Сабақтың тақырыбы: Біржан мен Сара айтысы



бет1/9
Дата17.10.2019
өлшемі1,38 Mb.
#50139
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сапаржанова Лаура Біржан-Сара айтысы


Сабақ:Қазақ әдебиеті

Мектеп: №39 «Қызылөзек» орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сапаржанова Лаура Айдарбековна

Сынып:9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Біржан мен Сара айтысы

Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9 Т/Ж3. Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындай алады:

Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясына сай, кейіпкерлер жүйесін анықтай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем шығармадағы кейіпкерлерді ажырата алады, кейіпкерлер жүйесіне қарай жіктей алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Әйел теңсіздігі тақырыбын шынайы өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийі

  • Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін анықтай алады

  • Үзінді арқылы кейіпкер бойындағы қасиеттерді салыстыра отырып баға береді

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Тастанбек, домбыра, Біржан сал, өлер жері, ақиық

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Арғымақ, мәлім болу ,асқақ үн, әйел теңсіздігі

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Біржан мен Сара өзін-өзі қалай таныстырады?

  • Біржан Сараны қандай осал тұсынан ұстады?

Құндылықтарға баулу

  • Қарым-қатынас жасау қабілеті

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Біржан мен Сара айтысының мазмұнын біледі, тақырыбы мен идеясын ажырата алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут


Сабақтың ортасы

15 минут


5 минут

5минут



Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. Сынып тазалығына назар аударады. Психологиялық ахуал орнату мақсатында «Жүрек лебізі» арқылы оқушылар шеңберде тұрып, бір-бірлеріне жүрекшені бере отырып, тілектер айтады.

«Мозайка» әдісі арқылы шағын топтарға біріктіремін. Қима таратпа қағаздарда үш түрлі сиямен сұрақтар жазылған.Көк сиямен жазылған сұрақтары бар қима қағаздарды алған оқушылар бір топқа бірігеді. Қызыл сиямен жазылған сұрақтары бар қима қағаздарды алған оқушылар бір топқа бірігеді. Жасыл сиямен жазылған сұрақтары бар қима қағаздарды алған оқушылар бір топқа бірігеді.

1-топ.

«Біржан-Сара» айтысы өмірде болған ба?


«Біржан-Сара» айтысы айтыстың қай түріне жатады?

Айтыста Біржан мен Сараның қандай қасиеттері анық көрінеді?

Айтыста кім жеңіске жетті? Себебі неде?


Айтыстан Біржан мен Сара туралы не білдіңдер?

Тәкаппар Біржанды Сара қандай жауаппен қайтарады?

2-топ

Біржаннан Сара не себепті жеңіледі?



«Біржан-Сара» айтысы айтыстың қай түріне жатады?

Біржан мен Сара айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілді?

Біржан Сараны жеңгенімен, қандай ықылас білдіреді?

Біржан айтыста өзін неге теңейді?

Біржан қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

3-топ.

Сара қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

Сараның тұрмыс құрған жұбайын ата?

Біржанның руын ата!

Сара қай жылы дүниеден өтті?

Біржан Сараны қандай осал тұсынан ұстады?

Біржанның әкесінің атын ата!

Әр топтан екі оқушы сұрақтарына жауап береді.

Үй жұмысы «Күннің шуағы» әдісі арқылы тексеріледі. Үйге «Біржан мен Сара» айтысын оқып, мазмұнын қарасөзбен жазып келу.

Дескриптор:


  1. «Біржан мен Сара» айтысын оқи отырып, қарапайым жоспар құрады.

  2. Айтыс мазмұнының реттілігін сақтай отырып, емлеге сай жазады.

Топта оқушылар бір-бірлерін смайликтер арқылы бағалайды.

Мұғалім мен оқушылар ауызша кері байланыс береді.

-Үй тапсырмасын орындау кезінде қандай қиындықтар кездесті?


«Миға шабуыл»

Үлестірмелі парақшалардың суреттерін құрастырады.

-Қима қағаздарды құрастырғанда, қандай суреттер шықты?

-Суретте кімдер бейнеленген?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет