Сабақтың тақырыбы: Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы



Дата03.01.2022
өлшемі414 Kb.
#108417
түріСабақ
Байланысты:
9996ghgj


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3С Ерітінділер және ерігіштік


Мектеп: №42 «Ақ ниет» гимназиясы


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Хамидолла И.А


СЫНЫП:8

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы.

№ 5 практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау»



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.6-ерітіндідегі заттың молярлық концентарциясын есептеу

Сабақ мақсаттары




  • ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясы ұғымын біледі

  • ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясы формуласын қолданып ерітінді дайындайды




  • ерітінді концентрациясы (молярлық, пайыздық, мольдік) формулаларын түрлендіре отырып есептер шығарады

Бағалау критерийі

ерітіндідегі заттың молярлық концентарциясын есептейді

Тілдік мақсаттар




Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ерітінді, концентрациялы ерітінді, сұйық ерітінді, ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі; мольдік концентрация;

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы оқу


8.3.4.1-заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу.

8.3.4.2-ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру



Сабақ барысы





Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

2 мин

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар әр түрлі түсті сынауықтарды таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.





«Химиялық толқын» әдісі. Жеке жұмыс. Оқушыларға 10 пайымдаулар ұсынылады, олар оған оң немесе теріс жауап беруі тиіс. Алдын ала дайындалған сызбада түзу сызылған, ол он бірдец кесінділерге бөлінген. Оқушылар өздерінің жауаптарын график түрінде белгілейді, егер жауап иә болса, «толқын» жоғары, ал егер жоқ болса, «толқын» төмен жүгіреді.

  1. Біртектілік – ерітінділерге тән.

  2. Ерітінді – бұл еріткіш молекулаларынан және еріген зат бөлшектерінен тұратын біртекті жүйе.

  3. Ерітіндіні құраушылар арасында тек қана физикалық әрекеттесу болады.

  4. Сазбалшықты сумен араластырғанда лай қоспа түзіледі, ол жүзінді деп аталады.

  5. Ұсақ тамшылары қандай да бір сұйықтықтың молекулаларының арасында біркелкі таралған жүзгін суспензия деп аталады.

  6. Заттардың ерігіштігі әртүрлі, сондықтан оларды үш топқа бөледі: жақсы еритіндер, аз еритіндер және іс жүзінде ерімейтіндер

  7. 1 л суда 1000 г қантты ерітсе, ондай ерітінді қаныққан деп аталады.

  8. Үйді ақтауға немесе зарарсыздандыруға қолданылатын әк су суспензияның мысалы бола алады.

  9. Берілген температурада әрі қарай ери алатын ерітінді қанықпаған деп аталады.

  10. Ерітінділер, суспензиялар және эмульсиялар уақыт өте келе тұнады.




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

иә
































жоқ































Дескриптор

  • Берілген ұсынымдамаларға ия немесе жоқ деп жауап береді.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі. Интерактивті тақтадағы жауапты қарай отырып, оқушылар бір-бірін бағалайды, мұғалім қорытынды жасайды.

Түрлі-түсті сынауықтар суреті,

Кесте, интерактивті тақта



10-8= өте жақсы

7-4=жақсы

3-1=орташа



Сабақтың ортасы

30 мин



«Миға шабуыл»

3 мин


10 мин

Білімді өзектендіру



«Мәтін мен танысу»

2 мин

8 мин

7 мин



«Болжау» әдісі арқылы сұраққа жауап беріп,өз ойларымен бөлісе отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

  1. 1-топ: 10% қант ерітіндісі;

  2. 2-топ: 5 % спирттегі йод ерітіндісі;

  3. 3-топ: 15% марганцовка ерітіндісі.

Тапсырма: Алдарыңызда тұрған шыны ыдыстардағы ерітінділер туралы не айтуға болады? Қандай ой түйдіңіздер?

Ия балалар дұрыс айтасыңдар бұл ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы»



Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақтың мақсаты:

Ерітіндідегі заттың молырлық концентрациясын есептеу.

«Кинометафора» әдісі. (бейнеролик көрсету Бейнесюжет көру арқылы оқушылар өз ойын, ой-пікірлерін айтады.

«Түртіп ал» әдісі. Оқушылар оқулықтан жаңа тақырып бойынша өздеріне ең қажетті деген ақпараттарды түртіп, жазып алады.
«Мені түсін» әдісі. Әрбір топқа есептер беріледі.

Топтық жұмыс.

І-топ:

Егер 20л ерітіндіде 10 моль NaOH ерісе, мольдік концентрациясы неге тең болады?



ІІ-топ:

500 см3 ерітіндіде 1,4моль тұз қышқылы ерітілген. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңіз.



ІІІ-топ:

Егер 250 мл ерітіндіде 0,02моль алюминий сульфаты бар болса, оның молярлы концентрациясы қанша болады?



Дескриптор

  • ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын табудың формуласын жазады;

  • ерітіндінің молярлық концентрациясын есептейді.

ҚБ:Марапаттау/шапалақтау
Сергіту сәті. «Қуаныш шеңбері» оқушылар шеңберге жиналып, сөздерді қайталай отырып, қимыл жасайды.

Қуанамын мен де (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де (досын көрсетеді)

Қуанайық достарым (қол ұстасады)

Арайлап атқан күнге (қолдарын ұстап жоғары

көтереді)


«Зерттеушілік конференция» әдісі.

5-практикалық жұмыс. «Проценттік және молярлық концентрациялы ерітінділерді дайындау».



Топтық жұмыс.

Құралдар мен реактивтер: қант, ас тұзы, дистилденген су, 250 мл стақан, 50 мл өлшеуіш колба, шыны таяқша, электронды таразы, цилиндр, ареометр.

1-тәжірибе

Тапсырма. Массасы 150 г 5 %-дық қант ерітіндісін дайындау.

Барысы:


  1. Көрсетілген ерітіндіні әзірлеуге қанша қант қажет екендігін есептеңдер.

  2. Қанттың осы массасын алдын ала өлшенген сағат шынысында электронды таразыда өлшеп алыңдар.

  3. Алынған үлгіні ерітуге қажетті судың массасын есептеңдер.

  4. Өлшеуіш цилиндрмен судың қажетті көлемін өлшеп алыңдар.

  5. Суды стақанға құйып, оған өлшеніп алынған қантты араластыра отырып ерітіңдер.

  6. Дайындалған ерітіндіні биік, құрғақ, жіңішке цилиндрге құйып, ареометрді қолданып, ерітіндінің тығыздығын анықтаңдар.

2-тәжірибе.

Тапсырма. Ас тұзының молярлық концентрациясы 0,25 моль/л 250 мл ерітіндісін даярлауға қажетті тұздың массасын есептеңдер.

Барысы.


  1. Ас тұзының концентрациясы 0,25 моль/л 250 мл ерітіндісін дайындауға өажетті тұздың массасын есептеңдер.

  2. Алдын ала өлшенген сағат шынысында тұздың осы массасын электрондық таразыда өлшеп алыңдар.

  3. Өлшенген тұзды құйғыны қолданып 250 миллилитрлік өлшеуіш колбаға салып, сағат шынысында қалған тұзды дистилденген сумен мұқият шайыңдар.

  4. Колбаға аздаған дистилденген су құйып алып, оны шайқап ерітіңдер, суды белгісіне дейін жеткізіп қосыңдар, тығынмен колбаны жауып, жақсылап араластырыңдар.

Бақылау жүргізіп кестеге толтырындар.

Не істедім?

(аспаптың суреті)



Бақылау

Реакция теңдеуі

Қорытынды













Дескриптор

  • Практикалық жұмыс тақырыбын және барысын анықтайды.

  • Бақылау нәтижелерін атайды

  • Реакция теңдеуін жазады

  • Қорытынды жасайды

ҚБ: «2 жұлдыз – 1 тілек» арқылы бағалау.

«Бір қадам алға» әдісі

Жеке жұмыс.

І-деңгей:

30%-тік 250 г ас тұзының ерітіндісін дайындау үшін неше грамм тұзды еріту қажет.



ІІ-деңгей:

Концентрациясы 0,1 моль/л 250 мл калий гидроксидінің ерітіндісін дайындау үшін қанша калий гидроксиді керек



ІІІ-деңгей:

5,3г натрий карбонатын 0,5л суда еріткенде түзілген ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеңдер.



Дескриптор

  • Есептің шартты түрде берілгенін жазады; 1ұпай

  • Есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтайды; 1 ұпай

  • Формулаларды пайдаланып, есептеу жүргізеді;

1 ұпай

  • қорытынды жасайды; 1 ұпай

ҚБ: «Смайликтер арқылы»

Кеспе суреттер, қанттың, йодтың спирттегі ерітіндісі, марганцовка ерітіндісі.

http://white-tube.ru/video/rHie6rmiTXU,

оқулық

үлестірме қағаздар






Қорытынды кесте,

қант, ас тұзы, дистилденген су, 250 мл стақан, 50 мл өлшеуіш колба, шыны таяқша, электронды таразы, цилиндр, ареометр.



Кеспе қағаздар

3= өте жақсы

2=жақсы

1=орташа




Сабақтың соңы


3 мин

Кері байланыс

«Ашық микрофон» әдісі. Оқушылар қолдарына микрофон ұстап бүгінгі сабақ бойынша пікірлерін айтады.

1.Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

2.Сабақта өзіңе не ұнады?
Үйге тапсырма. Үй жағдайында химиялық тәжірибелер жасау, зерттеу, бақылау нәтижелерін жазу.




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға тақырыпқа байданысты есептер шығару тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне «Зерттеушілік конференция» әдісі арқылы сарамандық жұмыс берілсе, қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік есептер шығару тапсырмасы беріледі.



1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ұсынымдамалар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

Бас бармақ әдісі бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Дайын үлгі жауап

5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану


Сергіту жаттығуы

«Қуаныш шеңбері»


Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет