Сабақтың тақырыбы: Білімдер мекені. Сабақтың мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі44 Kb.
#42287
Сабақтың тақырыбы: Білімдер мекені.

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиетінен өтілген тақырыптарды қайталап ойға берік бекіту, саналарына сіңіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөз шеберлігіне баулу, тіл көркемдігін сезініп, оның қадірін-қасиетін ұғындыру, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер.
Жүргізілу барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар! «Өнер алды-қызыл тіл»-деп Абай атамыз айтқандай, сіздер сөз өнері байқауына «Алғыр болсаң озып көр» сайысын тамашалағалы отырсыздар.

Ендеше, қошеметтеп, ойынға қатысушыларды ортаға шақырайық.

Ойын шартымен таныстыру.


  1. Үйден дайындап келген 10 мақал айту.

  2. Берілген тақырыпқа мақал құрау.

  3. Мақалдың тіркесін табу.

  4. Жұмбақ сайысы.

  5. Сұрақ-жауап.



  1. Мұнда екі топ үйден дайындап келген мақалдарын айтады. (10).

2. I топқа : Денсаулық туралы мақал айту.

1. Денсаулығым байлығым.

2. Дені саудың жаны сау.

3. Денсаулық зор байлық.

4. Спорт денсаулық кепілі.

II топқа : Тіл туралы мақал айту.


  1. «Өнер алды қызыл тіл».

  2. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ».

«Басқа пәле тілден».

«Бала тілі бал».

«Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады».


  1. Тіркесін табу.

I-топ.

1. Ерді намыс өлтіреді.

(Қоянды қамыс өлтіреді).


  1. Басқа елде сұлтан болғанша,

(Өз еліңді ұлтан бол).

  1. Зейімі бардың

(Бәріне де бейімі бар).

  1. Жаманға жан жуымас,

(Жалқауға мал жуымас).

  1. Отансыз адам-(ормансыз бұлбұл).

  2. Ашу дұшпан ақыл дос, (Ақылыңа ақыл қос).

II-топ.

1. Балалы үй-базар,

Баласыз үй-қу мазар.

2. Еріншек түске дейін ұйықтайды.

(Кешке дейін есінейді).

3. Біткен іске сыншы көп,

(Піскен асқа жеуші көп).


  1. Еңбек етпесең елге өкпелеме,

(Егін екпесең жерге өкпелеме).

  1. Күлме досыңа,

(Келер басыңа).

  1. Досы көпті жау алмайды,

(Ақылы көпті дау алмайды).
4. Жұмбақ сайысы.

I-топ.


1. Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар (пияз)

2. Көктемде көктеп масағы,

Шілдеде жайлап шашағы,

Тамызда толық толықсып,

Қауызын күзде ашады.(бидай)

3. Мекені-егісті алқап,

Басында талпақ қалпақ. (Күнбағыс)

4. Жаз бойы терімді төгем келіп,

Жүйектеп шығады көгенделіп.

Сырты доптай қатты,

Іші сондай тәтті. (Қарбыз)

5. Егіп сауырсаң есебі

Қара жерде өседі.

Үлкен-кіші қызыққан,

Айнымайды шұжықтан. (Қияр)

6. Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас.(Жұлдыз)

7. Тұмсығымен қозғалар,

Артында аппақ із қалар.(Бор)

8. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.(Кітап)


II-топқа.

  1. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар.(киіз үй)

  2. Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті. (ара)

  1. Сақталады 6 ай жаз,

Сандығымда сары аяз.(тоңазытқыш)


  1. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады (қоян)

  1. Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.(су)

  1. Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.(қалам)

  1. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(ауа)

  1. Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыздомалап

Зыр жүгіре береді.(доп)




  1. Сұрақ-жауап.

I-топ.

1. Заттың атын білдіретін сөз табы.(зат есім)

2. Қазақша жылдың басы? (Тышқан)

3. 9-мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)

4. Ұя салмайтын құс. (Көкек)

5. Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсету (Масштаб)

6. Көкжиектің неше тұсы бар?

(Төртеу, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)

7. Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

(Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем)

8.Жер қыртысын толтырып жатқан денелер. (Тау жыныстары)

9. Көптік жалғауларын ата. (лар-лер, дар-дер, тар-тер)

10. Төртті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша шығады? (4+4*4=32)

11. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Б.Соқпақбаев)

12. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Т.Әубәкіров 1991 ж)

13. Әріпті өрнек дегеніміз не? (Белгісіз санды табу)

14. 1 метрде неше см бар? (100 см)

15. 8-дің квадраты нешеге тең? (8*8=64)

II-топқа.


  1. Қазақ даласына мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)

  2. Қазақстанның атақты суретшісі кім? (Әбілхан Қастеев)

  3. 6-шілде қандай мереке? (Астана күні)

  4. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

  5. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең? (0+1+2+3+4+5+6+7+8+9=45)

  6. Абай атамыздың табиғат жайлы өлеңдерінің атауларын ата. (Көктем, Жазғытұры, Күз, Қыс)

  7. Қазақтың атақты күрес шебері кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

  8. Қазақ тілінде неше септік бар? (Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс,көмектес)

  9. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы кім? (Шоқан Уәлиханов)

  10. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (Енін ұзындығына көбейтеміз)

  11. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (Екеуі тең)

  12. Шаршы дегеніміз не? (Барлық қабырғалары тең төртбұрыш)

  13. Қазақтың ұлттық ойындарын ата. (Аударыспақ, қыз қуу, көкпар, бәйге)

  14. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (Компас)

  15. Үш жұртты ата. (Өз жұртың, нағашы жұрт, қайын жұрт)


Сабақты қорыту.

Мақал қайдан шығады ой болмаса,



Киіз қайдан шығады қой болмаса дегендей бүгін біз оқушылардың мақал мен жұмбақ жарысын тамашаладық. Олай болса әділ қазылардан ұпай санын білейік.
Каталог: uploads -> doc -> 0423
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0423 -> Сабақ жоспары Сынып 8 «А» «Б» Күні: 15. 12. 2015 Пәні : Биология
0423 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары. Сыныбы: Пән мұғалімі: Мсутафаев Т. А тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет