Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Абзац-Enter пернесінің басылуымен аяқталатын мәтін бөлігі.
Мәтінді туралау үшін Главная (Басты) құралдар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша туралау батырмалары қолданылады. Егер Сол жақ шеті бойынша туралауды таңдаса, онда мәтіннің оң жақ шеті түзі болмайды, ал егер Оң жақ шеті бойынша тураласа, онда мәтіннің сол жақ шеті түзу болмайды, ал егер Ортасы бойынша тураласа, онда мәтін парақтың ортасына орналасады да, екі жақ шеттері де түзу болмайды.
Көрсетілім.
Мәтін жолдың басынан сол жақтан бастап жазылады. Тақырып атауы ортаға жазылады. Мәтін тергенде екі жақ шеті түзу болып әдемі көрінуі үшін, Екі шетін туралау батырмасын басу қажет.
WordPad мәтіндік редакторында мәтінді тізім түрінде де теруге болады. Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделеді және әр жол нөмірден немесе арнайы таңбадан- маркерден басталады.
(Ө) 2-тапсырма.
Мәтінді пішімдеу режимін сақтап сол қалпында тер.
Қоршаған ортада берілетін ақпараттың өзі әртүрлі болып беріледі. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат
мәтіндік,
графикалық,
дыбыстық,
сандық
бейнеақпарат болып бөлінеді.
Ақпараттың негізгі түрлерін қарастырайық. Мысалы: сөз, мәтін, әңгіме түрінде берілген ақпаратты мәтіндік ақпарат деп атаймыз. Ал кейбір ақпараттар бізге сурет, сызба, кесте түрінде беріледі, оны біз графикалық ақпарат деп атаймыз. Енді кейбір ақпараттар бізге сандық көрсеткіш түрде беріледі. Мысалы, сандар, арнайы өлшеммен жасалынған ақпараттар, кейбір есептеулер. Мұндай ақпараттарды сандық ақпараттар деп атаймыз.Санмен берілген ақпарат суретсіз де, мәтінсіз де бізге түсінікті болады.
Дескриптор:
- WordPad мәтіндік редакторды іске қосады;
- мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді жазады;
-мәтінді пішімдеу командаларды қолданады
ҚБ:
|
Мұғалімді тыңдайды
Тапсырманы орындайды
|
Смайлик
|
Интербелсенді тақта/ компьютер
Карточка
|