Сабақтың тақырыбы: Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу Пән мұғалімі: Әбдікәдірова Қ. Б. Класс: 7 «А», «Ә», «В»



Дата17.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#102304
түріСабақ
Байланысты:
000edc5a-1f559f60


Сабақтың тақырыбы:

Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу



Пән мұғалімі: Әбдікәдірова Қ.Б.

Класс: 7 «А», «Ә», «В».

Күні: 20.12.17ж. 21.12.17ж.

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

7.2.2.8 – күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;

7.2.2.9 – денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосуды үйрену. Теңәрекетті күш ұғымын ашу. Формуласын үйрету, өмірмен байланыстыра отырып білім-білік дағдыларын қалыптастырады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Тілдік құзіреттілік

Жаңа білім. Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

Үйкеліс күші.

Үйкеліс әрекетін техникада ескеру



Сабақтың барысы:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Ұйымдастыру 5 мин

Мұғалім сынып оқушыларының назарын сабаққа аударып, оқушыларды түгелдеп, психологиялық ахуал тудырады.

Оқулық, дәптер.


Өткенге шолу

10 минут



«Суреттер сөйледі» әдісі. Интерактивті тақтада көрсетілген суреттер бойынша оқушылар топ болып физикалық әңгіме құрастырады. Яғни, әңгіме барысында физикалық құбылыстар мен заңдылықтарға сүйене отырып және физикалық шамалар мен өлшем бірліктерді пайдалана отырып әңгіме құрайды.






Интерактивті тақта

«Кім алғыр?» ойыны 5 минут

Оқушыларға логикалық сұрақтар жазылған кеспе қағаздар таратылады.

  1. 1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді ? ( Құс жолы)

  2. 2. Елеуішпен су әкелуге бола ма?    ( болады егер қар немесе мұз болса)

  3. 3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)

  1. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  2. 4. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

  3. 5. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны , ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)

  4. 6. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

  5. 7. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)

  6. 8.Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)

  7. 9. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? (көлеңке)

  8. 10. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)

11. Теңізде қандай тастар болмайды ? ( құрғақ)

12. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)




Кеспе қағаздар

Жаңа сабақ (10минут)



Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш сол күштердің тең әрекетті күші деп аталады.

Егер екі күш денеге бір бағытта әрекет ететін болса, онда олардың тең әрекетті күші де солай қарай бағытталады және осы күштер мәндерінің қосындысына тең:

Егер денеге қарама-қарсы бағытталған екі күш әрекет ететін болса, онда олардың тең әрекетті күші көбірек түсірілген күш жағына қарай бағытталады және осы күштердің мәндерінің айырмасына тең:

 

Егер денеге мәндері бойынша тең, ал бағыттары қарама-қарсы екі күш әрекет етсе, онда олардың тең әрекетті күші нольге тең болады



Сабақты пысықтау 5минут

Теңәрекетті күшті есептеуге арналған есептер:

1. Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді: F1= 50Н; F2= 100Н; F3= 150Н. Олардың теңәрекетті күші неге тең?

2. Дененің қандай да бір нүктесіне әрекет ететін екі қүштің шамасы модуль бойынша 3 Н және 5 Н. Неліктен олардың теңірекетті күші 8 Н және 2 Н болуы мүмкін екенін түсіндіріңдер.

3. Төменде берілген массасы m білеушеге әрекет ететін екі күштің шамалары мен бағыттары бойынша олардың теңәрекетті күшін аңықтаңдар. Ол күш қай жаққа қарай бағытталған?A) F1= 10Н; F2= 10Н; Ә) F1= 3 Н; F2= 8 Н;



Б) F1= 20 Н; F2= 50 Н; В) F1= 5 Н; F2= 15 Н;

4. Денеге бір түзудің бойымен үш күш әрекет етеді: F1= 6 Н; F2= 3 Н; F3= 9 Н. Теңәрекетті күші неге тең? Бұл есептің дұрыс төрт жауабы болуы мүмкін.




Рефлексия

3 минут


«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.



Қорытынды

2 минут

Үй тапсырмасы - § 21. 3.7-жаттығу

Бағалау – Оқушылардың сабаққа қатысымын «өте жақсы», «жақсы», «дайындық керек» т.б. коментарийлер арқылы бағалау.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет