Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер Сынып: 9 «Ә»



Дата19.01.2023
өлшемі157,5 Kb.
#165947
түріСабақ



Абай атындағы №26 орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:
Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер

Сынып: 9 «Ә»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Илебаева Ш.К.

Тараз
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жаһандану мәселелері.Стилистика .
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер


Мақсаты: 9.1.4.1. мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;
9.3.4.1.эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)


«Ой түрткі» әдісі.

  1. Оқылым. Мәтінді суреттегі ақпараттармен толықтырыңдар.





Жаһандану дегенімізбір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол – біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан процесс. Еліміз басқа елдермен экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзімізге қарайықшы.
Киген киіміміз Еуропа, Қытай, Түркия елдерінде тігілген. Германия, Америка, Оңтүстік Корея елдерінен шыққан көліктерді мініп жүрміз. Күнделікті қолданатын тұрмыстық техника да бізге мұхит асып келіп жатыр. Тіпті ыдыс-аяқты да көрші Қытай елінен аламыз. Ал ішетін шайымызды Үндістан өндіруде. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Біз де өз кезегімізде басқа елдерге мұнай мен газды, жүн мен мақтаны, қара және түсті металл мен таскөмірді т.с.с. жіберіп жатырмыз.
Жаһандану жағымды да жағымсыз жақтары, ерекшеліктері бар процесс. Жаһанданудан сырт қалу қаншалықты мүмкін болмаса, оған қарсы күресу де соншалық мүмкін емес. Сондықтан зерттеу арқылы оның жағымсыз жақтарына сақтықпен қарау қажет. (Райхан Әбішева).


Дескриптор
- мәтінді түсініп оқиды;
-мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтай алады;
- мәтінді суреттегі ақпаратпен толықтырады;
2) Әдеби тіл нормалары.



Кітаби-жазба стиль
Кітаби-жазба стильдер – әдеби тілдің өмірдің белгілі саласында пайдаланылып, танылған стильдер түрі. Олар әр саладағы атқаратын қызметіне қарай ісқағаздар мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем әдебиет стилі болып жіктеледі. Публицистикалық стиль қоғамдық, саяси өмірдегі маңызды мәселелерді талқылау мақсатында қолданылатын тілдік бірліктердің қолданысын; ресми-іскерлік стиль экономика, құқық, дипломатия салалары мен мемлекеттік орындардағы құжаттардың тілін; көркем әдебиет стилі көркем әдебиетте (проза, поэзия, драматургия) сөздердің қолданысы мен қызметін; ғылыми стиль ғылым салаларындағы тілдік бірліктердің қолданысын қарастырады.



Жазылым.


2-тапсырма. Мәтінсоңы жұмыс.
Кітаби-жазба стильдің бір түріне қазіргі заманғы жаһандық мәселелер туралы 5 сөйлем жазыңдар.


Дескриптор
- мәтінді суреттегі ақпаратпен толықтырады;
- казіргі заманғы жаһандық мәселелер туралы 5 сөйлем жазады;


3-тапсырма. Венн диаграммасы.
ЖаҺандану артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру.




Дескриптор

  • жаһанданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды;

  • көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікір жазады.

4 тапсырма. Сабақта жинақталған материалдар негізінде «Казіргі заманғы жаһандық мәселелер» тақырыбында аргументативті эссе жазыңдар. Сөз саны-100.


Дескриптор

  • көтерілген мәселе бойынша, өз ойын дәлелдеп эссе жаза алады (аргументативті эссе)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет