Пән: Қазақ әдебиеті
|
Мектеп: «Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ» КММ
|
Күні: 10.02.20
|
Машықкер: Нұрбек Дана Нұрбекқызы
|
Сынып: 9 «а»
|
Қатысқаны:
|
Қатыспағаны:
|
Бөлім
|
Адам жанының құпиясы
|
Сабақтың тақырыбы
|
Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты
|
Оқу мақсаттары
|
Анализ және интерпретация
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
|
Сабақтың смарт мақсаты
|
Шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттеу отырып, креативті әңгіме жазу.
|
Бағалау критерийі
|
Автор стиліне сүйене отырып, әңгіме жазады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлтжандылық, адамгершілік, мәдениеттілік
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих, шығыс әдебиеті
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылым
|
Бастапқы білім
|
Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Іс-шаралар
|
Ресурстар
|
5 минут
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Бір қадам алға...»
Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
ІІІ. Психологиялық ахуал туғызу
«Өз таңбаңды (герб) жаса»
Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның ішіндегі бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады:
Өз есіміңізді жазыңыз.
Сүйікті пәніңізді жазыңыз.
Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің атын жазыңыз
Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамды жазыңыз
Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз жазыңыз.
Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз.
Өзіңнің басынан өткен бір қызықты оқиға жайында әңгімелеңіз.
Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде сұхбаттасады.
ІV. Қызығушылықты ояту кезеңі
Берілген пікір аясында әңгіменің өмірге келуі туралы білімдерін ортаға салады, пікір бөліседі.
• В.Г.Белинский: «Былайша айтқанда, драмаға арқау бола қоймайтын, романға тапшылық ететін, бірақ ғасырлар бойы бастан кешіріп болмастай жайттарды қас қағым сәттің өзіне шоғырластыратын терең мәнді уақиғалар, жағдайлар болады. Әңгіме осындай құбылыстарды алады да, өзінің тар шеңберіне сыйғызып жібереді», - дейді. Айтылған пікір аясында сіздің ойыңыз қандай?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.
|
Суреттер, таратпа материалдар
|
10 минут
10 минут
10 минут
5 минут
|
«Стоп кадр»
Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Мұғалім кітап арасынан белгілі бір үзіндіні оқиды. Сосын «стоп» деп тоқтап, сыныптан осы үзінді қай жерден алынғандығын, үзіндіде не туралы айтылғандығын сұрайды.
Мағынаны тану кезеңі ЖЖ
1-тапсырма. Оқушылар берілген сұрақтың аясында интерпретация жасайды.
Жазушы бұл шығарма арқылы оқырманға қандай ой айтқысы келді?
Интерпретациялауға арналған негізгі ақпараттар:
Шығарманың авторы және атауы. Жазылу тарихы, прототиптерді және кімге арналғанын айтып өту қажет.
Шығарма қандай жанрда, қандай бағытта жазылған?
Тақырыбы мен идеясы.
Сюжеттің негізгі оқиғасы, дамуы.
Мәтіндегі көркем бейнелер.
Әдеби әдістер – көркемдегіш құралдарды пайдалану, т.б.
Прозалық шығарманың тақырыптық ерекшеліктері.
Жазушы шығармашылығындағы туындының рөлі.
Прозаға жеке пікір.
2-тапсырма
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына
|
Бөліктің сол жағына
|
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.
|
Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
|
Әр оқушы күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылған дұрыс.
Дескриптор:
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.
Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады.
ТЖ
3-тапсырма. Берілген үлгіні назарға ала отырып, В.Г.Белинскийдің айтқан ойы бойынша автордың жазу стиліне баға береді. Оқушылар шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттеп, автор стиліне сүйене отырып, креативті әңгіме жазады. Оқушылар бүгінгі өзекті тақырыпты арқау етеді. Топ оқушылары ең үздік жұмысты «Автор орындығы» әдісі арқылы көпшілікке ұсынады.
Дескриптор:
автордың жазу стиліне баға береді;
шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттейді;
автор стилін сақтай отырып, креативті әңгіме жазды.
Сергіту сәті
«Қабырға сурет» әдісі
Ойтолғаныс кезеңі. Жеке жұмыс
Оқушылар сабақты бекіту мақсатында қорытынды жасайды.
|
|
5 минут
|
Кері байланыс
«5 саусақ» әдісі
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық.
Балан үйрек – маған түсініксіз болды.
Ортан терек – маған жеткілікті болмады.
Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім.
Кішкене бөбек – менің ұсынысым.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |