Облыс: ОҚО
Аудан/қала: Шымкент
Мектеп: Б.Өтеп атындағы «Өнер» мамандандырылған мектеп-интернаты КММ
Пән: Физика
ФИО: Жаркинбекова Багира Советовна
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым.
Сабақтың мақсаты: Физика пәнінен алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, формуланы тез еске түсіріп есеп шығара білу, сұраққа ұтқыр жауап беру. Оқушылардың білім деңгейін көрсете алуы, топпен жұмы істеуі, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға атмосфералық қысымның пайда болу себебін, атмосфералық қысымның өлшем бірлігі, Жер шарының әр түрлі орындарында атмосфералық қысымды үнемі өлшеп отыру не үшін қажет екенін түсіндіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың белсенділігін көтеруге, ойлау және есте қабілеттерін арттыруға, өз ойларын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға үйрету.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке , ұйымшылдыққа, жолдастарына көмек беруге, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, плакаттар, үлестірме қағаздар, стақан, су, қағаз, жұмыртқа, шыны ыдыс және т.б.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрау-жауап, есеп шығару, топпен жұмыс.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
б) Оқушылардың оқу құралдарын тексеріп, сабаққа даярлау.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
III. Топтық сайыс.
IV. Сабақты қорытындылау( екі топтың тәжірибелерін тамашалау).
V. Үйге тапсырма беру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жердің бетін ауа қабығы- атмосфера қорғап тұрады. (Атмосфера-грекше, атмос-бу, ауа және шар- сфера деген екі сөзінен құралған).
Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады. Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіреді. Атмосфера – газ, сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан Жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.
Мынадай тәжірибелер жасап көрейік. Шыны воронканың бетін ауа шарының резеңке қабығымен жауып, воронканың ішіндегі ауасын сорғымен сорып шығарамыз. Сонда резеңке қабық ішке қарай тартылады. Ауаны сорып шығарғанға дейін қабыққа екі жағынан бірдей қысым әрекет етеді де, ол тегіс болып табылады.
Воронкадан ауаны сорып шығарған кезде оның ішіндегі ауа азаяды, ал сыртқы атмосфералық қысым қабықшаны ішке қарай қабыстырады.
Екінші тәжірибеде ішкі қабырғаларына тығыз кептеліп тұратын жылжымалы поршені бар шыны түтік алынады. Оны ішінде суы бар ыдысқа батырып, поршеньді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршеньмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Мұның мәнісі мынада. Атмосфера су бетіне төмен қарай бағытталған қысыммен әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысым барлық бағыттарға бірдей беріледі. Міне, суды поршеньмен ілестіре көтеретін осы атмосфералық қысым.
Жер бетіне және ондағы барлық денелерге түсетін қысым атмосфералық қысым деп аталады.
Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 миллиметр сынап бағаны (1 мм сын бағ) алынады.
1 мм сын. бағ. = 133,3 Па =1,33 гПа.
Атмосфералық қысым адамдардың көңіл күйіне, денсаулығына елеулі әсерін тигізеді. Атмосфераның күйіне ( температурасына, ылғалдылығына) байланысты атмосфералық қысым да өзгеріп отырады. Сол себепті ауа райын болжау үшін, басқа мәліметтермен қатар, міндетті түрде, атмосфералық қысымның да мәні ескеріледі.
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр ( грекше барос – ауырлық, метрео – өлшеймін) деп аталады. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр (грекше барос-ауырлық, метрео-өлшеймін) деп аталады.
IІІ. Топтық сайыс.
Сайыс жоспары:
Білімділік ( сұрақ –жауап) шамалар бойынша.
Формуланы білесің бе? Әр топ формулалар жазып сайысқа түседі.
Шапшаңдық сайысы, есептер шығару.
Жұмбақтар сайысы. Әр топ жұмбақтың шешуін үш тілде жауап беруі керек.
І. Білімділік.
Ньютон тобы:
Физика нені зерттейді?
Табиғатты зерттеудің қандай ғылыми әдістері бар?
Молекула дегеніміз не?
Диффузия дегеніміз не?
Заттың қанша күйі бар және олардың қасиеттері қандай?
Механикалық қозғалыс деп нені айтады?
Инерция дегеніміз не?
Деформация деп нені айтады?
Қысым деп нені айтады?
Паскаль заңы қалай айтылады?
Паскаль тобы:
Қысымды қалай анықтайды?
Гук заңы қалай тұжырымдалады?
Күш дегеніміз не?
Ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымы қандай шамаларға тәуелді?
Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?
Дененің салмағы дегеніміз не?
Молекулалық – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?
Күштердің қандай түрлерін білесіңдер?
Қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы не білесіңдер?
Газ қысымы қалай пайда болады?
ІІ. Формуланы білесің бе? Тақтаға физикалық шамалар ілінеді, сол шамалар төңірегінде сұрақтарға жауап беріледі және формулаларын тақтаға жазады.
Жылдамық – Тығыздық - Күш -
Жол – Масса - Қысым -
Уақыт - Көлем -
ІІІ. Шапшаңдық сайысы
Есеп № 1
Цистернадағы мұнай бағанының биіктігі 10 м, оның тығыздығы 800 кг/м3. Мұнайдың цистерна түбіне түсіретін қысымын анықтау керек.
Есеп № 2
Ауданы 5 м2 болатын ыдыстың түбіне керосиннің түсіретін қысымын есептеңдер. Ыдыстағы керосиннің массасы 500 кг.
Жұмбақтар.
1.Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (масса, масса, уейт)
2. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң
Ньютонға ол келеді. (Күш, сила, поуер)
3. Судан шығады,
Судан қорқады. (тұз, соль, сальт)
4. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. ( мұз, лед, айс)
5. Жылт – жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су, вода, уоте)
6.Дамыл таппай жұтқаның,
Өмір нәрі ұққаным (ауа, воздух, ейе)
Сайыс соңында, топтардың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топ анықталады.
IV. Сабақты қорытындылау.
VI. Үйге тапсырма: § 48 оқу, есеп № 411( В.И. Лукашик).
Достарыңызбен бөлісу: |