Тақырыбы: Цифрлық онлайн оқытудың жағымды және жағымсыз жақтары



Дата08.02.2022
өлшемі285,49 Kb.
#118900
Байланысты:
Эссе


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Математика, Физика және Информатика институты

Эссе
Тақырыбы: Цифрлық онлайн оқытудың жағымды және жағымсыз жақтары.

Орындаған: Умирбек Айнур.иок 191
Қабылдаған: Ошанова.Н.Т

Ғаламды шарпыған індеттің елімізге дендеп енуіне байланыс­ты қашықтан оқы­ту қанатын кеңге жай­ғаны баршамызға аян. Уақыт бізді таң­да­ды, біз тарихи мүмкін­­дігімізді жүзеге асырудамыз. Қашықтан оқуға еш дайын­дықсыз кірсе де ұстаз­дарымыз халық, ұрпақ алдын­дағы міндеттерін лайықты атқаруда. Алдағы уақытта да қашық­тан оқытудың тәсіл­дерін меңгеріп, ғаламтордың шексіз мүмкіндіктерін игеріп, сабақты балаға қызық­ты етіп беруге тиісті болды бұл қашықтықтан оқытудың басты талаптарының бірі болды.


Бүгінгі педагогтің шығармашылығы оның виртуалды аудитория­да оқытуды ұйымдастыру ше­берлігінен көрінетін бола­ды. Бұл жұмыстар мұға­лім­дердің ақпараттық сауат­тылық бойынша таным көк­жиегін кеңейтеді. Ақпараттық сауаттылық пен тәжірибе – жан-жақты дайындықты қажет ететін күрделі үдеріс. Дәл бүгін­гідей цифрлы төң­керіс заманында оның мүм­кін­діктері шексіз. «Үй­ренгені бардың үйретері бар» демек­ші, мұғалімдеріміз қашықтан оқыту бойынша біліктілік курстарынан өтіп, оны практикада қолданатын болады. Білім және ғылым ми­нистр­­­лігінің тапсырмасы­мен «Назарбаев зияткерлік мек­т­ептері» ДББҰ Педагоги­ка­лық шеберлік орталығы 2020 жылдың 27 шілдесінде Қазақ­стан Республикасы педагог­тері­не арналған қазақ және орыс тілдерінде «Қашықтан оқы­туды үйре­немін» атты кур­сы өз жұмы­сын бастап кетті. Қашықтан оқытуды жү­зеге асыруда кездескен тех­ни­ка­лық қиындықтарды қос­па­ғанда, оқушылардың бо­йын­дағы әлеуметтік құн­ды­лықтар кеміп, тәжі­рибе­лік дағдылар төмендеп кетуі мүм­кін. Бұл, әрине цифрлық білім беру ресурсы мұға­лімді алмастыра ал­май­­ты­нының дәлелі. Осы кезең­де пе­дагогтің міндеті – оқушы­ның тапсырманы өз бетінше орын­дауына қолдау көрсету, бағалау жұмыстарын басқару. Осы­ған орай педагог түрлі сер­вис­тер мен интернет тұғыр­на­маларды пайдаланады. Дәл осы міндетті жүзеге асы­ру­да аталған курстың мәні жо­ға­ры болды. «Үйренгенді желге ұшырмай іске асыр» деп Ж.Баласағұн бабамыз айтқандай, бұл дағдылар­ды іске асыру практикамен келе­тіні сөзсіз. Үй жағдайында отырған баланы қызықтырып тапсырма орындату қиындығын ата-анамен бірге еңсергенде ғана құнды бола­ды. Әдетте өз бетімен орындай алмайтын тапсырма жақсы тапсырма болып есеп­­телмейді. «Бағалау тапсырмасын әзірлеу және сараптау» тақырыбындағы мұғалімдердің біліктілік арттыру курсын жүргізу тәжі­рибемде осы мәселеге көп назар аударамын. Тапсырманы балаға қалай қызықты беруге болады? Оларды не қызықтырады? Жас ерек­шелігіне, деңгейіне сәйкес пе? Тіп­ті грамматиканың өзін өмірмен байланыстырып, жағдаят арқылы берсе, ана­ғұрлым тиімдірек болады. BilimLand, iMektep.kz сайтын­дағы интерактивті сабақтарды зерделеп қарайтын болсақ, контент негізінде қарапайым деңгейден, орта, жоғары деңгейге дейін тапсырмалар бірнеше нұсқада беріледіБарлық жауапты қызметкерлердің жүйелі жұмысы нәтижесінде мектебімізге қарасты 112 отбасы компьютерлік техника және роутерлермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 35 мұғалімге дербес компьютер және 28 педагогке роутер берілді. Осылайша, ұстаздарымыздың барлығы сапалы білім беру үшін дербес ақпараттық техникамен толық жабдықталды.
Оқушыларымыздың 70 пайызы смартфон, 30 пайызы компьютерлік техника, планшет құрылғысы арқылы қашықтан білім алуға дайын екендігі анықталды.
Қашықтан оқытуды жүйелі ұйымдастыру және қолдау көрсету мақсатында педагогтерге, оқушыларға, ата-аналарға арналған нұсқаулықтар мектеп сайтында, Кundelik.kz платформасында жарияланды.
Мектеп әкімшілігі жұмыс жоспарын қайта қарастырып, түзетулер енгізді.
Білім беру ұйымы құрылымындағы әр сала қашықтан оқыту режимінде нәтижелі де, сапалы жұмыс жүргізуі үшін арнайы циклограмма жасалды. Сонымен қатар, ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер тарапынан кездескен қиындықтарды дер кезінде шешу үшін жұмыс штабы құрылды.

Ең алдымен, мұғалімдердің ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту үшін онлайн курстар, вебинарлар ұйымдастырылды. Педагогтерге өз пәні бойынша білім контентін жасауда үнемі әдістемелік нұсқаулықтар, ұсыныстар, кері байланыс беріліп келеді. Оқушылардың қажеттілігіне және мүмкіндіктеріне қарай ZOOM, Меет платформалары арқылы онлайн сабақтар да жүргізілуде. Бір отбасында бірнеше оқушы бар екені ескеріліп, икемді сабақ кестесі жасалды. Әр бала оқумен қамтамасыз етілді. Басқа аймақтарда жүрген оқушыларымыздың да мүмкіндіктері назарға алынды. Осылайша, бірде-бір оқушымыз оқыту үрдісінен тыс қалған жоқ. 1курстың екінші семестрінен бастап қашықтықтан оқып жатырмыз,яғни онлайн. Қашықтықтан оқытуға шыққан күніміз естен кетпестей күн болды. 2020 жылдың наурыз айының 16-сынан бастап қалаларда вирусқа қарсы карантин болды. Бәрімізді өз қалаларымызға жіберді.Ал бұған кейбіреуі қуанса, кейбіреуі мұңайды.Болашақта не боларын бір Алладан басқа ешкім білмеді.Басында онлайн болған кезде бәрімізге қиын болғаны анық,ҚО-ға үйренісе алмай,қандай программаны қалай қолдану керек екенін білмедік. Мұғалімдерде қолын бір сілтеп қоя салған жоқ.Барынша студенттерге қолдан келген бар көмегін аямай көмектесті.Уақыт өте келе бәрін үйреніп,білдік. Әр нәрсенің өзінің пайдасы да ,зияны да бар.Сол сияқты ҚО-дың өзінің жағымды, жағымсыз жақтары бар. Жағымды және жағымсыз жақтарын кезек пен жазып өтейін:


Жағымды жақтары:
Уақыт үнемдеу. Біз университетке барған кезде уақытымыздың көбі автобус күту,көлік кептелісі, тағы басқадай дүниеге уақытымыз кететін.Ал казір сабағымыз тек қана 4 сағат болса,сол уақытты оқуға бөлеміз. Қалған уақытта өзіміздің сүйікті істерімізбен айналыса аламыз.
Ата-анамыздың қасында.универде оқып жургенде ата-анамызды сағынып, оларға барғымыз келіп тұратын.Ал қазір кунде уйде, ата-анамыз қасымызда шүкір.
Қаражат үнемдеу. Біз студент болғаннан кейін Ата-анамыздан алыс кетеміз.Квартира немесе жатақанада тұрамыз.күнделікті жейтін азық-түлігіміз,жолымыз бар,осылардың бәріне қаражат кететін. Ал қазір уйдеміз.Қаражат үнемделді.
Сабаққа жан-таласып қатысу. Кейбір студенттер бар ұялып студенттер көзінше сасқалақтап сабақ айта алмайды. Ал ноутбук алдында емін еркін отырып ашық сабақ айта алады.
Жаңа технологияларды үйрену.ZOOM,GOOGLE MEET,Univer жүйесі т.б осындай платформада қолданып,үйрендік.

Жағымсыз жақтары:


1)Біз тек қана 6 ай ғана оқыдық. Студенттік өмірдік қызықтарын сезбедікте.
2)Группаластармен қарым-қатынастың төмен болуы.
3)Көп уақыт техниқалық құралдардың(ноутбук,ұялы телефон т.с.с) алдында ұзақ отыру.
4)Кей-кезде сабақты дұрыс түсінбей қалу.
5) Мидың тынықбауы.Қазіргі сәтте барлық жер жабық болуына байланысты ешқайда шықпауы,яғни қозғалыстың жоқтығы.


Барынша ҚО-ның өзіме жағымды жағымсыз жақтарын жазып шықтым. «Әрбір істің бір қайыры бар»-деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Бұл індеттіңде артынан заманымыз жақсарар.Індетте бітіп бізде университетке баратын күнде алыс емес шығар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет