Математика
|
Күні: 13.11.2015 ж Сыныбы: 4 «А»
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс.
Алыстау жылдамдығы
|
Сілтеме
|
Әдістемелік құрал, оқулық.
|
Жалпы мақсаты
|
Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі алыстау жылдамдығын табуды үйрету
|
Оқыту нәтижесі
|
Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі алыстау жылдамдығын табуды үйренеді
Есепті өздігінен талдап, түсініп шығаруға дағдыланады
Ойлау қабілеті артады
|
Негізгі идеялары
|
Топпен және жұппен жұмыс жасату арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу .
|
Уақыты
|
Тапсырмалар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті:
не істеймін?
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
3 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
«Жақсы сөз- жан шуағы» тренинг
Бағалау критерийлері
|
І. Ұйымдастыру
«Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
«5»-ке қолды жеткізу.»
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, тренинг өткіземін.
Көңіл көтеру, назарларын аудару.
Оқушыларды топқа бөлу.
Күзгі бақ жемістері арқылы бағалау.
|
Мұғаліммен сәлемдесу.
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бір-біріне қарап жақсы тілектерін айтады.
Оқушылар түстер бойынша 4-топқа бөлініп, отырады.
Бағалау критерийлерімен танысады.
Есепті дұрыс шығарған бала
«Бағбан» атайдың сыйлығына ие болады
|
4 мин
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Оқушылар үй тапсырмасын
жұптасып, топ болып салыстыра отырып тексереді
|
3 мин
|
1. «Мағынаны тану»
|
Музыканы тыңдай отырып, берілген слайд бойынша тақырыптың мағынасын тану
|
Музыканы тыңдай отырып, ойланып, жаңа тақырыпты айтады.
|
7 мин
|
2-есеп
|
Әңгімені баяндау
|
Әңгімені тыңдай отырып, әңгіме желісіне қарай топ болып сызбасын сызады, түсіндіреді. Есептерді шығарады.
|
2мин
|
5-тапсырма
Топпен жүмыс
|
Балалар, қазір қай мезгіл?
Олай болса «Бағбаншы» атайдың бағындағы жемістер пісіп жатыр екен. Көмекке барамыз ба?
Топ болып Бөліндінің мәнін табайық.
|
Топ болып орындайды, түсіндіреді
|
1 мин
|
Сергіту сәті
|
«Бағбан» атаймен танысу.
Атай сұрақтар қояды, жауап береміз. Жарай ма?
|
Оқушылар шешеді
|
17 мин
|
6-тапсырма
7-тапсырма
|
Атайдың алмаларын теруге көмектесу.
|
Жұлып алған алмадағы есептерін тақтаға орындайды.
|
2 мин
|
9-тапсырма
|
Алған фигураларын қағаз бетіне жапсырып, әріптермен белгілейміз. Доғал бұрыштарды табамыз
|
Тапсырманы орындап, доғал бұрыштарды табады
|
2 мин
|
Бекіту
|
«Бағбан» атай ризашылығын береді.
«3 қадамды сұхбат», оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеремін. Жіберілген қателіктер бойынша ескерту жасаймын.
|
Тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
|
1 мин
|
Рефлексия
|
Жаңа сабақ бойынша
Не үйрендік?
Неден қиналдың?
|
Сабақ бойынша не үйренгендері туралы әр қайсысы стикерге жауаптарын жазады.( тақтаға іледі)
|
2 мин
|
Оқушыларды бағалау
|
Сабақ соңында бағалау критерийлері бойынша бағалау.Сумативті баға қоямын.
|
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
|
1 мин
|
Үйге тапсырма беру
|
4, 8 –есептер
|
Күнделікке үй тапсырмасын жазады.
|