Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер елінде»



Дата01.04.2018
өлшемі104,8 Kb.
#40008
түріСабақ
«Ертегілер елінде»

Орындаған: Үйірме жетекшісі А. Өтепова

Арал каласы

2017

Қызылорда облысы Арал қаласы №64 мектеп

Үйірме жетекшісі: Өтепова Айгүл Жалғасқызы




Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі  кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;

2) Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру.

3. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

     Сабақтың   әдісі: топқа бөлу, түсіндіру - көрсету, сұрақ - жауап, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.



Сабақтың көрнекіліктері: «Ертеге кейіпкерлері» тақырыбындағы слайд презентация,  суреттер,  «Ертегілер елінде» көрме, тапсырмалар берілген карточкалар.

Мұғалім сөзі:

Қадірлі ұстаздар мен құрметті оқушылар бүгінгі «Сызу, сурет, еңбек,және ән әуез» бірлестігінің апталығы жүріп жатқандығына байланысты бүгін біз «Көркем сөз» үйірмесінің ашық үйірме отырысын өткізуге рұқсат етіңіздер. 3 «а»,3 «б» сыныптар арасында «Ертегілер елінде» атты сайысымызды бастамас бұрын, ең алдымен осы сайысқа төрелік ететеін Әділқазылар алқасымен таныстырудан бастайық Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Биғазы ағай, Бастауыш сынып жөніндегі орынбасары: Нұрлыгүл апай, Қосымша білім беру педагогы: Болат ағай

Осы сайсты жүргізетін жүргізушілері:

Ал ені балалар сайысымыздың кезеңдерімен таныстрайық.



1. Кезең “Танстыру”

2. Кезең “Ертегілер кейіпкерлерін сомдау”

3. Кезең “Сөзжұмбақтар шешу”

4. Кезең “ Ребустар шешу”

5.Кезең “Ғажайып суреттер”

6. Кезең “Көркем сөз оқу”

7. Кезең “Кім алғыр”?

8. Кезең “Кім шапшаң”

9. Кезең «Қорытынды»

1. Жүргізуші: Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме? Апайлар мен Ағайлар Ертегілер еліне қош келдіпсіздер.

2. Жүргізуші: Таныс болайық халайық

Танысып біз алайық

Ендеше таныстыруды біз бастайық

Сайысымыздың бірінші кезеңі таныстыру.

1. Кезең “Танстыру” Бұл кезеңде әр топқа ең жоғарғы ұпай 20 ұпайдан келеді.

«Ганзель, Гретель» тобы 3 «а»

«Қызыл телпек» тобы 3 «б» Оқушылар өздері қоятын ертегінің атын топтарының атымен атайды.

1. Жүргізуші:

Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?


- Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер еліне» саяхат жасайық


2. Жүргізуші:

- Балалар, ертегілер қалай пайда болған деп ойлайсыңдар?


- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
- Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді?

1. Жүргізуші: Ендеше осы сұрақтардың бәріне Айгүл апай жауап береді

Мұғалім сөзі:

Балалар Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.

Ертегінің пайда болуы өте ұзақ. Оның түп төркіні сонау алғашқы қауымда туған. Көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар. әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңіріп, дамып осы заманымызға сіздермен біздерге ертегі болып жеткен балалар.Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнынына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.

Балалар сендер білесіңдер ме біз қандай ғасырда өмір сүріп жатырмыз?

Иә балалар XXI – ғасырда өмір сүріп жатырмыз. XXI – ғасыр біздің ата – бабаларымыздың арман қиялдарының іске асқан заманы неге дейсіздер ғой, өйткені біздің ата – бабаларымыз ертегі арқылы бір шаһардан екінші бір шаһарға ұшатын кілемді қиялдаған екен. Ол қазіргі біздің ұшақ.

Жеті қат жер астында не болып жатқанын тыңдап отыратын.Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып, жұмғанша

Жылдам хабар беретін Саққұлақты армандаған екен ол қазіргі біздің телефон.

Мың шақырым жерлерге

Түн жарымда баратын Желаяқты қиялдаған екен. Ол қазіргі біздің көліктер.

Міне көріп отырсыздарма балалар біздің ата- бабаларымыздың ертегінің дамуына көптеген үлес қосқандарын.

Ертегілердің хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, шыншыл ертегілер деген түрлері бар.



Хайуанатар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң - құс үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де, сол арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, арамза, қу мінез – құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті, батылдқты, адалдықты еңбексүйгіштікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді. Ал қиял – ғаайып ертегілер ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалары баяндалады. Олар жеті басты жланмен, жалғз көзді дәумен, жалмауыз бен мыстан кемпірмен, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі қиын- қыстау ғажайып оқиғаларды ақыл, айла – тәсілін асырып жеңіп отырады.

2. Жүргізуші: Келесі сайысымыз ертегілер кейіпкерлерін сомдау. Бұл сайыста әр топқа ең жоғарғы ұпай 50 ұпайдан келеді.

1. Жүргізуші: Келесі сайысымыз сөзжұмбақтар шешу. Бұл кезеңде әр дұрыс шешілген сөзжұмбаққа 20 ұпайдан.

1.Ертөстіктің әкесінің есімі кім?

2. Атамнан қаштым әжемнен қаштым дейтін қандай кейіпкер?

3. Ерте, ерте ертеде ешкі жүні ?

4. Әжесіне тәтті тоқаш апара жатқан қыз басына не киеді?

5. Қар ханшайымы ертегісіндегі қыз есімі?

6. Бауырсақ соңында қандай кейіпкерге алданады?

2. Жүргізуші: Екінші сөзжұмбақ бұл кезеңде әр дұрыс жауапқа 20 ұпайдан

1. Ертегідегі Ханның қызын не деп атайды?

2. Бауырсаққа бірінші кездескен жануар?

3. Алдар көсенің әкесінің есімі?

4. Жел соқса шал домалай жөнеледі, бұл қандай шал?

5. Кімнің сиқырлы шамы бар?

6. жануарлар ертегісіндегі аң патшасы?

1. Жүргізуші: Ал кәнекей балалар бәріміз бірге басқатырғышты шешейік

Келесі кезең «Ребустар» шешу әр дұыс жауап берілген ребусқа 50 ұпайдан

Слайдта көрсетіледі

Бірінші ребус жауабы «Тазша бала», екінші ребус жауабы «Алтын балық», үшінші ребус жауабы «Үш торай» , төртінші ребус жауабы «Етік киген мысық»

2. Жүргізуші: Сурет- өнер баршаға,
Суретті қара шаршама,
Суретті танып көріп ал,

Қай ертегі екенін біліп ал
Оқушылар шаршама!

Келесі кезекте «Ғажайып сурет» кезеңі Бұл кезеңде әр дұыс табылған суретке 50 ұпайдан.

Слайд аркылы суреттерді жасырып қоямыз

Шынашак ертегісі

Алтын балық ертегісі

Қарлығаштың құйрығы неге айыр ертегісі

Жеті лақ ертегісі

Үш дәу ертегісі

Үйшік ертегісі

1. Жүргізуші: Келесі кезең «Көркем сөз оқу»

Балалар Мына суреттегі қызыл телпек әжесінің үйіне барар жолды таба алмай тұр, өйткені балалар жол сиқырлы біз «көркем сөз үйірмесінің мүшелері болғандықтан бізге сиқырлы жол мынадай талап қойып отыр. Сендер балалар әрқайсысың Ақындардың өлеңдерін әдемілеп оқып берулерің керек. Сонда сиқырлы жол қызыл телпекке жол көрсетеді.






2.. Жүргізуші: Қане балалар қызыл телпекке бәріміз көмектесіп жіберейік.



1. Жүргізуші: Балалар мына қараңдаршы қызыл телпек сіздерге алғысын білдіріп тұр. Себебеі сиқырлы жол қызыл телпекке әжесінің үйіне барар жолды көрсетіп жіберді.

2.. Жүргізуші: . Келесі кезең “Кім алғыр”? Бұл кезеңде әр топ екі конверттен таңдайды, Конверттерде Қазақ тілінен, Орыс тілінен, Дүниетанудан, Математикадан сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 70 ұпайдан

1. Жүргізуші: Ал сайыскерлер ойланамын дегенше ортаға 3 « Б » сынып оқушысы Мархаббатты шақырамыз.

Ертегі Қазақ тілі

Ерте, ерте ертеде Етістік деген бай болыпты. Ол үлкен шаһарда өмір сүріпті.

Етістіктің үш ұлы болған екен. Үлкені осы шақ, ортаншысы Келер шақ, кішісі

Өткен шақ. Осы шақ шаһарда қандай жұмыстар атқарады екен.

Келер шақ.......

Ал кенжесі Өткен шақ........... .

Өткенді еске алмай,

Үшеуі де ақылды, өте парасатты болған екен.



Ертегі Математика

Мына теңдеуді шешіп, мұнарадағы

ханшайымды құтқаруға көмектес.

550:а=75:15

Ертегі Дүниетану

Ертеде ата – бабаларымыз ертегіні табиғатпен қалай байланыстырған?



Ертегі Орыс тілі

Назовите героев из русской народной сказки “Репка”



1. Жүргізуші: Келесі кезекте «Кім шапшаң» кезеңі. Бұл кезеңде топ басшылар сайысқа түседі, сұрақтар оқылады, әр сұраққа мүдірмей тез жауап берілуі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.

1. 40 өтірік айтқан бала?

2. Бағалы сақа?

3.Қандай ертегіде 40 қарақшы кездеседі?

4. Жеті гномның қасындағы қыз?

5. Күлше қыздың күймесі неге айналады?

6. Ұсқынсыз балапан неге айналады?

7. Мақта қыз мысықтың қандай затын алып қойды?

8. Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлерді ата?

9. Өмірде болмайтн нәрселер туралы әңгіміелейтін ертегі?

10. Ертегіде кездесетін жағымсыз кейіпкер?

11. Балықшы үшінші рет ау салғанда ауына не түседі?

12. Ертегідегі қанаты бар ат?

13. Жыл басына таласқан хайуанаттар?

14. Мақта қыз ертегісіндегі кейіпкерлерді ата?

15. Ертегі қалай басталады?

16. Ертегіде кездесетін қу кейіпкер?

17. Ертегіде кездесетін қорқақ кейіпкер?

2.. Жүргізуші: Балалар сендерге ертегі еліне саяхат жасау ұнады ма?..

Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді екен, олар керек кезде бір - біріне көмекке келеді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында барлығында жеңіп шығады екен.




  1. Жүргізуші:

Олай болса Әділқазылар алқасы өз әділ шешімдерін шығарамын дегенше.

Біз ортаға келіп Айгүл Апаймен бірге ойын ойнайық.


Сөз кезегін қосымша білім беру педагогы: Болат ағайға береміз

Жарайсыңдар балалар! Сендер  жарадыңдар, барлық тасырманы да орындап, сайыс межесіне жетіп, жеңіп   алған орындарыңыз құтты болсын!


Жеңімпаз топтар матапатталады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет