Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру; 2) оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; 3) оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Дәстүрлі Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: ассоцация әдісі, шежіре ағашы Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі: 1. Сәлемдесу 2. Оқушыларды түгелдеу 3. Назарларын сабаққа аударту
ІІ. «Қане жауап ізделік» ойыны (өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар) - Фольклор мен ауыз әдебиеті бір ұғым ба? - Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар? - Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар? - Мақал – мәтелдерді неге ауыз әдебиетіне жатқызамыз? - Мақал мен мәтелдің айырмасын айт? - Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі? - Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал - мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?
ІІІ. Ассоциация әдісі: Ауыз әдебиеті ↓ Мақал – мәтелдер Жұмбақтар Батырлар жыры Тұрмыс салт - жырлары Аңыз әңгімелер Төрт - түлік туралы жырлар
ІҮ. Жаңа сабақ 1. Бейнеклип көргізу. 2. Бейнеклипте көргендері туралы ойларын ортаға салу 3. Жаңа тақырыпты ашу Мұғалімнің сөзі. Мына бейнеклип не туралы? Қалай ойлайсыңдар? - ертегілер дегеніміз не? Оны қалай түсініп келдіңдер? - Қандай ертегілерді білесіңдер? - Ертегілер қалай басталады? Немен аяқталады?
Толықтыру: Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған. Халық ерте кезде - ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер асатына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы, даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар. Ертегілердің үш түрі бар. Олар: 1. Хайуанаттар туралы ертегілер 2. Қиял – ғажайып ертегілер 3. Шыншыл ертегілер
Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер иесі болып суреттеледі де, сол арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, қу мінез құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді. Ал қиял – ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты дәумен, жалмауызбен, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол ғажайып оқиғаларды ақыл, айла – тәсілін асырып, жеңіп отырады. Осы жолда оларға Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ, Самрұқ құс, Қарлығаш сияқты ізгі ниетті жандар болысады, ақылды ат, алып құстар жәрдемдесед