Сабақтың тақырыбы Ерітіндідегі заттардың молярлы концентрациясы



Дата05.04.2020
өлшемі22,85 Kb.
#61583
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ концентрация


Ұзақ мерізімді жоспардың тарауы: Ерітінділер және ерігіштік
Күні: 12.02.2020
Сынып: 8 «Г»

Мектеп: Х.Доспанова атындағы №30 жалпы білім беретін мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова Д.Г.
Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ерітіндідегі заттардың молярлы концентрациясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу

Сабақтың мақсаты

  • Ерітіндінің массалық үлесін біледі;

  • Мольдік концентрация ұғымын түсініп, формуласын жаза алады;

  • Ерітіндінің мольдік концентрациясына есептер құрастырып, шығарады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну,қолдану,талдау

Бағалау критерийі

  • Молярлық концентрацияны анықтауға есептеулер жүргізеді

  • Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептейді

Тілдік мақсаттар

Негізгі тірек сөздер мен тіркестер:

Концентрация, ерітінді массасы, еріген заттың массасы, молярлық концентрация, массалық үлес, ерітінді көлемі.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар



  1. Еріген заттың массалық үлесі деген не?

  2. Мольдік концентрация нені көрсетеді?

Неліктен мольдік концентрация деп аталады?Сіз еріген заттың массалық үлесін есептей алалсызба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: тапсырмаларды орындайды



Құндылықтарға баулу

Бірлесе жұмыс жасау, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ынтымақтастық, белсенді болу, білім алуға дайын болу


Пәнаралық байланыс

Физика ,математика



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3мин


5мин

Ұйымдастыру кезеңі:

-Амандасу

-Түгелдеу

-Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Досыңа тілек» тренингі



Үй тапсырмасын сұрау:

«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі

1. Ерітінді деген не?

2. Ерітіндінің қандай құраушылары еріткіш және еріген зат деп аталады?

3. Агрегаттық күйлеріне байланысты қандай ерітінділер бар?

4. Сұйытылған ерітінді қаныққан бола ала ма?

5. Ерігіштік ұғымдарымен және ерітінділердің маңызы қандай?



Қ.б: «жарайсың», «өте дұрыс » мадақ сөздер

Оқулық, тақта, қосымша материал



Сабақтың ортасы

10мин

10мин


5мин

Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі

Ерітіндінің сандық құрамы концентрациямен өрнектеледі. Концентрация деп- масса мен көлем бірлігіндегі еріген заттың мөлшерін атайды.

Еріген заттың массалық үлесі –еріген зат массасының ерітіндісінің жалпы массасына қатынасымен анықталады.

W(ер.зат)= m(ер.зат)/m(ері.і)

Мұндағы: ер.зат-еріген зат

Мольдік концентрация(немесе молярлық)- 1 л ерітіндідегі еріген заттың моль санымен анықталады. Оны мына формуламен анықтауға болады:

C=n/v;

Ал зат мөлшері мына формуламен анықталады:



n=m/M : осыдан: C=m/M*V

С – мольдік концентрация;

N – зат мөлшері;

V – ерітінді көлемі.

Жаңа тақырып бойынша есептер шығарады:

1 Тапсырма.”Автобустар аялдамасы ” әдісі арқылы топтық жұмыс беріледі.

I-топ. 1. 500 мл 0.1 М ерітіндіде қанша грамм NaOH болады?


  1. Жарақатты «марганцовканың» KMnO4 5 пайыздық ерітіндісімен дезинфекциялайды. 200 г ерітінді дайындау үшін судың және марганцовканың қандай массаларын алу қажет?

II-топ. 1. 300мл 1М ерітіндіде қанша грамм LiOH болады?

2. 25 пайызды 300 г тұз ерітіндісін дайындау үшін қажет судың және тұз массасы?

III-топ. 1. 10мл 0.1М ерітіндіде қанша грамм NaOH болады?

2. 250 г 7-пайыздық ерітінді дайындау үшін қажет натрий корбанатының массасын есепте.

