Сабақтың тақырыбы: Ең кіші ортақ еселік Сабақтың мақсаты



Дата08.07.2017
өлшемі30,27 Kb.
#20735
түріСабақ
Сарыкөл ауылы №47 негізгі мектебі

Тақырыбы: «Ең кіші ортақ еселік»

Орындаған: Қарқын Слида

2013-2014ж

Күні :

Математика 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: 2.8. Ең кіші ортақ еселік

Сабақтың мақсаты:



  • Ең кіші ортақ еселік туралы түсінік беру , ең кіші ортақ еселігін таба білуге үйрету .

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту.

  • Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару , сұрақ –жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық тапсырмалар . перфокартаға жазылған түрде беріледі.

Сабақтың өту жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Ой қозғау – үй тапсырмасын тексеру.

III. Ой толғау – жаңа сабақты өту.

IV. Ой түйін – есептер шығару.

V. Бағалау, қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы

Еске түсіру сұрақтары :

1.Жай сан және құрама сан деген не?

2.Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?

3.Ең үлкен ортақ бөлгішті қалай табамыз?

4.Қандай сандарды өзара жай сандар дейміз?

4 санына еселік сандар : 4,8,16,24,28,32,36,4,...

6 санына еселік сандар : 6,12,18,24,30,36,42 ...

Екеуіне де еселік болатын сандар : 12,24,36 , ...

ЕКОЕ(4,6 )= 12



Анықтама: Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды , сол сандардың ең кіші ортақ еселігі деп атайды.

Ең кіші ортақ еселікті табу жолдары :



  • Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін сол сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы табу.

  • Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін табу үшін:

    1. берілген натурал санды көбейткіштерге жіктеу керек;

    2. берілген сандардың ең үлкенінің жай көбейткіштерін жазу керек;

    3. оны оның жіктелуінде жоқ , бірақ басқа сандардың жіктелуінде бар жай көбейткіштермен толықтыру керек;

    4. шыққан көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек.

Мысал ; ЕКОЕ(56,60)=840

2-тәсіл.


Берілген сандардың ең үлкенінің еселіктерін іріктей отырып , осы сандардың ең кіші ортақ еселігін табу.

Мысалы : 16 және12 сандарының ең кіші ортақ еселігін табайық.


Берілген сандардың ең үлкені-16 саны.
16 санының еселіктері: 16,32,48,64,80,96,… осы еселіктердің ішінде 12-ге бөлінетіні 48,96 сандарының ең кішісі-48 саны. Онда 48 саны -16 және12 сандарының ең кіші ортақ еселігі:
ЕКОЕ(16,12)=48.

Жай сандардың ең кіші ортақ еселігі , осы сандардың көбейтіндісіне тең.

Мысалы : 6 және 35 өзара жай сандарының ең кіші ортақ еселігін табайық:

6=2·3; 35=5·7;

ЕКОЕ:(6,35)=2·3··5·7=6·35=120;

Қысқаша: ЕКОЕ(6,35)=120.

Егер берілген сандардың біреуі қалғандарына бөлінетін болса, онда сол сан берілген сандардың ең кіші ортақ еселігі болады.

Мысалы : ЕКОЕ(57,19)=57

ЕКОЕ(8,16,32)=32

Ой түйін – Есептер шығару.


Кітаппен жұмыс
№ 308
№ 309(1,3,5)
№ 310

Үйге тапсырма

§2.8. ереже жаттау

№309(2,4,6)



№311

7.Бағалау:
Каталог: uploads -> doc -> 0a4d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a4d -> Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов
0a4d -> Сабақтың тақырыбы және оқытудың негізгі мақсаттары (нені үйренеді?) Сағат саны Мерзімі
0a4d -> Сабақтың тақырыбы: Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер. Сабақ/ оқу мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет