Сабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлы «О, Ақтан жас »



бет1/45
Дата13.03.2023
өлшемі1,03 Mb.
#172082
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
5 сынып әдебиет 2-тоқсан


Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...» өлеңі
1-сабақ.

Бөлім:

2-бөлім. Тәрбиенің қайнар бұлағы.

Педагогтің аты-жөні:

Өмірханова Гүлмира

Күні:08.11.2022ж.




Сыныбы:5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас...» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.1- әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын түсінеді.
Кейбір оқушылар үшін:
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.



Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда)
ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Дулат Бабатайұлы туралы қайдан естідің?

Қысқаша баяндап бере аласыңба?


Қай ғасырда өмір сүрген?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет