менің шығармашылығыма жаңа тыныс, жаңа леп әкелді. Бас қала болғаннан кейін, ақын ағаларымыз қоныс аударды. Әдеби ортаның жаңа әлемі қалыптаса бастады. Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ашылды. Енді бас қаламыз экономиканың ғана орталығы емес, әдебиет пен руханияттың да ордасына айналды. Көптеген жоғары оқу орындары бой көтерді. Жан-жақтан таланты тас жаратын жастардың басы жиналды. Қайтадан қыран құстай түлеуіме, ақын болып танылуыма осының әсері тиді. Елордаға жас ақындар көптеп келген соң, бір-бірімізбен шұрқырасып табыстық. Бір өлең жазсақ, соны оқуға асықтық...
(Қалқаман Сарин)
Рефлексия
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Қосымша тапсырма: Неологизм сөздерді қолданып, Астананың туған күніне орай құттықтаухат жазыңдар.