Өтепқали Нәсіпқали ЗинелғабиденұлыИндер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы Авто ісі мамандығы“Жас шебер” үйірмесі жетекші мұғалімі І санатты Индер аудандық білім беру бөлімінің ІІ дәрежелі «Диплом» - 2009 ж. Индер аудандық білім беру бөлімінің ІІІ дәрежелі «Диплом» - 2011 ж. Индер аудандық білім беру бөлімінің ІІ дәрежелі «Диплом» - 2012 ж. Ұлттық бизнес-рейтингтер одағы «Еңбек жолындағы тиімділігі үшін» медаль 2014ж
1.Білімділік - Двигатель карбюраторлары бөлшектерінің қызметі және күтіп–жөндеу жұмыстары тақырыптары бойынша, оқушылардың алған білімдерін қайталау, пысықтау, еске түсіру, сөйлеу қабілетін қалыптастыру. Карбюраторлардың қызметінің маңыздылығына өз бетінше іздену арқылы, білім алуға машықтандыру. Қоректендіру жүйесі қызметімен, күтіп – жөндеу жұмыстарын жасап үйрету.
2. Тәрбиелік - Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, ойлау қабілеті жоғары тұлға етіп тәрбиелеу. Оқушының еңбекке қабілеттілігімен қатар кәсіпке икемділігін қалыптастыру, мамандық таңдауға бағыт – бағдар беру.
3. Дамытушылық - Оқушының теориялық алған білімін, практикалық іс жүзінде дамыту, топта жұмыс жасау арқылы қажеттілік, танымдық, өзара көмек, іскерлік, кәсіптік дағдыларын және сөздік қорын дамыту.
Үй тапсырмасын тексеру: Двигатель механизмдері мен жүйелер тақырыбында дайындаған рефераттарға талдау жасау, талқылау,бағалау,тест(сұрақ – жауап) әдісімен өткен тақырыптарды қайталау.
1. Отынның қандай түрлері карбюраторлы двигатель үшін қолданылады ?
2. Отынды карбюраторға қолмен қалай айдауға болады ?
3. Бай және жұтаң жанғыш қоспаның анықтамасын беріңдер.
4. Қоректендіру жүйесінің негізгі ақауларын атаңдар.
Үйге тапсырма: Сабақта өткен двигатель механизмдері мен жүйелеріне арнап жаңадан рефераттар дайындау, өткен сайыс сабақ туралы оны бұдан да жоғары дәрежеде өткізу, жаңалық енгізу туралы пікір жазып келу.
Газ – 3111, ВАЗ – 2107, Ваз – 2110, Ваз – 2112, Ваз – 2114,Ваз – 2123 іштен жану қозғалтқыштарының қоректендіру жүйелерінің жұмыстарын мұғалімнің, топ шеберінің қадағалауымен бақылау және бағалау.
Теориялық және практикалық алған білімді қорытындылау.
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең»демекші менің ұстаз ретінде алдыма қойған мақсатым, шәкірттерімнің терең білімді, интелектуалды, заманауи техника түрлерін еркін меңгерген еліміздің өркендеп дамуына өз үлестерін қоса алатын мүмкіндіктері бар деп есептеймін. Шәкірттерімнің арасынан өз мамандығын жетік меңгерген, теория мен практиканы қатар жүргізе алатын ұстаздар шықса менің еңбегімнің жанғаны деп есептеймін. Сондықтан, өз шәкірттеріме білімімді жетілдіре отырып үйретіп, талапты да, талантты оқушылар оқытып тәрбиелеу - менің негізгі мақсат-парызым деп білемін.