Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана»



Дата08.12.2016
өлшемі83,65 Kb.
#3465
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» әңгімесіндегі әйел-ана құдіреті.

Сабақтың мақсаты:  Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу

Сабақтың  міндеттері:

1.Оқушылардың пән бойынша  білік- дағдылықтарын қалыптастыру.

2.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ – жауап, сын тұрғысынан ойлауға оқыту әдіс-тәсілдері.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, таратпа материалдар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Біз бірнеше сабақтар бойы қазақтың ұлы жазушысы, аудармашы, қара сөз шебері Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығымен танысып өттік. Сонымен, Ғабит Мүсіреповтың өмірбаянын бір сөйлемнен айтып шығайықшы.

Мына суреттегі орыс жазушысы Максим Горькийдің қазақ жазушысы Ғабит Мүсіреповқа қандай қатысы бар?

Ғабит Мүсірепов пен орыс жазушысы Максим Горькийге ортақ тақырып бар. Ол қандай тақырып?

1933 жылы Ғабит Мүсірепов Горькийдің «Слава матери» деп аталатын әңгімесін еркін аударған. Ол қазақ тілінде «Өлімді жеңген ана» деп аталады. Сонымен еркін аударма  дегеніміз не?

«Өліміді жеңген ана» шығармасын біз әңгіме жанрына жатқыздық. Ендеше, әңгіме дегеніміз не?

Әңгіменің бірінші бөлімінде біз әңгіменің кейіпкері «Ақсақ Темірдің» образына тоқталғанбыз. Сонымен, Ақсақ Темір  кім? Тарихи деректерге назар аударсақ. (бейнематериал)

Тарихшылар  бізге Ақсақ Темір туралы не айта алады екен?

Атақты қолбасшы, Орта азияның жаһангері, Тимуридтер империясының негізін қалаған, астанасы Самарқан болған ірі мемелекет билеушісі. Ол 1336 жылы Шәхризаб қаласында дүниеге келген. Оның әкесі маңғолдың Барлас руынан шыққан Тарағай би еді. Темір жас кезінен өзінің ержүректілігімен, соғыс ойындарында ептілігімен көзге түскен. Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанып, ақсап қалғандықтан, Ақсақ Темір атанған.14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Оның әскерлері Хорезм мемлекеті, Шығыс Түркістан, Қандағар, Оңтүстік

 Әзірбайжан , Иран және Ауғаныстанды түгел бағындырған. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуына ықпал еткен. Әмір Темір қазақ жерінде өшпес ескерткіш – қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған.

  Аты аңызға айналған Ақсақ темір – мейлінше қарама- қайшылықты тұлға. Ол әлемнің тең жартысын жаулап алды, бірақ өзі зорлық зомбылық, соғыстар туралы әңгімелерді естігісі келген жоқ. Ол мәдени ескерткіштер мен қалаларды жермен –жексен етті, сөйте тұра оларды салуға, өркендетуге деген құштарлығымен даңқа бөленді. Кейбір тарихшылар айтып кеткендей, ол, бәлкім сауатсыз болған шығар, бірақ соған қарамастан өнерді, көркем әдебиетті жақсы көрді. Күлуді білмейтін суық жүзді, сұсты адам болды, сөйте тұра әзіл-қалжыңды, шешендікті жоғары бағалады. Аяуды білмес қатыгездігімен танылды, алайда кейбір сәттерде кенеттен кешіре білді. Тарихта мейірімсіз тұлға ретінде аты қалды, бірақ өзінің отбасына , балаларына аса мейіріміділікпен қарады.

Жарайды, тарихшылар Ақсақ Темір туралы біршама деректер айтып өтті. Ал, Ғабит Мүсіреповтың шығармасындағы Ақсақ Темір қандай адам? Автор оны қалай суреттейді? Ендеше, тыңдап көрелік.

Ақсақ Темір қай елдерді жаулап алған?

Ақсақ Темір ажалға неліктен кектенді?

Ақсақ Темір қай жерде өліммен ұшырасты?

Темір қайда сайрандауға шықты?

Ол нені көрді?

Ол Самарқанды өртеуге неге әмір бермеді?

Автордың ойынша, дүниедегі жалғыз күш кімде?

Мәтіннен әйел-ананың құдіреті туралы айтылатын бөлікті тауып, оқып беріңдер.

«Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те! Әйел –ана , дүниедегі жалғыз күш қой: оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де , Темірді жеңген өлім де басын иеді !»

ІІІ. Жаңа тақырып.

Мұғалімнің сөзі:

Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда Азияның ақсақ барысы атанған  - Әмір  Темірдің әйел –ана құдіретінің алдында бас иіп, ананың күшін мойындағаны туралы сөз етеміз.Сабағымыздың тақырыбы-  Ғабит Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» әңгімесіндегі әйел –ана құдіреті. Сонымен қатар, алдарыңда жатқан жұмыс парағына аты-жөндеріңді және сыныптарыңды жазып қойыңдар. Бұл парақты сабақ соңында маған қайта өткізесіңдер.

Сабағымыздың эпиграфына назар аударайық. Ана туралы ағылшын ғалымы Уильям Росс былай деген екен:

Сабақтың эпиграфы

Ана – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді билейді.

                                          Уильям Росс

Рука, качающая колыбель, правит миром.

                                           Уильям Росс

Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өмірге  кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Мен білетін әйел заты,  сенің жүрегің нәзік, сенің балаға деген махаббатың тіл жеткізсіз биік, сенің махаббатың өлімнен де күшті.

Ендеше, Ғабит Мүсіреповтың «Өлімді жеңген ана» әңгімесінің ІІ бөлімі бойынша 8 «в» сынып оқушылары дайындаған келесі көрініске назар аударыңыздар.

(рөлдік ойын).

Көрініс бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Патша шатырының алдында не болды?

Темірдің құлағына не естілді?

Темір не деп бұйырды?

Келген адам кім екен?

Әйел Темірге не деді?

Әйел қай жерден келген еді?

Оның келген себебі не?

Осы бөліктен әйел-ананы сипаттайтын жерді табыңдар.

Келесі кезекте мәтін бойынша жұмысты жалғастырамыз. Алдарыңдағы жұмыс парағындағы келесі тапсырмаларды орындаймыз.

Жұмыс парағындағы  бірінші тапсырмадан 1) эпитеттерді; 2) теңеулерді тауып, астын сызыңдар.

1. Қара шаштары тарқатылып, жалаңаш көкірегін жабуға кеудесіне түскен, беті шойындай қап-қара. Бірақ жасымаған көзі от шашып, әмір етіп тұрғандай. Қап-қара қолдарын Темірге созғанда бір қалтырамады.  Келесі жұмысыты орындаймыз.

2. Мына бөліктен антитезаны табыңдар. Астын сызыңдар.(өзім оқимын)

-Тыңда! – деді әйел. – сен не істесең де адам ғанасың. Ал мен – анамын! Сен өлімге қызмет етесің, мен өмірге қызмет етемін. Сен өлім шашасың, мен өмір шашамын. Мен дүниеге адам әкелем, білдің бе? Сондықтан мен сені адамға санамаймын да.

Мәтінмен жұмысты жалғастырамыз.

1. Ақсақ Темір әйелге қандай сұрақтар қойды? Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді оқып шығыңдар.

2. Темірдің сұрақтарына әйел  не деп жауап берді?Мәтіннен тауып, оқыңдар.

Суретпен жұмыс. Мына суреттерге мұқият қараңдар. Суреттен не көріп тұрсыңдар? Осы суреттерге сәйкес үзіндіні мәтіннен табыңдар.

Жұмыс парағы. №3. Үзіндіден теңеулерді табыңдар.

Аю, қабылан, арыстан, басын жерге салбыратқан тағы өгіздер көп ұшырады. Көзі сенің көзіңе ұқсап оттай ойнап, өлім шашып тұрған барыс та  екі рет  маған қарап тұрды. Бірақ әрбір аңның жүрегі бар емес пе? Олармен осы сенімен сөйлескендей сөйлесіп жүрдім. Қанішер аңдарды, қан ішкіш патша, сенімен салыстырғаныма ашуланба! Олар да менің ана екенімді біліп, иланды: ауыр күрсініп, мені аяп, жөндеріне жүре берді. Аңның да баласын сүйетінін сен білмейтін бе едің? – дейді әйел Темірге төніп.

Осы бөліктегі асты  сызылған сөздерге назар аударыңдаршы. Қанішер және қанішкіш сөздері мағынасы жағынан қандай сөздер? (синонимдер) Ендеше , жазушы бұл жерде әдеби әдістің бір түрі – синонимияны қолданған.

Синонимия (грекше –sunonumos-заттас)  – көркем шығармадағы мағынасы бір- біріне жуық, мәні ұқсас сөздерді қолдану.

Мәтінмен жұмысты жалғастырамыз.

Әйелді тыңдап болған Темір қандай қорытындыға келді? Мәтіннен тауып, оқып беріңдер.

-          Солай , әйел! – дейді Ақсақ Темір басын изеп. Аңдар адамнан гөрі де өз баласын артық сүйеді. Ең қатты жауыздық адам баласынан шығады деген қорытындыға мен де келдім..- дейді.

Жұмыс парағы. №4. Көп нүктенің орнына керекті ұлы адамдардың есімін қойыңдар.

Бас иейік те, құрметтейік те ұлы адамдарды тапқан ананы! .............. де, ................... де ана тапты.  ................мен соқыр ............ де ананың баласы. Бәрін де дүниеге жетектеп әкелген ана. Ананың ұлы орны қашан да өзінікі!

2.      Талай мемлекетті жаншыған қаһарлы Темір жалғыз анадан қалайша жеңілді? Темірдің өз жеңілісін мойындайтын бөлікті тауып, оқып беріңдер.

-          Мен тәңір құлы Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам! Міне, менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге дейін өзім білмеген сезімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел менімен тең адамша сөйлесіп отыр,  өтінбейді – бұйырады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл өмірдің иесі, бұл – ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой. Кім біледі, мүмкін , ол ұшқыннан әлденеше ғасырға кететін жалын туар. Мүмкін жерді жылытып, бақыт себетін адам болар...

Жұмыс парағы.№5.  Осы үзіндідегі негізгі ойдытауып, астын сызыңдар.(1-2 сөйлем)

Мен тәңір құлы Темірмін., тиісті сөзді ған айтамын. Міне, менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге дейін өзім білмеген сезімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел менімен тең адамша сөйлеміп отыр, өтінбейді – бұйырады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын бұл өмірдің иесі, бұл – ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой. Кім біледі, мүмкін ол ұшқыннан әлденеше ғасырға кететін жалын туар. Мүмкін , жерді жылытып, бақыт себетін адам болар.... Мен жерге өлім егіп, қанмен жақсы суардым. Жер қазір майы сорғалап тұр, қырытыстанды. Енді семіз жерге сор екпей, бақыт егетін керек шығар.

Ақсақ Темір қандай бұйрық берді?



Жұмыс парағы. №6. Мына бөліктен метафораны табыңдар.

Әйел бетіне түскен қара шашын ейін сілкіп тастады да:

-          Солай! Осыны істе! –деді азырақ езу тартып



Сол кезде, әлгі айбатынан ай жасырынған қаһарлы шал – Ақсақ Темір орнынан тұрып, әйелге бас иді.

Әңгіме қалай аяқталады?

-          Өткен сабақтарда біз әңгімедегі Ақсақ Темірдің сипатын жазып келгенбіз. Қазір,  әңгімедегі әйел-ананың құдірет-күшін сипаттайтын жолдарды тауып, кестені толтырыңдар.

Ақсақ Темір

Ана

Азияның ақсақ барысы, жер бетін қанға бояған, елу жыл жалғанды жалпағынан басқан, талай қаланы молаға, талай мемлекетті жойған, жеңілген елдің сүйегінен минарет, сарайлар салғызған, отыз жыл бойы езу тартпаған, данышпан, әйелден жеңілген, ана алдында басын иген әмірші.

 

Жазған жұмыстарын оқу.

Сабағымыздың эпиграфын еске түсірейікші:

Ана – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді билейді.

Уильям Росс

Рука, качающая колыбель, правит миром.

Уильям Росс.

Ендеше, Уильям Росстың пікірімен келісесіңдер ме? Өз ойларыңды дәлеледеңдер.

Мына суретте Япониядағы жер сілікінісі кезінде болған оқиға суреттеледі. Жас ана өзінің 3 айлық баласын қираған үй астында, топырақтың астында өз басын өлімге тігіп, баласын аман-есен құтқарып қалады.Құтқарушылар әйелдің ұялы телефонынан «Егер аман қалсаң, есіңғде болсын, мен сені шексіз сүйемін» деген хатты оқиды.  Яғни, қазіргі  кезде  де сол Ақсақ Темірдің кезіндегідей аналар өз ұрпағы үшін басын өлімге тігіп, аналық махаббаттың ерен күшін дәлелдейді.

Қорытынды:

Ана – дүниедегі ұлы күш, әрбір ана өз баласы үшін басын өлімге тігуге барады. Сондықтан, бүкіл әлемде ананың балаға деген махаббатынан күшті махаббат жоқ. Төрт дүниені түгел билеген Ақсақ Темір де анадан туылғандықтан, оның махаббаты мен күшіне басын иді.

Сабағымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:

О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың, жасыңдағы, кәрің де.

Болса егерде бұл өмірде құдірет,

Табынар ем ана деген тәңірге.

Үйге тапсырма:

Мәтінге жоспар құрастырып, сол жоспар бойынша мазмұндау.(өзге ұлт өкілдерінің балалары үшін).

1-      деңгей. Қазақ балалары үшін: «Ана – дүниедегі жалғыз күш» тақырыбында шағын эссе жазып келу.

Бағалау


 
Каталог: uploads -> doc -> 0380
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0380 -> Білім беру саласы:Қатынас. Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
0380 -> Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты
0380 -> Сабақтың тақырыбы: Астанамен көрікті қала. 6 «Б»сынып. Қазақ тілі. 12. 2016ж. Жалпы мақсаты
0380 -> Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар Сабақтың мақсаты: Білімділік
0380 -> Сабақтың тақырыбы: "Аралас сандарды қосу"
0380 -> Сабақ Пәні: музыка Мерзімі: 17. 04. 2015ж Сыныбы: 5ә Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» Мақсаты: Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет