Ерітінді деген не? Екі немесе одан да көп компоненттерден (жеке заттардан) тұратны гомогенді жүйе
Ерітінділердің маңызы
Ерітінділердің табиғат пен техникадағы маңызы зор. Жануарлар мен адам организмінде тіршілік әрекетіне байланысты жүретін көптеген процесстер (зат алмасу, қан айналу, т.б.) ерітінділерде жүреді.
Дәрілер тек ерітінді немесе ағзада еріген күйге көшкен кезде ғана пайдалы.
Судың өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және күнделікте өмірде алатын орны өте үлкен және алуан түрлі. Су химия өнеркәсібі үшін маңызды шикізат болып табылады. Су еріткіш ретінде кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар, ерітінділердің маңызды қасиеттері – беріктік, ал ерітінді қоспалары – жылжымалы және суды өзінде сақтау қабілеті
Ерітінділердің түрлері
Қаныққан ерітінді – еріген зат тұнбасымен динамикалық тепе – теңдік күйде болатын, заттың еру жылдамдығы мен кристалдану жылдамдығы тең болатын ерітінді
Қанықпаған ерітінді – концентрациясы қаныққан ерітіндінің концентрациясынан төмен болатын, берілген жағдайлар өзгеріссіз болғанда еріген заттың қосымша мөлшерін еріте алатын ерітінді
Аса қанық ерітінді – концентрациясы қаныққан ерітіндінің концентрациясынан жоғары болатын, термодинамикалық тұрақсыз ерітінді
ерітіндінің бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының таза еріткіштің бетіндегі қаныққан бу қысымына қарағанда салыстырмалы төмендеуі
ұшпайтын заттардың ерітінділерінің қайнау температурасының таза еріткіштің қайнау температурасына қарағанда салыстымалы жоғарылауы
ерітіндінің қату температурасының таза еріткіштің қату температурасына қарағанда салыстымалы төмендеуі
Сұйылтылған бейэлектролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеттері
Осмос – еріткіш молекулаларының өздігінен жартылай өткізгіш мембрана арқылы сұйылтылған ерітіндіден концентрлі ерітіндіге қарай бағытталған түрде өтуі
Рауль заңы:
Сұйылтылған бейэлектролит ерітіндісінің бетіндегі қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі еріген заттың табиғатына тәуелсіз және ерітіндідегі еріген заттың мольдік үлесіне тең болады.