Кіріспе бөлімі 15 мин
|
1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақ мақсатын түсіндіру.
2. Саптағы жаттығулар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Шеңбермен сол-ға!».
3. Жай журістен жеңіл жүгіруге көшу.
4. Секірулер, арнайы жүгіру жаттығулары.
5. Жалпы дамыту жаттығулары. (Карточка)
6. Сапқа тұрғызу.
|
2’
30”
2’
3’30”
6’30”
30”
|
Сапта түзу, тыныштық сақтау керек.
Командаларды дұрыс бір мезетте орындау қажет.
Бір қалыпта жүгіру.
Залдың ортасынан екі топқа бөлінеміз.
Жаттығуларды дұрыс орындаймыз.
|
Негізгі бөлімі 25 мин
|
I. Орыннан бір және екі қолмен допты себетке лақтыруды жетілдіру.
II. Допты жүргізіп екі адымды шабуыл жасауды жетілдіру.
III. Үш пас арқылы жойқын шабуыл жасауды үйрету.
|
5’
10’
3 рет
3 рет
3 рет
10’
|
Сынып жұптарға бөлінеді.
1-ші нөмірдегі оқушылар допты себетке лақтырады, 2-ші нөмірдегі оқушылар допты себеттен қабылдап 1-ші нөмірдегі оқушыларға береді. 5 лақтыру жасағасын ауысамыз.
Сынып екі топқа бөлінеді, 1-ші топ алаңның сол жағында, ал 2-ші топ алаңның оң жағында екі адымды шабуылдың турлерін жетілдіреді.
Екі адымды шабуылдыдың 1-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің сол жағынан екі адымды шабуыл жасайды.
Екі адымды шабуылдыдың 2-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің алдынғы жағынан екі адымды шабуыл жасайды.
Екі адымды шабуылдыдың 3-ші түрі: оқушы допты жургізіп келіп себеттің оң жағынан екі адымды шабуыл жасайды.
Сынып екі қатарға бөлінеді.
1-ші қатардағы оқушылар шабуылды бастайды, олар бірінші пасты алаңның орта шебінде тұрған ойыншыға береді, ал орта шептегі ойыншы допты қабылдап, екінші пасты 2-ші қатардан жүгіріп келе жатқан ойыншыға береді, ол ойыншы соңғы үшінші пасты шабуылды бастаған ойыншыға береді. 1-ші қатардан жылдам жүгіріп келе жатқан ойыншы допты қабылдап, тоқтамай екі адым жасап себетке допты лақтырады.
Әдісті орындағаннан кейін ойыншылар қатарларымен ауысып тұрады.
|