Дескриптор:


  • Оқушылар заттардың молярлық концентрациясын табады;

  • Ерітінділердің массасын есептейді.

Қ.Б: екі жұлдыз, бір тілек.

Сабақты қорытындылау.

2 тапсырма. «Кім жылдам».

1-топ.


  • Концентрация дегеніміз не?

  • Еріген заттың молярлы концентрациясының формуласы қандай?

2-топ.

  • Ерітінді концентрациясы нені білдіреді?

  • Белгілі мольдік концентрациялы ерітіндіні қалай дайындайды?

3-топ.

  • Еріген заттың массалық үлесі деген не?

  • Ерітіндінің мольдік концентрациясын есептеуге мысалдар кетір.

Дескриптор:

Еріген заттың анықтамасын айтады, есептеуге мысалдар келтіреді



Қ.б топтар бір-бірін жетондар арқылы бағалайды


Оқулық, тақта, интербелсенді тақта, қосымша материалдар

Үлестірме қағаздар

Үлестірме қағаздар


Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия

«Жетістік баспалдағы»

Әр оқушыға стикер беріліп, тақтада салынып тұрған баспалдаққа жауыстырып, неге осы деңгейде тұрғаның түсіндіреді.




Стикерлер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз

Денсаулық және қауыпсіздік техникасын сақтау

А- деңгей

Натрий гидроксидінің 0.8 грамы 100мл ерітіндісінде болса, осы ерітіндінің молярлы концентрациясы қандай?



В-деңгей

200 мл ерітіндіде 65 г никель хлориді ерітілген. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңіз;



С-деңгей

500 см3 ерітіндіде 1.4 моль тұз қышқылы ерітілген. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңіз.



Топтық жұмыс, мұғалімнің оқушыны бағалауы-“Жарайсың”,”өте дұрыс” мадақ сөздер, « екі жұлдыз, бір тілек», түрлі түсті жетондар.




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







I-топ. 1. 500 мл 0.1 М ерітіндіде қанша грамм NaOH болады?

2.Жарақатты «марганцовканың» KMnO4 5 пайыздық ерітіндісімен дезинфекциялайды. 200 г ерітінді дайындау үшін судың және марганцовканың қандай массаларын алу қажет?


II-топ. 1. 300мл 1М ерітіндіде қанша грамм LiOH болады?

2. 25 пайызды 300 г тұз ерітіндісін дайындау үшін қажет судың және тұз массасы?



III-топ. 1. 10мл 0.1М ерітіндіде қанша грамм NaOH болады?

2. 250 г 7-пайыздық ерітінді дайындау үшін қажет натрий корбанатының массасын есепте.



I-топ. 1. 500 мл 0.1 М ерітіндіде қанша грамм NaOH болады?

2.Жарақатты «марганцовканың» KMnO4 5 пайыздық ерітіндісімен дезинфекциялайды. 200 г ерітінді дайындау үшін судың және марганцовканың қандай массаларын алу қажет?


II-топ. 1. 300мл 1М ерітіндіде қанша грамм LiOH болады?

2. 25 пайызды 300 г тұз ерітіндісін дайындау үшін қажет судың және тұз массасы?



III-топ. 1. 10мл 0.1М ерітіндіде қанша грамм NaOH болады?

2. 250 г 7-пайыздық ерітінді дайындау үшін қажет натрий корбанатының массасын есепте.



I-топ. 1. 500 мл 0.1 М ерітіндіде қанша грамм NaOH болады?

2.Жарақатты «марганцовканың» KMnO4 5 пайыздық ерітіндісімен дезинфекциялайды. 200 г ерітінді дайындау үшін судың және марганцовканың қандай массаларын алу қажет?


II-топ. 1. 300мл 1М ерітіндіде қанша грамм LiOH болады?

2. 25 пайызды 300 г тұз ерітіндісін дайындау үшін қажет судың және тұз массасы?



III-топ. 1. 10мл 0.1М ерітіндіде қанша грамм NaOH болады?

2. 250 г 7-пайыздық ерітінді дайындау үшін қажет натрий корбанатының массасын есепте.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет