Мұғалім: Кусаинова Дана Депуқызы Сабақтың тақырыбы: Бұйрық рай Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Етістік бойынша алған білімдерін нақтылау, етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру, етістік туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық:Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өзіндік талдау, бағалау ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын, шығармашылық біліктіліктерін арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Тәрбиелік мәні:Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу, оқушылардың заманға сай қазақ тіліне белсенділік, қызығушылық арттыру, еңбек етуге шақыру, туған жерге, елге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, кестелер, т.б Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, Дамыта оқыту, СТО. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кестелер. Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі - сәлемдесу; - оқушыларды түгендеу; - оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; - амандасу; - сабақта жоқ оқушыларды айту; - сабаққа назар аударады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
81-жаттығу. Ашық райда тұрған етістіктерді табыңдар да, қай шақта тұрғанын айтыңдар
1-топ.Осы шақ арқылы жасалған ашық райды табыңдар
2-топ. Келер шақ арқылы ашық райды табыңдар
3-топ. Өткен шақ арқылы ашық райды табыңдар Ережелерін айтқызу
1-топ етістіктің шағы дегеніміз не?
2-топ рай дегеніміз не?
3-топ Ашық рай туралы айтыңдар
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ дейміз.
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады.
Сөйлеушінің етістікті үш шақтың бірінде қолданып, шынайы қимыл-әрекет шындығын баяндауы ашық рай деп аталады. Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтап аламыз. (Бұйрық рай)
Жаңа сабақ: Бұйрық райдың жіктік жалғаулары
етістіктің негізгі және туынды түбіріне,
Етіс және болымсыз етістікке жалғанады
Мұғалім: рай- іс-әрекеттің көбіне тыңдаушыға не болмаса бөгде біреуге бағытталып, орындалуын талап ету мағынасында айтылады. Яғни, талап ету, бұйыру мағынасы осы I. IIIжақтарда анық байқалып тұрады да, ал Iжаққа бағытталғанда, ол жай мағынасында беріледі. Бұйрық райдың ерекшеліктері: 1/ бұйрық рай жұрнақ арқылы жасалмай, етістік түбірлерінің ерекше жіктелуі арқылы, жіктік жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Етістіктік негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістік тұлғаларына бірдей жалғана береді. 2/ бұйрық райдың II жақ анайы түрінің қосымшасы болмай, сырттай ғана тұлғасы жағынан етістіктің негізгі, туынды, етіс және болымсыз етістік тұлғаларымен сәйкес, ұқсас келеді. Бұйрық райдың III жағы етістік түбіріне -сын, -сін жалғауы жалғану арқылы жасалады. Бұйрық райдың I жағы етістік түбіріне –айын,-ейін,-йын,-йін, көпше -айық,-ейік,-йық,-йік жалғаулары жалғану арқылы жасалады.
Сергіту сәті Жаңа тақырыпқа байланысты мен сендерге мынадай тапсырма беремін. Ал,енді, балалар: талап –тілекті көп жазған Абай ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?/1,2минут беріледі/ Поэзия минуты
/Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқылады./ Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Осы өлеңнен бұйрық мәнді етістіктерді тауып, дәптерге жазып қоямыз. Оқулықпен жұмыс: 1-топ- 183-жаттығу.
2-топ – 184—жаттығу
3-топ – 185-жаттығу Жаңа сабақты бекіту сұрақтары: 1/Балалар сонымен бүгін етістіктің қандай райымен таныстық? /бұйрық рай/ 2/ Бұйрық рай дегеніміз не? /Ережені еске түсіріп айтады/
Венн диаграммасы Салыстыпру Ашық рай мен бұйрық рай