Сабақтың тақырыбы «Cперматогенез, овогенез. Ұрықтану, гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері, ұрықтанудың биологиялық маңызы»



Дата25.08.2017
өлшемі100,22 Kb.
#26358
түріСабақ

Сыныбы 10

Күні

Сабақтың тақырыбы

«Cперматогенез, овогенез. Ұрықтану, гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері, ұрықтанудың биологиялық маңызы»

Мақсаты

Гаметогенез және ұрықтану, ұрықтанудың биологиялық маңызы туралы түсінік беру

Күтілетін нәтижелер


А)Жыныс жасушаларының дамуы және ұрықтану туралы біледі,

В) Сперматогенез бен овогенездің айырмашылығын ажырата алады; жануарлар мен өсімдіктердің гаметогенезі мен ұрықтануының ұқсастықтары мен айымашылықтарын салыстыра алады;

С) Ұрықтанудың генетикалық маңызына баға береді


Керекті жабдықтар

Кесте, интернет, ноутбуктер, оқыту әдістемесі

Қолданылатын әдістер

Үй тапсырмасын тексеруде тест жұмысын тексеру, «Менен- сұрақ, сізден-жылдам жауап» әдісі, жаңа сабақты меңгертуде «Мозаика» әдісі, бекітуде жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уа-қы-ты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


2

мин


5

мин



Сыныппен амандасу.

Үй тапсырмасын бекіту: E- learning сайтынан тестілеу қызметі бойынша үйден орындаған тест жұмыстарының қорытындысы тексеріледі.



«Менен-сұрақ, сізден-жылдам жауап» әдісі бойынша топтар бір-бірінің сұрақтарымен танысып, үздік сұрақты келесі топқа қояды.

Оқушылар жауабы және сұрағына формативті бағамды беремін.



Амандасады

Тестілеу нәтижелерімен танысады.

Үздік сұрақты анықтау арқылы өзара формативті бағалау жүреді.


Тұсау-кесер


2

мин


2 мин

Түрткі сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен бар білімдерін пайдалану арқылы жаңа сабақ бойынша табыс критерийлерін анықтатамын.

- Мейоздық бөліну арқылы қандай жасушалар пайда болады?

- Жыныс жасушаларын басқаша тағы қалай атайды?

- Жыныс жасушаларының дамуын қалай атайды?

- Жыныс жасушаларының маңызы қандай, олар не үшін керек және қайда түзіледі?

Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айтамын.



«Миға шабуыл». Тақтадан гаметогенездің суретін көрсетемін, ойлануға уақыт беріп, жауаптарын тыңдаймын. (сыни ойлауға жетелеу үшін)

- Қалай ойлайсыңдар, жыныс жасушаларының дамуы туралы не көрдіңдер?




Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын, табыс критерийлерін оқушылар анықтайды.
Табыс критерийлері:

  1. Гаметогенез түрлері, аймақтары, ондағы өзгерістерді білу

  2. Өсімдіктер мен жануарлардың жыныс жасушаларының дамуы мен ұрықтануының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып, ажырату

  3. Ұрықтану мен гаметогенездің биологиялық маңызын білу

Оқушылар сурет бойынша ойланады, өз жауаптарын айтады.



Негізгі бөлім


20


Жаңа тақырыпта «Мозаика» әдісін қолданамын. 4 топты абзацтар бойынша оқытып, талдатамын, сосын әр топтың мүшелері басқа топтарға бөлініп, орнында 1 оқушы қалады. Әр оқушы барған тобына өз ақпаратымен бөліседі. Содан кейін оқушылар бастапқы топқа қайта жиналады, тарату басталады.

Бекіту тапсырмалары:

№4120 сабақтың 1-3 жаттығуларын орындау (онлайн режимінде)


  1. Сперматогенез бен овогенездің қандай ұқсастығы бар?

  2. Сперматогенез бен овогенездің қандай аймақтарындағы процестерде айырмашылықтар бар?

  3. Адамның жыныс жасушаларының қалыптасуының қандай айырмашылықтары бар?

  4. Жануарлар мен өсімдіктер ұрықтануының қандай айырмашылықтары бар?

  5. Ұрықтанудың биологиялық маңызы қандай?

  6. Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден артықшылығы неде?

  7. Іштей ұрықтанудың сырттай ұрықтанудан артықшылығы неде?

Топтардан үздік баяндамашылар анықталады.

Бекіту тапсырмаларында өзін-өзі бағалайды.




Қоры-тынды


2 мин

Сабақ бойы жұмыстанулары бойынша оқушыларды мадақтап, ынталандырамын, сенім білдіремін.

Формативті бағалаймын.

Үйге тапсырма беремін: Тақырыпты оқу, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау

Рефлексия: «Алақан»

Бас бармақ Не ұнады?

Балан үйрек Жаңа не білдім?

Ортан терек Не жөнінде ойландыңыз?

Шылдыр шүмек Өз қоржыныма не аламын?

Кішкентай бөбек Не білгім келеді?


Сабақ бойы ең белсенді әрекет еткен топ анықталады.

Сыныптан бірнеше оқушының өзін-өзі бағалауы тыңдалады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды


Өзін-өзі бағалау парағы



Деңгей

Табыс критерийлері

Белгі

А

Гаметогенез түрлері, аймақтары, ондағы өзгерістер туралы білемін




В

Өсімдіктер мен жануарлардың жыныс жасушаларының дамуы мен ұрықтануының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып, ажырата аламын




С

Ұрықтанудың генетикалық маңызын білемін





Бекіту тапсырмалары

1 жаттығу. Әрбір жасушаға (зигота, гамета) тән сипаттамаларды таңдаңыз.






Гамета

Зигота

Гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады.





Мейоз нәтижесінде түзіледі.





Екі дараның тұқым қуалау ақпараттарынан тұрады.





Диплоидты хромосома жиынтығынан тұрады.





Жыныс жасушасы.





Бір дараның тұқым қуалау ақпараттарынан тұрады.





Ұрықтану нәтижесінде пайда болады.





Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы.





2 жаттығу. Терминологиялық диктант. Келесі анықтамаларды толықтырыңыз.

Гаплоидты жыныс жасушаларының қосылып, диплоидты жасуша – зиготаның түзілу үдерісі деп аталады.

- ұрықтанған жұмыртқа жасуша немесе аналық және аталық гаметалардың қосылуы нәтижесінде пайда болған жасуша.

- аналық және аталық жыныс жасушалары.

- аналық жыныс жасушасы.

- аталық жыныс жасушасы.

- тұқымның түзілуі барысында тек қана жұмыртқа жасуша емес, сонымен қатар ұрық қалтасының орталық жасушасы да ұрықтанатын ұрықтанудың немесе жыныс үдерісінің түрі.

- спорадан дамып, гаметалар түзетін балдырлар мен өсімдіктердің тіршілік айналымындағы фаза.

- балдырлар мен өсімдіктердің тіршілік айналымындағы зиготадан спора түзілуіне дейінгі фаза.
3жаттығу. Төменде көрсетілген сұрақтардың бір дұрыс жауабын таңдаңыз.

1.Ұрықтану үдерісі нәтижесінде ________

зигота түзілмейді

аталық және аналық гаметалардың қосылуы жүреді

гаплоидты жасуша пайда болады

гаметалар дамиды

2.Сырттай ұрықтану қандай ағзаға тән?

Маймылдар Пілдер

Тасбақалар Балықтар

3.Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым кім?

С. Г. Навашин Роберт Гук

Г. Мендель Н. И. Вавилов

4. Диплоидты хромосома жиынтығы бар жасуша.

Гамета Спора

Сперма Зигота  
5.Қосарлы ұрықтану үдерісінде қанша спермия қатысады?

2 1


3 4

  6.Гүлді өсімдіктерде ұрықтану үдерісінен бұрын жүзеге асады:

тозаңдану жемістің жетілуі

жұмыртқа жасушасының ұрық қапшығынан шығуы

тұқымбүршіктің дамуы  
7.Ұрықтану – бұл:

аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы арқылы зиготаның түзілуі

тұқымдардың жетілуі

жыныс жасушаларының жетілу үдерісі

аналық жыныс жасушаларының түзілуі

1. Сперматогенез:

2. Овогенез:

А)

В)



С)

Д)

1. Көбею аймағы



2. Өсу аймағы

3. Пісу аймағы

4. Қалыптасу аймағы

А) Жыныс бездеріндегі жасушалар митоз жолымен бөлінеді



В) Жасушалар тез өсіп,

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет