Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз



Дата17.06.2018
өлшемі19,76 Kb.
#42477
Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Бабамыздың тілі деп,

Даламыздың үні деп,

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп, жырлағандай бүгінгі «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты әдеби монтажымызды тамашалауға қош келдіңіздер.

Жүргізүші 1: Ана тілі- адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.


Жүргізүші2: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң,бұл тілмен сурет салуға, тас қашап,ағаш, текемет оюға болады-ау.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың.Ғашықпын қазақ тіліне...Осындай майса , сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Тіл – әрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың, жанды көрінісі, халық тарихы, мәдениеттің даму жолы. С.Е Малов біздің тіліміз жөнінде «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл-қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты» десе, В.В Радлов «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді,жай сөзінің өзі өлең болып, құбылып жатады» деген екен. Тілді түсінетін, оның құнын танитын, бәләмдә де мәдениетті адамдар осылай бағалаған


___________Ана тілім- тірлігімнің айғағы,


Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас,


Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.

__________: Туған тілім- бабам тілім- өз тілім,


Туған тілім- анам тілім- өз тілім,
Туған тілім- далам тілім- өз тілім,
Туған тілім- адам тілім- өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,


Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер, 
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

_______ Республикам- Қазақстан даласы,

          Ғашықпын саған бабалар жатқан мекенім

          Мәңгілік жасар сүйкімді менің қаламсың

          Атыңды жайып әлемге ғып өтемін

          Тұғаным- Қазақстан елді мекен,

          Сүйген жоқ, сүйе алмаймын жерді

          Танытқан бар әлемге қазақ атын

           Туымды асқақта желбіретем!

___________Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

1989жылы алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халқымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында тілге деген құрмет, құрт бет бұрыс болып, мектептерде және балабақшаларда қазақша беру едәуір белең алғаны мәлім. Қазақ тілі мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеғейту,бір сөзбен айтқанда ғылым,білім, техника тілі дәрежесіне жеткізу-бізге міндет, ұрпаққа парыз!


«Ана тілім» әні .

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге 22,09,1989 ие болған. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы 11.07.1997ж қабылданды. Қазақ әлипбиін құрастырған қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы.

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы , ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.

«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс.
-Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
______: Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы.
________: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі.
_______: Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
-Оқушылар , тіл туралы қандай мақалдар білеміз?

1. Өнер алды қызыл тіл.

2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.

3. Шебердің қолы ортақ,


Шешеннің тілі ортақ..

4. Тіл қылыштан өткір.

5. Басқа бәле тілден.

Жүрг: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
---------Тіл тағдыры – қазіргі кездегі ең басты проблеманың бірі. Себебі ғалымдардың зерттеуі бойынша өткен ғасырдың басында дүние жүзінде 8 мың тіл болған деп болжайды. Сол тілдердің қазіргі таңда 2 мыңы ғана қолданаста. Қалған тілдер ірі тілдерге жұтылып, өлі тілдер қатарына өтті. Сондықтан да бізге мына жаһандану заманында өз тілімізді сақтап қалу үшін ойланатын кез келді.
А теперь вторая часть нашего мероприятия на русском языке.

Дружба народов не просто слова,

               Дружба народов навеки жива,

               Дружба народов счастливые дети,

               Колос на ниве и сила в расцвете.

 _________ Земля моя, ты будешь раем!

          Пусть напоенные водой,

          Цветы, головками кивая,

          Тебя украсят как надо! Иначе жить- иначе петь
- Звучи, звучи, моя домбра!

Пусть льется музыка моя!

Пусть льется музыка веселья,

Чтоб громче птицы в небе пели,

Чтобы звенела степь байгой,

И песнями гремел весь той!

______С каждым годом все краше

Дорогие края .

Лучше родины нашей

Нет на свете, друзья!

1)Казахстан – «Для тебя наши помыслы! Для тебя – наша жизнь!»

 ________Казахстан! Ты наполнен любовью

            И творчеством ста наций мира

            Кому родиной стал по веленью судьбы!

            Пусть тебя стороною обходят

            И распри, и войны,

            Нас в обиду не дай,

            В трудный час поддержи!



And the third part is English language. Language is the key to the world. Language helps us to understand each other and explain our senses then feelings. Let’s listen our students poems and songs.

Тамыры суда тұрса да, уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтұғын сөз қалады , қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей аңқылдап есіп тұрады . қазақ тіліңің биязы үні домбыраның күмбір қаққан сазындай, асқақ әуенділігі шырқап салар әуендей. Сол себепті біз өз тілімізді,дінімізді көздің қарашығындай етіп келесі ұрпаққа еш бір өзгертусіз жеткізүіміз біздің әр біреуімізге үлкен парыз. Өсы сһздермен біз бүгінгі әдеби монтажымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет