Сабақтың тақырыбы: Допты орыннан және қозғалыста бір және екі қолмен лақтыру. «Тимирязев ом» кмм нің



Дата30.05.2017
өлшемі81,44 Kb.
#17181
түріСабақ
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы

Сарыкөл аудандық әкімдігінің білім бөлімі

«Тимирязев орта мектебі» КММ


Дене шынықтыру пәнінен

Ашық сабақ жоспары

8«А» сынып



Бағдарлама бөлімі: Спорттық ойындар (Баскетбол)
Сабақтың тақырыбы:

Допты орыннан және қозғалыста бір және екі қолмен лақтыру.

«Тимирязев ОМ» КММ – нің

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Шаймерденов Арман Турсунулы

Тимиряз ауылы 2014 жыл

63 ДШ сабағының жоспары

Бағдарлама бөлімі: Спорттық ойындар (Баскетбол).

Мұғалім: Шаймерденов А.Т.

Өтетін күні: 20 желтоқсан 2014 жыл

Сынып: 8«А» сынып

Өтетін орны: Тимирязев ОМ спорттық залы

Сабақтың тақырыбы: Допты орыннан және қозғалыста бір және екі қолмен лақтыру.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:


  1. Білімділік:

  • орыннан бір және екі қолмен допты себетке лақтыруды жетілдіру;

  • допты жүргізіп екі адымды шабуыл жасауды жетілдіру;

  • үш пас арқылы жойқын шабуыл жасауды үйрету;

  1. Дамытушылық:

  • оқушылардың ептілік, икемділік, жылдамдық қабілеттерін дамыту;

  1. Тәрбиелік:

Құрал – жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырық, секундомер.


СБ

Сабақтың мазмұны

Мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе бөлімі 15 мин

1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақ мақсатын түсіндіру.


2. Саптағы жаттығулар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Шеңбермен сол-ға!».

3. Жай журістен жеңіл жүгіруге көшу.

4. Секірулер, арнайы жүгіру жаттығулары.


5. Жалпы дамыту жаттығулары. (Карточка)

6. Сапқа тұрғызу.





2’
30”

2’
3’30”


6’30”
30”

Сапта түзу, тыныштық сақтау керек.
Командаларды дұрыс бір мезетте орындау қажет.
Бір қалыпта жүгіру.

Залдың ортасынан екі топқа бөлінеміз.

Жаттығуларды дұрыс орындаймыз.





Негізгі бөлімі 25 мин

I. Орыннан бір және екі қолмен допты себетке лақтыруды жетілдіру.
II. Допты жүргізіп екі адымды шабуыл жасауды жетілдіру.

III. Үш пас арқылы жойқын шабуыл жасауды үйрету.




5’

10’


3 рет

3 рет


3 рет

10’


Сынып жұптарға бөлінеді.

1-ші нөмірдегі оқушылар допты себетке лақтырады, 2-ші нөмірдегі оқушылар допты себеттен қабылдап 1-ші нөмірдегі оқушыларға береді. 5 лақтыру жасағасын ауысамыз.


Сынып екі топқа бөлінеді, 1-ші топ алаңның сол жағында, ал 2-ші топ алаңның оң жағында екі адымды шабуылдың турлерін жетілдіреді.

Екі адымды шабуылдыдың 1-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің сол жағынан екі адымды шабуыл жасайды.

Екі адымды шабуылдыдың 2-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің алдынғы жағынан екі адымды шабуыл жасайды.

Екі адымды шабуылдыдың 3-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің оң жағынан екі адымды шабуыл жасайды.


Сынып екі қатарға бөлінеді.

1-ші қатардағы оқушылар шабуылды бастайды, олар бірінші пасты алаңның орта шебінде тұрған ойыншыға береді, ал орта шептегі ойыншы допты қабылдап, екінші пасты 2-ші қатардан жүгіріп келе жатқан ойыншыға береді, ол ойыншы соңғы үшінші пасты шабуылды бастаған ойыншыға береді. 1-ші қатардан жылдам жүгіріп келе жатқан ойыншы допты қабылдап, тоқтамай екі адым жасап себетке допты лақтырады.

Әдісті орындағаннан кейін ойыншылар қатарларымен ауысып тұрады.


Қорытынды бөлімі 5 мин




  1. Сапқа тұрғызу.

  2. Рефлексия.

  3. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.



30”


1’30”

3’

Тыныштық сақтау қажет.

Сендерге сабақта не ұнады?



Сабақ барысында жіберген қателерді айту.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет