Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі сабақ негізделген оқу мақсаттары



Дата26.08.2017
өлшемі75,51 Kb.
#28971
түріСабақ

Күні:

Мұғалімнің есімі:

ПӘНІ: Әдебиеттік оқу

Мектеп:

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: ӘКЕ ТӘЛІМІ



Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Оқушылар мәтіннің негізгі идеясын ұғына отырып, отбасы туралы түсініктері кеңейеді, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйренеді; Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіннен Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқиды. Мәтінге сүйеніп өз көзқарасын дәлелдейді

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіннен Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқиды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіннен Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқиды. Сызбамен жұмыс жасайды

Кейбір оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіннен Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқиды. Сызбамен жұмыс жасайды. Мәтінге сүйеніп өз көзқарасын дәлелдейді

Тілдік мақсат



Оқушылар: Мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын тыңдай отырып, өз ойын ашық айтады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Бәлсінбестен, күмбірлете толғайтын, ұйып қалатын, құлағын ән әуеніне төсейтін, көзімен шола отырып, өлеңнің құрылысы өзіне лайық әуен тілейді, сыңсыған ақ қайыңды аралайды

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Осы мәтінге байланысты қандай сурет салар едің?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Мәтінге сүйеніп өз көзқарасыңды дәлелде

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Әннің жақсысы да, жаманы да тыңдаушысынан.

Алдыңғы оқу

Халыққа жеткіз күйімді, Әнші Әміре, Аққұс туралы аңыз

Жоспар

Әдіс-тәсілі

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Жылылық шеңбері

Әр оқушы өзінің аты қай әріптен басталса, сол сөзден басталатын асыл сөзді қосады. М: мен ақылды Аружанмын, мен сабырлы Саматпын 




«Ойлан, тап» ойыны

Топ басшысын сайлау

Миға шабуыл

Постермен жұмыс

Мағынаны тану

«Болжау» стратегиясы бойынша талдау

Жұпта талдайды

Ойын:«Саған - маған»

Тапқыр болсаң, тауып көр

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Рефлексия

Мақсаты: бір оқушыға «отбасы» деп жазылған стикерді маңдайына жапсырып қоямын. Қалған балалар сол сөзді айтпай, ыммен көрсетеді. Ал стикер жапсырылған бала сол сөзді тауып алу керек.

Топ басшысының партасының астына стикер жапсырып қою. Кім стикерді табады, сол топ басшысы болады. Топ басшысының міндеті тобындағы әр оқушыны бақылап, әр тапсырманы + - белгілерімен белгілеу. Кім көп + алса жақсы баға алады, - алса жаман баға алады. Сабақты ең бірінші топ басшысы бағалайды, содан кейін мен бағалаймын. Ал балалар, тайм пикер сайлап алайық, тайм пикердің міндеті бізге уақыт белгілеп, уақытты үнемдеуге үйретеді.

1 - топ Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Топтасыру стратегиясы
2 - топ Отбасындағы «бала тәрбиесі» дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ Қыз бала мен ұл баланың тәрбиесін салыстыр.
Топ басшылары топтарыңды белгілеп отырыңдар.

- Ендеше біз бүгін сендермен Алтай Аманжоловтың «Әке тәлімі» мәтінімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Алтай Аманжолов - ірі тілші, түрік тілдерінің білгір маманы. Түрік тілінде 200 - ден астам еңбектері бар.

- Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін?
- Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?
3 - тапсырма Үш бөлікке бөлінген мәтінді оқиық. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу
1 - топ 1 - 3 азат жолды оқиды 2 - топ 4 - 8 азат жолды оқиды.
3 - топ 9 - 13 азат жолды оқиды.

Топ басшылары қалған топтарға түсіндіреді 1 - 2, 2 - 3, 3 - 1
Топ басшылары бір - бірін естіген жоқ. Сондықтан тобы топ басшысына түсіндіреді.
Өздерің топтарыңда шешіңдер, кім ортаға шығып айтатынын. Әр топтан екі бала шығып, бір - бірін қостап тұруға болады.
1 - бөліктен қандай сабақ алдық? ой түйіндеу
2 - бөліктен қандай сабақ алдық? 3 - бөліктен қандай сабақ алдық?

- Өз тілін нашар білген баланы әкесі қалай үйретті?
- Балалар өз ана тілін білмеу себептерін атап бер.
- Алтайдың әкесінен қандай үлгі алар едің?
- Алтайдың әкесі тағы қандай жақсы қасиеттерге тәрбиеледі?

1 – топ Әке -.........................Ана -........................ Бала -.......................
( жағасындағы құрақ, бауырындағы бұлақ, асқар тау)
2 – топ Әдепті бала -...................Әдепсіз бала -.................(ата - анасын мақтатар, ата - анасын қақсатар)
3 – топ Атаңа.....................Алдыңа....................( сол келер, не қылсаң )

Бас бармағым - атам, үйдің данасы. Балан үйрек - әжем, отау панасы.
Ортан терек - әкем, ошақ санасы. Шылдыр шүмек шешем - шаңырақ ажары,
Кішкентай бөбек - мен, бәрінің базары
1 - топ «Әке» сөзіне 5 жолды өлең құрастырады.
2 - топ «Мен әкемді мақтан тұтамын» өйткені.......... тақырыбына эссе жазады
3 - топ Әкенің отбасындағы рөлі (асырайды, қамқор, күшті болуға үйретеді, тәрбиелейді)
Сабақ туралы ойлары




Үйге тапсырма
Кері байланыс

Оқу, мазмұндау, сурет салу
Даналық ағашы



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға

тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс



қабілеті жоғары оқушыларға

әңгімеден түйген ойын ашық айтады, тақырып бойынша сурет салады

Смайликтер арқылы бір-бірін бағалайды

Әдебиеттік оқу, дүниетану

Топтық жұмыстарда құралдарды сақтықпен пайдалану




Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Тексерілді: __________________________ К. Саулебекова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет