Сабақтың тақырыбы: "Дәлме –дәл" Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ өнерін дәріптеп,оқушыларды өнерге баулу және балалар арасында дарынды оқушыларды табу мақсатында өткізіледі.Армысың,ән сүйер қауым! Дәлме-дәл сайысына қош келдіңіздер.
Ал ендеше,ерекше байқауымыздың ережелерімен таныс болайық!
1.Көршілес мемлекеттердің (Қырғызстан,Қытай,Ресей,Өзбекстан)әншілеріне пародия жасау қажет.
2. Актерлік шеберлігі
3. Сахналық киім
4. Сахна мәдениетін сақтау
Балалар қалай ойлайсыңдар жұлдыздарға пародия жасау оңай ма? Дұрыс,оңай деп ойламаймыз. Себебі, ол адамды зерттеп,ол туралы мәліметтер жинап,жұлдыздың әр қимылын меңгерудің өзі қиын шаруа екені сөзсіз белгілі ғой. Мұндай өнерді меңгеру үшін үлкен батылдық пен талант керек.
Пародия дегеніміз не?
Бұл пародия деп аталады сатираның немесе көркем шығарманы бурлескке еліктеудің түрі немесе сөйлеудің кез-келген түрі, онда ирония мен әсірелеу көбіне әзіл-оспақты мақсаттарда қолданылады. Бұл сөз ежелгі грек тілінен шыққан (пароидея), әсіресе дауыстар үшін («Қарсы» немесе «жанында») және ode («ән айту»).Пародия барлық көркемдік және дискурстық жанрларда бар. Бұл тәжірибе грек ежелгі дәуірінде белгілі бір ән түрінен басталады, оның мақсаты ұлы авторлардың эпосының немесе трагедиялық өлеңдерінің мазмұнын немесе формаларын мазақ ету болды.Шамамен айтқанда, пародияны нені мазақтайтынына байланысты үш түрге бөлуге болады.Көркем шығармаларға пародия, басқа көркем шығармаларды әзілмен және ирониялық түрде еліктейтін, оның формаларын асыра сілтейтін және мазмұнын мазақтайтын әдеби пародия сияқты. Пародияның бұл түрі барлық көркем жанрларда кездеседі.
Тарихи тұлғаларға пародия, онда қарастырылып отырған кейіпкер оның физикалық ерекшеліктерін, жалпы мінез-құлқын немесе ойлау әдістерін асыра көтеру арқылы көшіріледі, осылайша күлкілі және жиі трансгрессивті әсерге қол жеткізіледі.
Идеялар пародия, ол белгілі бір тақырыпты алады және оны мысқылмен немесе ирониялық түрде бейнелейді немесе оның әлсіз жақтарын немесе мүмкін салдарын атап өту үшін экстремалды нүктеге жеткізеді.
Барша балалар өнерге бейім келеді,бірақ та сол өнерін көбісі жүзеге асыра бермейтіндері өте көп, ал бүгінгі сайысымызға қатысып жатқан жандар өз батылдығын жиып келіп отыр,сондықтанда оларға шапалақ ұрып отырайық!Батылдық,шеберлік пен қайсарлық! Осы 3 қасиет болмаса адамнан өнер адамын шығару қиынға соғады.
Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз,көбіңіздің арманы өнер адамы болуы шығар,барлықтарыңызға өздеріңіз сомдаған әншілерден де жоғары жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін!
Қош сау болыңыздар!